Аудан жайында

Ауданның құрметті азаматтары

1996 жылдан 2015 жылдар арасында «Жарма ауданының Құрметті азаматы» атағына 56 адам ұсынылып, аудандық мәслихат шешімімен бекітілді.  

№ п/п Фотография ФИО Мәслихат сессиясы шешімінің
№ мен қабылданған күні

1 Дәулет Болатұлы Тұрлыханов
18.11.1963 жылы Жарма ауданы Георгиевка ауылында туған.
15 рет ірі халықаралық турнирлердің бас бәйгесін жеңіп алды. Грек-рим күресінінің Кеңес одағының жеті дүркін чемпионы. КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы және күміс жүлдегері, Еуропа және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы,  Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы (1986,1990,) Әлем чемпионы (1989), Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері (1992,1994). Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері,  
Барселона олимпиадасының қола жүлдегері. Қазақстан және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.  
1996 жыл
2 Төлеуберді Оразғалиұлы Әубәкіров
30.05.1938 жылы Жарма ауданы Воронцовка ауылында туған.
Зейнеткер.
Жарма ауданының «Михайловка» кеңшарының директоры, Таскескен аудандық партия комитетінің хатшысы,  1992-1997 жылдар арасында аудан әкімі қызметін атқарды. Ауданымыздың ауылшаруашылық саласын дамытуға үлкен үлес қосқан. Әкімдік қызметі кезінде өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық саласын өркендетуге күш салған. Зейнеткерлікке шыққан соң «Мир-Дәулет»  шаруа қожалығын құрып, басшылық жасады.
№17
24.07.1998 ж.
3 Бари Кәрімұлы Алибасов
06.06.1947 жылы Жарма ауданы Шар қаласында туған.
Ресейлік «На-На» тобының продюссер-ұйымдастырушысы. Бари Алибасов Шар қаласындағы Карелин атындағы орта мектепті бітірген.
1995 жылы өнерді дамытқаны үшін Ресей Президентінің «Бүркіт» орденімен марапатталған.
Шар қаласы тұрғындары үшін тегін ресейлік артистердің концертін ұйымдастырған. 1998 жылы Карелин мектебіне музыкалық аппаратура сыйға тартқан.
№17
24.07.1998 ж.
4 Төлеуғазы Бүркітов
02.05.1939 жылы Жарма ауданы Белтерек ауылында туған.
Жаңғызтөбе кентінде жұмысшы болып еңбек жолын бастап, «Белтерек» кеңшарының  бас инженері, директоры, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық кеңестің төрағасы болып жұмыс істеген.  1997 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін «Ертіс» балық қорын қорғау инспекциясын басқарды. «Құрмет белгісі» орденінің, бірнеше медальдің иегері.
№20
27.05.1999 ж.
5 Николай Шериязданұлы Ахметов
1948 жылы Жарма ауданы Николаевка ауылында туған.
Полиция полковнигі, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. 20 жыл Жарма аудандық Ішкі істер бөлімін басқарып, зейнеткерлікке шыққан. Бірнеше рет Жарма аудандық кеңесіне депутат болып сайланған.
№20
27.05.1999 ж.
6 Қадес Қабдоллаұлы Жақсыбаев
03.02.1930 жылы Жарма ауданы Георгиевка ауылында туған.
Мұғалім ретінде  еңбек жолын бастап, аудандық партия комитетінің саяси оқу бөлімінің меңгерушісі, ұзақ жылдар аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Аудандық мәслихаттың 1,2 шақырылымының депутаты.
№2
21.01.2000 ж.
7 Кәкітай Әубәкірұлы Мұрымбаев
1940 жылы Шар қаласында туған.
Теміржол саласында ұзақ жылдар әр лауазымда еңбек еткен.  Шар стансасының локомотив депосының бастығы қызметін атқарған. Шар аудандық мәслихатының, екі аудан қосылған кезде, Жарма ауданы мәслихатының хатшысы болды. Ауданға сіңірген ерен еңбегі үшін бірнеше дүркін Республика, Облыстың Құрмет грамотасымен және мерекелік медальдармен марапатталған.
№5,
20.10.2000 ж.
8 Аманкелді Аймұхаметұлы Мұсылманқұлов
1941 жылы Жарма ауданы Қапан Бұлақ ауылында туған.
Жарма кеңшарын 18 жыл басқарды, аудан әкімінің бірінші орынбасары, аудандық маслихаттың хатшысы қызметін атқарды. Орден және медальдармен марапатталған. Еркін күрестен КСРО спорт шебері атағын алғаш алған жерлесіміз. 1962 жылы ауыл спортшылары арасында өткен КСРО біріншілігінің қола жүлдегері.  
№9
06.04.2001 ж.
9 Нұрбек Әлиясұлы Әлиясов
1931 жылы Жарма ауданы Белтерек ауылында туған
Ауылшаруашылық, статистика, кеңес, партия органдарында 43 жылдан аса еңбек етті. Республикалық НТО, НЭО басқарма мүшелігіне сайланған.
№11
29.05.2001 ж.
10 Қалел Рахымбеков
1928 жылы Жарма ауданы Бөке ауылында туған.
1941-1947 жылдары Бөке кенішінде жұмысшы, 1947 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін, Шар локомотив депосында еңбек етті. Паровоз кочегарлығынан 1-класты тепловоз машинисі дәрежесіне дейін өсті. Үш мәрте облыстық депутат болды. «Құрметті теміржолшысы» атағын алды. Аудандық және қалалық депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланды.
№15
04.12.2001 ж.
11 Зағипа Ағайсенова
08.03.1928 жылы Жарма ауданы Георгиевка ауылында туған.
«Расцвет» ұжымшарында озат сауыншы болып еңбекеткен. Селолық, аудандық кеңестің депутаттығына бірнеше рет сайланған. Қазақстан Советтік Социалисткк Республикасының Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.
№15
04.12.2001 ж.
12 Тұрсынбек Серкешов
30.03.1917 жылы Жаңасемей ауданында туған.
ҰОС қатысушы. Еңбек жолын жұмысшы болып бастаған, Үржар, Шұбартау, Шар, Көкпекті аудандарында облыстық органдарының басшысы қызметін атқарған. Бірнеше рет аудандық, облыстық Кеңестерінің депутаттығына сайланған. 1965-1971 жылдар арасында Жарма аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. КазССР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.
№20
02.04.2002 ж
13 Тұрсынхан Әбдірахманова
05.11.1921 жылы Жарма ауданы Бөке ауылында туған.
Ақын, ұстаз, ғалым Қазақстанның Халық жазушысы /1984/, Шоқан Уәлиханов  атындағы және Қазақстан Ғылым Академиясының лауреаты /1985/. 1969-86 жылдары М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері. «Ақын сыры», «Қасым Аманжоловтың поэтикасы» және т.б. монографияларының авторы. 1992 жылы 2-томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Еңбектері алыс және жақын шет елдер тілдеріне аударылған филология ғылымдарының докторы. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
№22
12.06.2002 ж.
14 Қайыртай Шәріпханұлы Керейбаев
1942 жылы Шар ауданы Суырлы стансасында туған.
Өмір бойы білім саласында қызмет атқарып, ұзақ жылдар  Көшек орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
Тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР оқу ісінің үздігі. Ауданның тарихы жазылған «Қазыналы Қалба» атты монографияның авторы. Баспасөзде 60-тан астам ғылыми, ғылыми-педагогикалық мақалалары жарық көрді. 6-томдық Қазақ энциклопедиясы авторларының бірі.
№23
11.09.2002 ж.
15 Қабдысіләм Тортай
22.02.1928 жылы Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылында туған.
Еңбек жолын мектептің аға пионер қызметінен бастады. Тарбағатай ауданында мұғалім, комсомол комитетінің бірінші хатшысы, мектеп директоры, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. Аудандық кеңесінің депутаты, КСРО Орталық Комсомол комитетінің мүшесі болды.
№27
14.02.2003 ж.
16 Мағжан Қажыгелдіұлы Орынбаев
25.09.1925 жылы Жарма ауданында Иебай Қарағаны деген жерде туған. ҰОС қатысушы.
ҰОС басталғанға дейін, ал майданнан оралғаннан кейін ұстаздық қызмет атқарған. Семей облыстық партия комитетінде хатшы, облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оқу ағарту ісінің үздігі.
№4-13
05.12.2003 ж.
17 Анатолий Рудольфович Визе
1933 жылы Бородулиха ауданы Орловка ауылында туған.
Зейнеткер
Жарма (Шар) ауданының ауыл шаруашылық саласында қызмет етіп, ауданның малын асылдандыру жұмыстарын іске асырды.
№4-5
05.12.2003 ж.
18 Нұрбек Мұхаметжанұлы Қонысбаев
18.03.1930 жылы Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылында туған.
Республикалық мәндегі дербес зейнеткер.
Білім беру саласында, Жарма аудандық партия комитетінің 2 хатшысы, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде жұмыс атқарып, ауданның идеологиясын көтеруге өзіндік үлесін қосқан. Аудандық мұражай директоры ретінде экспонаттармен толықтырылуына үлес қосқан.
№4-6
05.12.2003 ж.
19 Күнсіләм Мұсажанов
1930 жылы Абай ауданында туған.
ҰОС қатысушы. Ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі. Ақсуат ауданы атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып, 1960 жылы «Скотовод» кеңшары директоры қызметіне ауыстырылды. Еселі еңбегінің нәтижесінде кеңшар «Скотовод» асыл тұқымды мал зауыты статусын алды. Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған. Ауданда алғаш рет халық аспаптар оркестрін құруға ықпал етті. Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.
№4-7
05.12.2003 ж.
20 Төлеуғазы Оспанұлы Раев
11.11.1937 жылы Үржар ауданы Аксаковка ауылында туған.
Зейнеткер.
Жарма аудандық комсомол комитетінің біріншісі хатшысы, бақылау комитетінің төрағасы, атқару кеңесінің төрағасы, облыстық экология және биресурстар басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Облыстық, аудандық кеңестерінің депутаттары болып сайланған.
№4-8
05.12.2003 ж.
21 Меңдіғали Абзалұлы Закиров
26.03.1934 жылы Жарма ауданы Даубай ауылында туған.
Зейнеткер.
Көкпекті, Үржар, Жарма аудандарында ауыл шаруашылық саласын дамытуға үлкен үлес қосқан. Совхоз директоры, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарған. «Еңбек қызыл Ту» орденімен және екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен,бес медальдармен, Қазақ ССР Жоғары кеңестің құрмет грамотасымен мараптталған. Қазақстан компартиясының ХV-ХV1-съездерінің делегаты.
№4-9
05.12.2003 ж.
22 Зиябек Құнапияұлы Байнұрқашев
25.07.1938 жылы Жарма ауданы Мариновка ауылында туған.
Зейнеткер.
Мемлекетіміздің ішкі істер органдарында қиын да жауапты қызметтерді атқара жүріп, көптеген шәкірттерді тәрбиеледі. Ұзақ жылдар Жаңғызтөбе кентінің учаскелік милиция инспекторы қызметін атқарған.
№4-10
05.12.2003 ж.
23 Нұралла Өзбекұлы Өзбеков
05.12.1923 жылы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылында туған. Мектеп директоры, аудандық газеті редакторының орынбасары, Жарма аудандық  партия комитетінің үгіт-насихат, ұйымдастыру бөлімдерінің  меңгерушісі, партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Жарма аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, 20 жыл бойы аудандық кеңестің депутаты болып сайланған. Құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін көп жылдар «Қазақ тілі»   қоғамының аудандық ұйымының төрағасы болды. Өңіріміздің білім беру, мәдениет саласын көтеруге, елеулі көрсеткіштерге жетуге үлкен үлес қосқаны үшін «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, ҚР Президентінің Грамотасымен марапатталған.
№4-11
05.12.2003 ж.
24 Тілеуберді Рахметов
03.11.1928 жылы Жарма ауданы Қарабұлақ ауылында туған.
Ұлан, Жарма аудандарында ауруханаларының бас дәрігерінің орынбасары, Ақжал руднигіндегі, Шар қаласындағы туберкулезге қарсы емдеу диспансерінің бас дәрігері қызметтерін атқарған.
№4-12
05.12.2003 ж.
25 Совет Жармұхаметов
07.11. 1934 жылы Жарма ауданының Мырзағұл ауылдық кеңесіне қарасты Еңбекші деген жерде туған.
Жарма ауданындағы «Скотовод», «Жарма» кеңшарында, «Рассвет» зоотехник болып бастаған. Жарма аудандық ауылшаруашылық басқармасында эконмика және жоспарлау бөлімінің бастығы, Георгиевка ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. «Құрмет белгісі» орденінің, бірнеше медальдардың иегері.
№12-2
23.09.2004 ж.
26 Сәбит Аймұқанұлы Досанов
12.01.1940 жылы Қостанай облысыАманкелді ауданы Байғабыл ауылында туған.
Жазушы, драматург, сыншы.
Қазақ теледидарында редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар Одағы Әдебиетшілер үйінің директоры, «Қайнар» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. « Жиырмасыншы ғасыр», «Аптаның екінші күні», «Қылбұрау», «Ақ аруана», «Тау жолы» романдары жарық көрген.
№13-5
15.10.2004 ж.
27 Аманжол Төлеубекұлы Даутов
11.05.1955 жылы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылында туған.
1993 жылдан Жарма ауданында мәдениет бөлімін басқарып келеді. Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» медалінің, ҚР «Құрмет» орденінің,ҚР «Үздік мәдениет менеджері» арнайы сыйлығының, облыс әкімімен тұңғыш тағайындаған «Озат» сыйлығының иегері.
Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь елдерінің үздік адамдары енгізілген Халықаралық дәрежедегі энциклопедия кітабына аты алтын әріппен жазылған.
№19-1
12.05.2005 ж.
28 Қали Құжиманұлы Иманбаев
1937 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы, Жаңажал ауылында туған.
Жарма ауданы (Шар) Киров кеңшарында директор орынбасары қызметін атқарған.
Қазақша күрестен, шаңғы тебуден спорт шеберлігіне кандидат, волейболдан І разрядты спортшы.
Ардагерлер арасындағы әлемдік жарыстарға қатысып (Өзбекстан, Беларусь, Латвия, Чехия, Грекия мемлекеттерінде) жүлделі орындар иеленген. Шар қаласының ақсақалдар алқасының төрағасы, аудандық мәслихаттың 3 шақырылым депутаты болды.
№25-2
14.11.2005 ж.
29 Уәлхан Қажыбайұлы Қабижев
15.04.1940 жылы Жарма ауданының Бөлектас ауылында туған. Зейнеткер.
«Аршалы» ЖШС басшысы.
Ауданның ауылшаруашылық саласын дамытуға үлкен үлес қосқан. «»Криуши» кеңшарының бас инженері, директоры, ауданның халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1996 жыл «Аршалы» жауапкешілігі шектеулі серіктестігін құрып, басқарып келеді.
№26-8
14.12.2005 ж.
30 Тоқтарбек Фазылұлы Нұралин
01.07.1946 жылы Семей облысы, Аягөз ауданының Тарлаулы ауылында туған.
Аягөз ауданының «Қазақстан» кеңшары бөлімшесінің агрономы, бас агрономы, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. Жарма аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы, агроөнеркәсіп бірлестігінің төрағасы, аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
№32-8
14.07.2006 ж.
31 Айтқазы Уалханұлы Мұсағитов
20.10.1936 жылы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылында туған.
Зейнеткер.
Еңбек жолын тракторшы болып бастаған. Асыл тұқымды қой зауытының бригадирі болып жұмыс істеді. Өз шаруа қожалығын құрып, жетекшілік етті. ҚР Жоғары Кеңесінің алғашқы шақырылым депутаты. Үшбиік ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы.
№32-7
14.07.2006 ж.
32 Орал Ғаббасұлы Смағұлов
25.08.1932 жылы Абай ауданы Қарауыл ауылында туған.
Зейнеткер.
Бесқарағай ауданында орманшы болып еңбек жолын бастаған. Шар қаласының мемлекеттік орман қорығының директоры қызметін 30 жылдан артық басқарып келді. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ұлы жеңіске 50 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ұлы жеңіске 60 жыл» медальдарымен марапатталған.
№40-6
23.07.2007 ж.
33 Мұрат Жамантайұлы Әбенов
19.10.1939  жылы Жарма ауданы Николаевка ауылында туған.
Зейнеткер.
Ұзақ жылдар білім саласында қызмет атқарған. «Октябрь» орта мектебінің директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, Георгиевка ауылдық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі.
№17/7-ІV 28.12.2009 ж.
34 Сіләмхан Жапарханов
25.08.1927 жылы Жарма ауданы Қараш ауылында туған.
Зейнеткер.
Геология-минерорлогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей ақпарат Академиясының толық мүшесі, Халықаралық информатика Академиясының акдемигі атақтарының иегері. Инженерлік, ғылыми-педагогикалық қызмет жылдрында 19 монография, 11 карта, 150 ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген.
№17/7-ІV, 28.12.2009 ж.
35 Әлмұхамбет Өкрешұлы Сәтпеков
16.12.1939 жылы Самар ауылында туған.
Зейнеткер.
1963 жылдан бастап Жарма ауданында «Молшылық үшін» газетінің редакторы, аудандық атқару комитеті төрағасының, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан. Ауданның 80-жылдығына шығарылған мерекелік «Құт дарып, бақ қонған ел» кітабының авторы.
№17/7-ІV 28.12.2009 ж.
36 Қараменде Әкімжанов
1925 жылы Абай ауданы Қасқабұлақ ауылында туған.
ҰОС қатысушы, соғыстан кейінгі жылдары партия қызметінде болды. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан. Бірнеше медальдармен марапатталған.
№21/168-ІV 14.04.2010 ж.
37 Насыр Ахметвалиұлы Кенбаев
1921 жылы Семей Губерниясының Павлодар уезі, Айсары ауылында туған.  
ҰОС ардагері, 1939 жылдан 1947 жылға дейін Совет Армиясы қатарында қызмет атқарған. Соғыстан кейін ұзақ жылдар білім саласында, кейінгі жылдары ауданның ауыл шаруашылық саласында еңбек еткен.      «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдары неміс басқыншыларын талқандаудағы ерлыгы үшін», «Белоруссияны азат екені үшін», «Кеңес Одағының батыры Г.К.Жуков» медальдарымен,     «Қызыл Ту», І,ІІ дәрежелі  «Ұлы Отан соғысы» ордендерінің иегері
№21/168-ІV 14.04.2010 ж.
38 Гүлжазира Ахметқызы Ахметова
20.11.1930 жылы Жарма ауданы Георгиевка ауылында туған.
Қазақстандағы қыздар ішінде тұңғыш капелла дирижері, болған. Профессор. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, «Халықтар достығы» орденінің иегері, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
№33/257-ІV, 6.10.2011 ж.
39 Әлимұрат Құсманұлы Ақсақов
19.10.1943 жылы Жарма ауданы Балажал кентінде туған.
Зейнеткер.
Ұзақ жылдар комсомол, партия қызметтерінде болған. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы, кейінгі жылдары «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2000-2011 жылдар арасында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болды.
№33/257-ІV, 6.10.2011 ж.
40 Нұртөлеу Шайықұлы Бакиев
28.02.1938 жылы Жарма ауданы Ильинка ауылында туған.
Зейнеткер.
Жарма ауданы Георгиевка селолық кеңес төрағасының орынбасары қызметін атқарып, 1973 жылдан прокуратура саласында еңбек еткен. Қылмысты істі портативті машинкамен басып, фототаблицаларды пайдалануды тәжірибеге енгізді.
№33/257-ІV 6.10.2011 ж.
41 Владимир Иванович Галицкий
03.02.1931 жылы РФ Смоленск облысының Рословель ауылында туған.  Зейнеткер.
1948 жылы Шар қаласында локомотив депосының кочегары ретінде еңбек жолын бастаған.Паровоз, тепловоздың машинисі, локомотив бригадасының машинист-нұсқаушысы, инженер-технолог болып еңбек еткен.
1985 жылы Кеңес Одағының «Құрметті теміржолшысы» атағы берілген.
Шар қалалық ардагерлер хорының мүшесі. Үрмелі оркестрді басқарған.
№33/257-ІV, 6.10.2011 ж.
42 Берікқан Әмірханұлы Төлеутаев
15.01.1953 жылы Шар ауданы Карповка ауылында туған.
Шар ауданында қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының жетекшісінен бастап, Киров атындағы кеңшарының партия ұйымының хатшысы, кеңшар директоры қызметтерін атқарды Бірнеше рет ауылдық кеңес депутаты болып сайланған. Жарма аудандық мәслихатының 3,4 шақырылым депутаты. «Руслан» шаруа қожалығын ашып, басшылық жасап келеді.
№33/257-ІV, 6.10.2011 ж.
43 Дуғазы Серікқазыұлы Кәкиманов
17.09.1947 жылы Жарма ауданы Шар қаласында туған.
«Казпошта» АҚ Жарма филиалының бастығы.
Пошта саласында қызмет атқарған. Шар аудандық почта бөлімінің, 1997 жылдан 2013 жылға дейін Жарма аудандық почта бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Ауданымыздың байланыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқаны үшін ҚР «Үздік басшы – қоғамдық істің белсендісі» белгісімен марапатталып, «Құрметті байланысшы» атағы берілді.
№33/257-ІV, 6.10.2011 ж.
44 Түлебаев Райс Қажкенұлы
17.01.1941 жылы Семей облысы Шар стансасында туған.
Зейнеткер.
Семей медицина институтын бітірген, ғалым дәрігер, әйгілі отоларинголог-профпатолог, клиницист-педагог, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылыми Ұлттық Академиясының Академигі, Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген қайраткері, белгілі коғам кайраткері. 500-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы.
№33/257-ІV, 6.10.2011 ж.
45 Рымбаева Роза Қуанышевна
28.10.1958 жылы Жарма ауданы, Жаңғызтөбе стансасында туған.
Қазақстанның Халық әртісі, эстрада әншісі. Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Куба, Түркия мемлекеттерінде болған ән байқауында «Гран При», «Алтын микрофон» жүлдесін жеңіп алған. Москва қаласындағы жұлдыздар аллеясына аты жазылды. 1995 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер Академиясының оқытушысы.
№6/66-V, 21.11.2012 жыл
46 Квач Елена Иосифовна
1939 жылы Белорусияда туған.
Зейнеткер.
Белоруссиядан Қазақстанға тың жерлерді игеру кезеңінде келген. Жарма ауданы Мариновка /Былқылдақ/ ауылында Некрасов атындағы 8-жылдық мектептің бастауыш сынып мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып, 40 жылдан артық өскелең ұрпаққа  білім мен тәрбие берді. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі. Ауылдың қоғамдық жұмысына белсене араласып келеді.
№6/66-V, 21.11.2012 жыл
47 Бейсханов Жолдыбек
1925 жылы 1 шілдеде Кіші Қарасу ауылында туған. Зейнеткер.
ҰОС ардагері. Қарасу кеңшарының мал шаруашылығын дамытуға көп үлес қосқан. Қарасу ауылдық округі бойынша ақсақалдар кеңесінің төрағасы,  Қарасу ауылдық округінде қоғамдық іс-шараларға  белсенді қатысады.
 
№6/66-V, 21.11.2012 жыл
47 Жылқыбаев Сейсенғазы Сабырғазыұлы
1941 жылы 2 ақпанда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылында туған.
Зейнеткер. Жарма аудандық ардагерлер кеңесінің 10 жылға жуық  төрағасы болды.
Өмір бойы ауданның қоғмадық өміріне белсене қатысып келді.
№6/66-V, 21.11.2012 жыл
 
48 Сапарбаев Бердібек Машбекұлы
Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі, «Құрмет», «Парасат», ордендерінің, «Астана», «Казақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарының иегері.
2009 -2014 жылдар арасында Шығыс Қазақстан облысы әкімі болды.
№16/142-V, 08.11.2013ж
49  
Садығанова Ағайша
1936 жыл 15 наурызында Семей облысы, Шар қаласында туған. Зейнеткер.
Шар аудандық тұтынушылар кооперативінде бас есепші, аудан аралық сауда базасының директорының қызметін 40 жыл  атқарып,  зейнеткерлікке шықты.            Бір салада ұзақ және үздік еңбек істеген үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен,  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.    
№ 18/157-V, 26.12.2013ж
50 Садықов Дәлелхан Шаханұлы
1948 жылы 10 маусымда ҚХР Дүрділжің ауданында  туған.
Еңбек жолын «Шалабай» мал зауытында экономист болып бастаған. 1975-1992 жылдары Шар, Таскескен ауданының атқарушы комитетінде бөлім меңгерушісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы  қызметтерін атқарған. 1992-2006 жылдары Жарма ауданы әкімішілігі басшысының орынбасары, аудан әкімі аппаратының ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы, аппарат жетекшісі қзметінде болды. 2006-2012 жылдары 3,4 шақырылым депутаты, аудандық мәслихат хатшысы болды.
№ 18/157-V, 26.12.2013ж
51 Байтұқбаев Жақсылық Ысқақұлы
1952 жылы 13 тамызда туған. Батыс Қазақстан облысының прокуроры.
1977-1981 жылдары Шар ауданында тергеуші, прокурор көмекшісі, 1992-2005 жылдары Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының прокуроры қызметін атқарған.
«Құрмет», «Даңқ» ордендерінің иегері. «Қазақстан Республикасының  құрметті прокуроры»  лауазымына ие.
№23/203-V
28.10.2014ж.
52 Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы
1957 жылы 15 шілдеде туған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
1979 жылдан Жарма ауданының Ленин атындағы ұжымшарда еңбек жолын бастап, 1988-2001 жылдарда «Қалбатау» асыл тұқымды мал зауытының директоры қызметін атқарды. 2001-2009 жылдар арасында Жарма ауданының, 2009-2015 жылдар арасында Көкпекті ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
№23/203-V
28.10.2014ж.
53 Мұхамадиев Жеңіс Сәрсенбайұлы
1942 жылы 4 сәуірде туған. Зейнеткер.
1967 – 1990 жылдар арасында «Октябрь» кеңшарында зоотехник, ферма меңгерушісі, кеңшар директоры, партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарған. 1991-1996 жылдар арасында аудандық атқару комитеті хатшысының орынбасары, аудан әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, ауыл шаруашылық басқармасының басшысы, әРасцвет» ұжымшарының басшысы қызметтерін атқарды. 1996 жылдан «Мерей» ШҚ басшысы болды.
№23/203-V
28.10.2014ж.
54 Азаматов Адай Зейнолдаұлы
1955 жылдың 02 қаңтарында Семей облысы Жарма ауданының Николаевка ауылында дүниеге келген.
Семей қалалық филармониясының директоры .
1972-1985 жылдар арасында әр түрлі салада еңбек еткен.  1985 жылдың маусым айынан - Абай атындағы Мемлекеттік облыстық қазақ музыкалық драма театры директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарды.
№25/223-V
06.02.2015ж.
55 Есполов Нұрлыбек Оспанбекұлы
1951 жылдың 30 сәуірінде туған.
Жарма ауданы мәслихатының хатшысы.
1972-2009 жылдар арасында Жарма ауданының Абай атындағы орта мектебінде дене шынықтыру, алғашқы даярлық пәнінің мұғалімі, аудандық білім бөлімінде инспектор, Үшбиік, Ақжал орта мектебінде директор қызметтерін атқарған. 2009-2011 жылдары Ақжал ауылдық округінің әкімі, білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
№28/243-V
10 маусым 2015 жыл
56 Тоқтаров Амангелді Жәмелұлы
1955 жылдың 24 мамырында туған. Шемонаиха ауданының әкімі.
1981-1994 жылдар арасында Жарма ауданыда «Казсельхозтехника» базасының инженері, Михайловка кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. 1994-2001 жылдары Алматы қаласындағы, Павлодар қаласындағы ірі кәсіпорындардың бас директоры.
№28/243-V
10 маусым 2015 жыл

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016