Мәдениет

Жарма аудандық тарихи - өлкетану мұражайы

Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 1987 жылы ашылды. 1997 жылға дейін Семей облыстық мұражайының бөлімшесі ретінде болды. 1997 жылдан бастап аудандық мәдениет бөлімінің қарамағында. Мұражайда тарихи-этнографиялық материалдар, фотосурет материалдары, дипломдар, Жарма ауданы мәдениет пен спорттың мемлекеттік, қоғамдық қызметкерлерінің мақтау қағаздары, 13 бөлімде орналасқан ұлттық жәдігерлер. Жәдігерлер мен материалдар саны 1300-ден астам атаулардан тұрады.

Аудандық мұражайдың тарихи-этнографиялық жәдігерлері бар киіз үй мұражайы қатарынан үш жыл Гран-приге ие болған ұлттық және халық дәстүрінің облыстық смотр сайысына қатысты.

Жарма ауданында мемлекеттік қарауға алынған 89 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 7 – тарихи, 28 – мәдени, 54 – археологиялық ескерткіштер болып табылады.

 Мұражай мүдірі: Қоныспаев Нұрбек Мұхамеджанұлы }
 Мекен - жайы:ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы, Әлімбетов көшесі, 53
 Байланыс телефондары:8 (723 47) 65-730, 65-731

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016