Мәдениет

Аудандық мұражай
Ауданның құрметті азаматтары
Ауданның мәдени мекемелері
Аудан кітапханалары

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша  2018 жылдың 2 тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

Информация о проведенных мероприятий за 2 квартал 2018 г Жарминского районного отдела культуры и развития языков.2018 жылдың 13 сәуірі күні сағат 15-00де Шар қалалық мәдениет үйінде «Күлкі әлеміне саяхат» атты сазды көңілді тапқыштар клубының ойыны өткізілді.
Осы сазды кеште Шар қаласының мекемелерінен 5 команда қатысты: Олар Жарма технологиялық колледжі «Жайфон», Балауса бала бақшасынан «Балауса KZ», Абай атындағы мектеп балабақша кешенінен «AваI KZ», Шар қалалық ауруханасынан «МеdicaI», П.Карелин атындағы орта мектебінен «Шик» қатысты.
Ереже бойынша:  1. Сәлемдесу-таныстыру
2. «Отбасының күйі»жайлы үзінді
3. Жорға /сұрақ-жауап/
4. Музыкалық бөлім
Барлық қатысқан командалар өз ойларын ортаға салып ат салысты, әрбір командалардың дайындап әкелген сұрақтары мен жауаптары мазмұнды болды.
Жиналған көрермен қауымға Мәдениет үйінің әншілерінің орындауында:
«Ассаламағалейкум», «Менің толқыным», «Түсімдегі қыз» атты әндері шырқалды.
Қазылар алқасының шешімімен:
Бас жүлде-«МеdiсаI» командасы Ауыспалы кубокқа ие болды
1-орын – «АbаI KZ»
2-орын- « Шик»командасы
3-орындар –«» Жайфон және «Балауса KZ»командалары ие болды.

«Достық біздің тірегіміз»

Информация о проведенных мероприятий за 2 квартал 2018 г Жарминского районного отдела культуры и развития языков.1 мамыр күні Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Бұл мейрам еліміздің барлық өңірлерінде дерлік аталып өтіледі.
1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін 28- сәуір күні мектеп акт залында «Достық біздің тірегіміз» атпен мерекелік кеш аталып өтілді. Ауыл әкімі Есембаева Жанар Сакеновнана ауыл тұрғындарын 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күнімен құттықтап, «Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, ауылдастар! - деп айтып кетті. Меркелік кеште ән айтылып, би биленіп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді. Кешке ауыл тұрғындары мен оқушылар, мекеме қызметкерлері қатысты.
Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130 дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын жыл сайын Шалабай халқы тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ауыл тұрғындары үшін бұл мейрамның орны ерекше.

2018 жылдың 1 мамыр күні Аудандық Мәдениет үйінде «Би әлемі» байқауы өткізілді. Байқауға ауданымыздағы 19 округ пен мектеп ұжымдарынан өнерпаздар қатысты. 5-11 жас аралығында 1 орынды Абай мектеп гимназиясынан «Ламбада» биі, «Орыс биі» Карелин мектебі, 12-16 жас аралығында өнерпаздардан «Азербайжан биі» Қаратөбе ауылдық округінен келген бишілер 2 орынды және Қызылағаш ауылдық округінен келген өнерпаздар, «Үнді биі» Абай атындағы мектеп-гимназиясы, Георгиевка орта мектебінен «Шара -Данс» би тобы иеленді. Ал 3 орынды 5-11 жас аралығы бойынша Божығұр ауылдық округінен келген «Өзбек биі», Шар қаласы Абай атындағы мектептен келген «Армян биі», Қапанбұлақ ауылынан келген «Өзбек» биі, 17-22 жас аралығы бойынша «Орыс биі» Қалбатау ауылы, Абай мектеп- гимназиясынан келген бишілер иеленді. Ерекше өнер көрсеткендерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілсе, белсене қатысқандарға грамоталар берілді.

27 сәуір күні Жарма аудандық Мәдениет үйінің кіші залында  сағат 11.00 де ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Жарма аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби-рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында облыстық көшпелі семинар-тренгинг өткізілді.

Семинарға Кокпекті, Зайсан, Тарбағатай, Аягөз аудандары қатысты.
Семинар –тренинг барысында қазақ тілі әліпбиін кириллициадан латын графикасына көшіру туралы мәселе талқыланып, семинарға қатысушылар латын әліпбиінде жазып, оқып үйренудің қиындығы болмайтынына көздерін жеткізді.

Информация о проведенных мероприятий за 2 квартал 2018 г Жарминского районного отдела культуры и развития языков.Семинар-тренинг соңы сағат 14.00 де Жарма ауданына қарасты 19 әкімшілік-аумақтық округтардан келген жармалықтардың қатысуымен «Рухани жаңғыру: қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің артықшылықтары» атты жиналыспен ұласты. Жиналысқа арнайы шақырумен келген Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің фиолософия және саясаттану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Арафат Мәжитұлы Мамырбеков жүргізді. Көрермендер латын әліпбиіне көшуге байланысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

9 мамыр – Біздің тарихымыздағы ең мәнді күндердін бірі. Тап осы Ұлы Жеңіспен соғыстан өтіп, үстем болған адамдар біздің айрықша ілтипатымызға мұқтаж, біз солардын арқасында осындай бейбіт өмірде тұрып жатқанымызды ешқашанда ұмытпағанымыз жөн. 9- мамыр Жеңіс күні біздің еліміздің барлық халықтары үшін киелі. Бұл мейрам біз үшін қымбатқа түсті.
9-мамыр күні сағат 1000-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығын

атап өтілді. «Мәңгілік оттың шырақтары» атты ескерткіш алдына азагүл шоқтарын қоюдан басталды. Шалабай ауылдық округінің әкімі Ж.С.Есембаева, ақсақалдар кеңесінің төрайымы О.Сейтжагипарова , «Шалабай» ЖШС–нің бас директоры Қ. Сулейменов тыл еңбеккерлері мен жиналған қауымды мерекемен  құттықтады.

ҰОС-тың каһармандарының ескерткіштеріне азагүл шоқтары  қойылып, Шалабай ауылдық округінің Н.Крупская атындағы орта мектебінде мерекелік концертпен жалғасты. Концерттік бағдарламада соғыс жылдарындағы әндер мен билер биленіп, көрініс қойылды. Кіші орталық бүлдіршіндері тақпақтарын айтты. Ұлы Отан соғысының аяқталуына 73 жыл толуына байланысты мини футболдан, волейболдан және тыл ардагерлер арасынан шахматтан турнир өткізілді. Тыл ардагерлеріне тегін медициналық көмек жасалынды және Тимуршылар отряды ардагерлердің үйлерінің аула маңайын тазалады. Концерт соңында «Достар» кафесінде Ұлы Отан соғысына қатысқан және соғыста құрбан болған ата-бабаларымызға хатым құран оқылып, ас берілді.
Жеңіс күні–бұл біздер үшін жанын құрбан еткен батырларымызды құрметтеу күні. Біз мықты халықтың ұрпақтарымыз, олардың ұлы ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз.

Информация о проведенных мероприятий за 2 квартал 2018 г Жарминского районного отдела культуры и развития языков.2018 жылдың 5 мамыр күні Шар қалалық кітапханасында Қазақстанның бас қаласы-Астананың 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік түндігі -Астана» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына қала мекемелерінің қызметкерлері, мектеп ұстаздары, «Өнер мектебі», қалалық аурухана қызметкерлері, зейнеткерлер шақырылды.

Іс -шара барысында Ақсақалдар алқасының төрағасы Ирбаев С.Ж, Абай атындағы мектеп-балабақша кешені директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсембаева М.Е. және қала әкімі аппаратының бас маманы Хайруллинова М.С. аталған тақырып бойынша баяндама жасап, өз ойларымен бөлісті. Кітапхана тарапынан Астана тарихы туралы презентация дайындалып, бейнесюжеттер көрсетілді.   Қатысушылар да Астана туралы өз ойларын ортаға салды.
Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде киелі өңірдің тұмарына айналған өнерде өрісі кең, жармалық өнерпаздарға аудан әкімі Н. Б. Сыдықов аса құрмет көрсетіп, киелі сахнаның құдіретін бағындырған талант иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, топтан озған   6 жүйрікті «Жарма ауданына ерекше еңбек сіңіргені үшін» медалімен, елінің сүйіктісіне айналған 5 өнерпазды аудан әкімінің грамотасымен және өнердің қиын да, қызықты баспалдақтарынан сүрінбей өткен 11қызметкерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Сондай-ақ, оркестрдің 21жас музыкантына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Даутовтың алғыс хатымен, ақшалай сыйлығы табыс етілді.
Салмағы ауыр, саласы мың қырлы болып келетін өнер адамдары ұлықталған игілікті шара Елбасының «Өнерін сүйген, өнерпазын мәпелеген елдің қашанда мәртебесі жоғары» деген қанатты сөзімен атауын тауып, төл мерекелеріне орай қашанда рухани азық арқалаған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұжымы бұл жолы көрермен ретінде мерекелерін қарсы алды.

«Ұмытылмас ерлік» Төлеуғали Әбдібековке арналған деректі фильм туралы пікір алмасу

Шар қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен кітапханада әр салада қызмет істейтін адамдармен «Ұмытылмас ерлік» атты пікір алмасу өткізілді. Шара барысында соғыс жылдарында ең сұрмергені 397 жауды жайратқан, 8-гвардиялық ат­қыштар дивизиясының 2-атқыш­тар ротасының аға сержанты Төлеуғали Әбдібеков туралы айтылды.

Көпшілікке слайд арқылы Т.Әбдібековтың өмірбаяны мен түсірілген фильмі көрсетілді. «Қара өлім» фильмі туралы өз ойларын ортаға салған  Асылбеков Айдос былай деп сөз кезегін бастады Панфилов дивизиясының мергені, фашистер оны «Қара өлім» деп атаған Төлеуғали Әбдібековке арналған мәліметтерге көзіміз жетіп атамыздың ерлігі біздер үшін патриоттық тәрбие екенін айтты. Қатысушы Буланова А. атамыз кезінде Кеңес Одағының Батыры атағын ала алмаған және ол туралы көпшіліктін пікірлеріне қосыламын , өйткені кеудесін оққа төсеген, арамызда әлі де белгісіз болып келген ерлер есімін ел есінде қалдыру – бәріміздің азаматтық борышымыз деп өз сөзін түйіндеді.

«Шәкәрім әлемі» атты әдеби – қойылым кеш

Информация о проведенных мероприятий за 2 квартал 2018 г Жарминского районного отдела культуры и развития языков.Шар қалалық кітапхананың ұйымдастырыуымен Жарма технология колледж студенттерімен бірлесе қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті, ой-танымы мен күллі рухани әлемінің алып тұлғасының бірі- Шәкәрімнің 160 жылдығына және «Бір ел- бір кітап» акциясы бойынша Шәкәрімнің шығармашылыған арналған «Шәкәрім әлемі» атты әдеби – қойылым  кеш өткізілді. Кеш барысында Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы таныстырылды.

Шәкәрімнің ең сүбелі туындыларының бірі «Еңлік – Кебек» дастаны бойынша сахналық көріністі сомдағандар Жарма технология колледж студенттері Кебек -Темірлан Берікхан, Еңлік -Айнұр Құдайбергенова, жаушылар: Мәдетқазы Айқын, Смағұлов Болатхан. Кешке қатысқан мәдениет үйінің әншілері Еңлік Зейноллаева, Қайырлы Сабыржан Шәкәрімнің «Анадан алғаш туғанда» , «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әндерін тарту етсе, ІІ-ІІІ курс студенттері ақынның жыр шумақтарынан үзінді оқыды.

Ақын мұрасы–халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы. Шәкәрім аты мен Шәкәрім сөзі әрдайым біздің аузымыздағы жырымыз, көкірегіміздегі иманымыз, санамыздағы ұжданымыз болып қала бермек. 

2018 жылы 31 мамыр күні сағ 15-00 Қаратөбе ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен, Қаратөбе ауылдық клубында, кітапханашы Н.Манжибаева мен клуб меңгерушісі С.Кожамбердинованың ұйымдастыруымен «Жазықсыз жапа шеккендер» атты тарихи сағат өткізілді.
Өткізу мақсатымыз Қазақстанда болған репрессия туралы мағлұмат беру. Зұлмат жылдары құрбан болған халық қайраткерлерінің ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету. Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өту арқылы жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін арттыру. Іс шараға ауыл тұрғындары, жасөспірімдері, әкімшілік қызметкерлері қатысты. Іс шара барысында зұлмат жылдардан слайд, бейне көріністерден үзінді көрсетілді.
Қорытындылай келе құрбандарға құран бағыштап, бір минут үнсіздік жариялап еске алдық.

Шар қаласы 2018 жыл 4 маусым күні «Рәміздер- ел беделі» Слайд шолу

Шар қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Рәміздер- ел беделі» атты слайд шолу өткізілді. Шара барысында көпшілікке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері- Ту, Елтаңба, Әнұран туралы түсінік беріліп , «ҚР –ның Мемлекеттік рәміздері» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданғандығы және осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым ҚР-да Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтетіндігі туралы айтылып, слайд көрсетілді. Шараға Шар қаласына қарасты ШҚО мамандандырылған күзет қызмет басқармасы бөлімінің кәсіби даярлық пән инспекторы полиция аға лейтенанты Туруспеков Жандос және  аға инспектор – психолог полиция лейтенанты Кенжебаева Меруерт қатысты. «Халықтық өнерпаз ұжымы» ардагерлер хоры мерекелік ән шашуларын тарту етті.

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»

2018 жылы 04 маусымда сағ 11.00-де Қаратөбе ауылдық клубында Мемлекеттік Рәміздер күнінің 26 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Өткізу мақсатымыз:  ҚР Мемлекеттік рәміздерін жан-жакты түсіндіру арқылы адамдардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру.
Дөңгелек үстел Мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Бүгінгі іс шараға қатысқандар: Қаратөбе әкімшілігі, әйелдер кеңесі, ауыл тұрғындары. Клуб меңгерушісі С.Кожамбердинова дөңгелек үстелді ашық деп жариялап, Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы және авторлары жайында мәлімет айтып, қонақтарға таныстырып өтті. Құттықтау сөз округ әкімі М.Туякбаевқа берілді. Мемлекеттік туы туралы Қаратөбе әкімшілігінің бас маманы Д.Нурсапинова баяндап берді. Мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. ҚР Елтаңбасы жайлы Қаратөбе әкімшілігінің бас маманы К. Тансыкбаева әңгімелеп берді. «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты слайд көрермен назарына ұсынылды. ҚР Әнұраны туралы мәліметті Қаратөбе әкімшілігінің бас маманы Д.Кумарсагитова баяндады. Қатысқан қонақтар «осындай іс-шара кеңінен өткізіліп тұрса, келер жас ұрпақ санасына халқымызға қастерлі дүниелерді құрметтеуге баулуымыз деп білер едік» – деген ізгі ниеттерін айтып тарқасты.

Информация о проведенных мероприятий за 2 квартал 2018 г Жарминского районного отдела культуры и развития языков.«Аты аңызға айналған Бауыржан» «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша өткізілген «Аты аңызға айналған Бауыржан» слайд шолу Шар қалалық кітапхананың ұйымдастырыуымен қаламыздағы Б.Тұрсынов атындағы орта мектептің оқушыларының қатысуымен өтті.

Шара барысында оқушыларға Кеңес Одағының Батыры, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының өміржолдарымен, слайд арқылы Бауыржан атамыздың өз дауысы тыңдатылып,оқушыларға патриоттық тәрбие ретінде қаламгердің «Ұшқан ұя» кітабы туралы қысқаша мәлімет беріліп, көрмеге қойылған кітаптармен танысытырылды. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тасжолы» атты кітабында суреттелгендігі және кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылғандығы туралы айтылды.

Бауыржан атамыз туралы деректер мен нақыл сөздерінен сұрақтар беріліп, сұрақтарға толық жауап берген оқушылар Мамалахова Амина мен Оралхан Серікхан мадақтау қағаздарымен мараппатталса, қалған оқушыларға шағын сыйлықтар табыс етілді. Бауыржан атамыздың қазақ азаматына сай тік мінезі, өмірінің соңына дейін адам атына кір келтірмегені, артына қалдырған қымбат қазына – кітаптары мен қанатты сөздері бүгінгі ұрпаққа өнеге.

 

«Адамды адам еткен- Еңбек» атты пікірлер сайысы.

Жастарды- еңбек етуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатындан. Шар қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Шар қаласындағы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етіп жүрген студенттермен «Адамды адам еткен- Еңбек» атты пікірлер сайысы өткізілді. Іс шара барысында слайд арқылы шағын бейнесюжет көрсетіліп, студенттерге еңбек туралы сұрақтар берілді.«Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар»? деген сұраққа «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етіп жүрген студент Асылбекова Алмира былай деп жауап айтты. Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады, еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану. «Нағыз еңбек неден басталады деп ойлайсың?» сұраққа сөз кезегін алған студент Сембай Еркебұлан өз ойын былай жеткізді, мен адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесі деп білемін. Өйткені кез-келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығында жеңбек деп өз сөз түйіндеді.

Кітапханашы іс- шараны  қортындылай келе Абай атамыздың еңбек еткен адам ғана тойына тамақ іше алатынын,  «Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөздерін дәлел ретінде келтірді.

«Нағыз қазақ – Домбыра» атты ән-күй сазды кеш

Информация о проведенных мероприятий за 2 квартал 2018 г Жарминского районного отдела культуры и развития языков.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2018 жылдың 1 шілдесін ұлттық Домбыра күні деп ұлықталды. Осы Домбыра күніне орай 28 маусымда Шар қаласының мәдениет үйінде «Нағыз қазақ-Домбыра» атты ән-күй сазды кеш өткізілді. 

Өткізілу барысында: Жүргізуші домбыраның шығу тарихына тоқталды, домбыра туралы жыр-шумақтары оқыды.

Қалалық кітапхананың дайындаған слайд-видеоларында: домбыраның түрлері, атақты күйшілерді және олардың орындаған шығармаларынан үзінді көрсетті. Сондай-ақ осы кештің өткізілу барысында көрермендердің ішінен белсене қатысып, өз тараптарынан домбырамен күй-әндерін ұсынды.

Олар: Жаңбырбай А. «Еркем-ай», Сыдықан Е. «Ой жайлау» әндерін шырқаса, Ақылтай А. «Би», Жұмағалиева А. «Көңіл толқыны», Ахметқали М. «Келіншек» күйлерін орындаған балаларға сый-сияпат берілді Сонымен қатар бірнеше конкурстардың жүлдегерлері - Өнер мектебінің оқушылары Ақан Думан мен Шағанбаев Нурислам өз өнерлерін ортаға салды. Осы жиналған өнер сүйер қауымға Мәдениет үйінің әншілерінің орындауында «Ауыл баласы», «Ақ торғын», «Кеш жарық», «Жаяу Мұса» әндері шырқалды.

 

МҰРАҒАТ

Мәдениет және тілдерді дамытусаласындағы 2018 жыл
Мәдениет және тілдерді дамытусаласындағы 2017 жыл
Мәдениет және тілдерді дамытусаласындағы 2016 жыл
Мәдениет және тілдерді дамытусаласындағы 2015 жылдың 11 айы бойынша өткен ісшаралар
Жарма аудандық мәдениет бөлімі бойынша 2014 жылғы атқарылған мәдени ісшаралар туралы ақпарат
Жарма аудандық мәдениет бөлімі бойынша 2013 жылғы атқарылған мәдени ісшаралар туралы ақпарат

 

Парақтар өзгертілді: 13-11-2018