Аудан аймақтары

Әуезов кенттік округі

Сасенов Ержан Аманбаевич Кент әкімі  - Сасенов Ержан Аманбаевич

1983 жылы 29 желтоқсанда Семей облысы Шар ауданы Шар қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Семей облысы Ауезов кентінде Бақыршық таукен өндіру кәсіпорында тау-кен инженері ретінде бастаған.
2007-2018 жылдары Бақыршық таукен өндіру кәсіпорында құрылыс бөлімінің менеджері, жетекші маман  ретінде қызмет атқарды. Осы жұмыспен қосымша 2014-2018 жылдары «Интер Голд Капитал» ЖШС-нің маманы, бөлім бастығы қызметін атқарды.
2018 жылдың 15 наурызынан бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Әуезов кентінің әкімі.

  Қабылдау күндері: сейсенбі, сәрсенбі, жұма 9.00 – 18.00 дейін
  Телефон:8 (723 47) 55-222

  Функционалдық міндеттер
Кент әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ кенттегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. кент әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.


Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

1.мектепке дейінгі тәрбие беретін және бастауыш жастағы балалар есебін ұйымдастырады;
2.тірек мектептерін функциялауды қамтамасыз етеді (ресурсты орталықтар);
3.Облыстағы (республикалыќ маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандың маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу їшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
4.Бюджеттік қаражат есебінен энзоотикалық жануарлар ауруына профилактика және диогностика жасау тізбесі бойынша ауданның ЖАО ұсыныс енгізу (облыстық маңызы бар қала);
5.ауыл шаруашылығы малдары идентификациясы және ауыл шаруашылық малдары идентификациясы бойынша мәліметтер базасын жүргізуге іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
6.ауыл шаруашылығы малдарының жеке нөмірлерін және облыстық маңызы бар, аудандық ЖАО-на ақпаратты жіберу қажеттіліктерін анықтау;
7.ветеринария мәселесі бойынша халық арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
8.облыста ветеринариялық Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасы тәртібінде ауданның ЖАО (облыстық маңызы бар қала) ветеринариялық есеп және есептілікті ұсыну және жүргізу;
9.тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10.тиісті аумақта жануарлардыѕ жұқпалы ауруларыныѕ ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
11.ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;
12.әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
13.облыста ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын ЖАО бөлімшелері туралы ережені бекіту;
14.малдарға ветеринариялық төл құжат беру;
15.ветеринариялық анықтама беру;
16.малдардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету;
17.Қазақстан Республикасының бекітілген заңнама тәртібінде қызметтік жайларға ветеринариялық тосқауылдарды қамтамасыз ету;
18.ауыл шаруашылық малдардың идентификациясы бойынша мәліметтер базасының үзіндісін беру;
19.биологиялық материалды сынау және оның ветеринариялық зертханасын жеткізуді таңдау;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына (әкімдікпен) ұсыныс енгізу:
агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламасын қалыптастыру және ауылдық аумақ бойынша;
20.ауыл шаруашылық малдары қорын ұстау ережесі бойынша
21.негізгі бағыттың және мемлекеттік агроазықты саясат механизмдерімен және ауылдық аумақты дамыту агроөнеркәсіптік кешені субъектлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
22. облыс ветеринариясында мемлекеттік өкілетті органдарымен бекітілген тәртібінде, ауыл шаруашылығы малдары идентификациясын жүргізуге қатысу:
23. малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдардың, ал көмiндiлерінiң, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы саќтау орындарының (көмiндiлердiң) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
24. агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (oблыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;
25. ауыл шаруашылық санағын жүргізуге қатысу;
26. шағын несиелеу бағдарламасына қатысу үшін табысы төмен деңгейлі тұлғалар анықталды;
27. жердегі елді-мекенінің мал қорының орынын анықтау;
28. осы Кодекстің 13 және 16 баптарымен қарастырылып алынып тасталған жағдайда жер участіктерін жеке меншікке және жерді пайдаланушыға ұсыну;
29. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабына сәйкес сервитуттарды жариялымдарды бекіту;
30. аудандық (қалалық) әкімдік жер участіктерін алып тастау мәселесі жөнінде оның ішінде мемлекеттік қажеттілік үшін ұсыныс енгізу;
31. азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
32. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
33. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
34. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
35. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясынық, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
36. өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
37. аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
38. аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
39. шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
40. өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
41. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
42. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
43. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
44. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарқа және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
45. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
46. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
47. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
48. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
49. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
50. шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
51. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
52. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
53. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
54. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
55. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
56. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
57. кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
58. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
59. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуға ұсыныстар енгізу;
60. мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытуда медициналық қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;
61. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
62. қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
63. дене шынықтыру және спорт жөніндегі өјкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
64. мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
65. мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
66. халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
67. ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Бақыршық атамызға тас мүсін

2011 жылдың 26 қараша күні Әуезов кентінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында «Туған елге тағзым» акциясы аясында орталық саябақта Бақыршық атамызға тас мүсін орнатылды.
Әуезов кентнің ел ауызындағы атауы - Бақыршық. Бұл мекен – кен барлау, алтын өңдеу кәсібімен ежелден аты алысқа кеткен. Осы өңірдің Бақыршық аталуы Бақыршық Мамайұлының өз заманында еліне ерен еңбек сіңіргенінің жемісі. 1815 жылы дүниеге келіп, 1901 жылы өмірден озған тарихи тұлға Бақыршық өңіріндегі алтын өндіру кәсібінің негізін қалаған.
Жақсы халықтың жадында қалған тарихи тұлға есімі бүгінгі таңда елдің ерекше құрметіне бөленуде. Соның бір айғағы – Бақыршық баба құрметіне кент ортасынан монумент бой көтерді. Биіктігі 7 метр монументті кент тумасы, алматылық кәсіпкер Жомарт Сәдуақасов өз күшімен орнатып, барша халықтың алғысына ие болды.

Монумент авторы – мүсінші Тілеуберді Бинашев монументтің жалпы сипатын айта келіп: «Бұл монумент үш бөліктен тұрады: төменнен ортаға дейінгі аралықта түрлі рулардың таңбалары берілген. Одан жоғарғы бөлігінде самұрық құстың кескіні бар. Ол – Тәуелсіздік байрағындағықыранның сипаты. Одан жоғары – Бақыршық баба бейнесі. Ал, монументтің артқы жағынан қарасаңыз, құран ұстап бата беріп тұрған Қыдыр баба бейнесі сипатталған. Сонымен бірге қамшының өрімін салғандағы мақсатымыз – қазақ қандай дауды шешерде сөз алмастыруын қамшыны ортаға тастап кезек алатын. Сонымен бірге қамшы – қазақ үшін киелі зат. Оны босағаға тастамай, төрге іліп қоюдың да өзіндік себебі бар»- дейді.
Монументтің ашылу рәсімінде сөз алған белгілі тарихшы – қаламгер Ш.Қалиақпаров өз сөзінде:«Біздің өлкеміздің тарихы бай. Осы өңірді Құдас Матайдың ұрпақтары Амандық, Тума, Мұсат, Жауымберім, Сырбойынан келіп Ақша ханның тұсында мекен еткенге ұқсайды. Бұл, шамасы, ХVII ғасырдың соңыболса керек. Ол заманда қазақтар рулас, аталас болып біріне бірі жақын мекендеген ғой. Ағайынды Құдас, Тілес пен Бақы көрші тағы басқа өздеріңізге аты таныс елді мекендердің жерін мекендеген. Тілестің ұрпағы Көктаудың жерін, Бақы – Қалбаның сілеміне орныққан.
Қазақ халқы аты еліне мәлім, пір тұтатын ұл – қыздарынан еш кенде болмаған. Солардың бірі – бүгін есімін атап отырған Бақыршық қажы. Бақыршықтың аты осы Қызылсу өңіріне мәшһүр, еліне сыйлы болып, атымен елдімекен аталған. Ол Меккеге барып «Қажы» атанған. Бақыршық Мамайұлы осы жерден бірінші болып алтын тапқан. Інілері мен жерлестерінен тұратын ұжым құрып, алтын өндіріп, оны сатып қаржы тапқан. Елдестеріне көмегін тигізген. Сондықтан біз оны парасатты адам болған дей аламыз. Көзі ашық білімді, оң-солын жақсы танитын, салауатты тұлға болған. Бақыршық қажы - ел құрметіне тұрарлық тұлға»-деген.
Бұрынғы жақсылардан сөз қалыпты,
Асылдың сынығы ғой бірқалыпты.
Халықтың көңілінен шыққан «бабам»,
Сондықтан «Бақыршы» деп аталыпты. 

Мешіт

07.08.2007 жылы Әуезов кентінің тумасы Калиев Оразхан кенттегі барша мұсылман қауымының игілігі үшін мешіт салып берді. Мешітте құдайға құлшылық қылумен қатар жеке қатымханасы, дәріс беру бөлмесі, дәрет алу бөлмесі, қабылдау бөлмелері жаңа үлгіге сәйкес жабдықталған. Қазіргі таңда мешіттің бас имамы Исатай Мамила болып табылады.

 

Спорт залы

Әуезов кентінің тумасы Жомарт Сәдуақасов 2011 жылдың қазан айында Бақыршық орта мектебінің спорт залын қажетті керек жарақпен жабдықтап беріп, спортсүйер жеткіншектердің мерейін бір өсіріп тастады.

«Сарыбас» шаруа қожалығы

Зидахан Асылбек 13.02.1979 жылы МХР, Баян – Өлгей елді мекенінде дүниеге келген.
Мектеп бітіргеннен кейін кәсіпкерлікпен айналысты. Үйленген. Бүгінгі күні екі баланы тәрбиелеп отырған әке.
2004 жылы «Сарыбас» шаруақожалығын құрып, содан бері осы кәсіпкерлікпен шұғылдануда. Жерінің көлемі 637,0 га құрайды.
Басты мақсаты мал өсіру. Қожалығында 101 бас ірі қара мал, 182 бас ұсақ мал, 10 бас жылқысы бар. Алдағы уақытта асыл тұқымды ірі қара мал өсіріп, дамыту мақсатында жұмыстар жүргізуде.
А.Зидахан кенттегі қоғамдық шараларға қатысуда белсенділік танытады. Әр мерекелік шараларға ұдайы демеушілік көмектерін көрсетіп отырады.


   

kn   Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ауезов кеңтінің 2018-2020 жылдарға дамудың кешенді жоспары *doc 2.5 MB
kn   Әуезов кенттік округінің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты *.xls 37 KB

 

Мурағат

Ауэзов кенттік округінің 2014 жылдың 1-ші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 48 KB
Әуезов кентінің 2014 жылдың 9-айда атқарған жұмыстарының рейтингілік бағасының қорытындысы*.xls 39 KB
Ауэзов кенттік округінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты *.xls 39 KB
Округтің 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 39 KB
Әлеуметтік - экономикалық паспорт*.xls 14 KB
Әлеуметтік - экономикалық паспорт 2010 жыл*.xls 25.5 KB

Парақтар өзгертілді: 30-07-2019