Аудан аймақтары

Шалабай ауылдық округі

 Ауылдық округ әкімі - Есембаева Жанар Сәкенқызы
1967 жылдың наурыз айының 1 жұлдызында Гурьев облысы Қызылқуға ауданы Мұқар стансасында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1986 жылы Алматы қаласының Қазақ педагогикалық институтына түсіп, 1991 жылы аталған институтты химия және биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1991 және 1992 жылдар аралығында Алматы облысы Күрт ауданы Сартауқұм ауылында биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1992 және 1996 жылдар аралығында Семей облысы Шар ауданы Қарақоға мектебінде химия және биология пәндерінің мұғалімі қызметін атқарды. 1996 жылдан 2009 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шалабай ауылының Крупская орта мектебінде химия және биология пәндерінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 2009 жылдың тамыз айында Шалабай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Отбасылы. Екі баланың анасы.

 Қабылдау күндері:күнделікті сағат 9.00 – 18.00 дейін
 Телефон:8 (723 47) 40-728

 Функционалдық міндеттер
Ауылдық округтің әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі  автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Ауылдық округі әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

1.мектепке дейінгі тәрбие беретін және бастауыш жастағы балалар есебін ұйымдастырады;
2.тірек мектептерін функциялауды қамтамасыз етеді (ресурсты орталықтар);
3.Облыстағы (республикалыќ маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандың маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу їшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
4.Бюджеттік қаражат есебінен энзоотикалық жануарлар ауруына профилактика және диогностика жасау тізбесі бойынша ауданның ЖАО ұсыныс енгізу (облыстық маңызы бар қала);
5.ауыл шаруашылығы малдары идентификациясы және ауыл шаруашылық малдары идентификациясы бойынша мәліметтер базасын жүргізуге іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
6.ауыл шаруашылығы малдарының жеке нөмірлерін және облыстық маңызы бар, аудандық ЖАО-на ақпаратты жіберу қажеттіліктерін анықтау;
7.ветеринария мәселесі бойынша халық арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
8.облыста ветеринариялық Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасы тәртібінде ауданның ЖАО (облыстық маңызы бар қала) ветеринариялық есеп және есептілікті ұсыну және жүргізу;
9.тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10.тиісті аумақта жануарлардыѕ жұқпалы ауруларыныѕ ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
11.ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;
12.әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
13.облыста ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын ЖАО бөлімшелері туралы ережені бекіту;
14.малдарға ветеринариялық төл құжат беру;
15.ветеринариялық анықтама беру;
16.малдардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету;
17.Қазақстан Республикасының бекітілген заңнама тәртібінде қызметтік жайларға ветеринариялық тосқауылдарды қамтамасыз ету;
18.ауыл шаруашылық малдардың идентификациясы бойынша мәліметтер базасының үзіндісін беру;
19.биологиялық материалды сынау және оның ветеринариялық зертханасын жеткізуді таңдау;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына (әкімдікпен) ұсыныс енгізу:
агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламасын қалыптастыру және ауылдық аумақ бойынша;
20.ауыл шаруашылық малдары қорын ұстау ережесі бойынша
21.негізгі бағыттың және мемлекеттік агроазықты саясат механизмдерімен және ауылдық аумақты дамыту агроөнеркәсіптік кешені субъектлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
22. облыс ветеринариясында мемлекеттік өкілетті органдарымен бекітілген тәртібінде, ауыл шаруашылығы малдары идентификациясын жүргізуге қатысу:
23. малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдардың, ал көмiндiлерінiң, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы саќтау орындарының (көмiндiлердiң) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
24. агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (oблыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;
25. ауыл шаруашылық санағын жүргізуге қатысу;
26. шағын несиелеу бағдарламасына қатысу үшін табысы төмен деңгейлі тұлғалар анықталды;
27. жердегі елді-мекенінің мал қорының орынын анықтау;
28. осы Кодекстің 13 және 16 баптарымен қарастырылып алынып тасталған жағдайда жер участіктерін жеке меншікке және жерді пайдаланушыға ұсыну;
29. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабына сәйкес сервитуттарды жариялымдарды бекіту;
30. аудандық (қалалық) әкімдік жер участіктерін алып тастау мәселесі жөнінде оның ішінде мемлекеттік қажеттілік үшін ұсыныс енгізу;
31. азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
32. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
33. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
34. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
35. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясынық, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
36. өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
37. аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
38. аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
39. шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
40. өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
41. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
42. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
43. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
44. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарқа және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
45. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
46. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
47. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
48. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
49. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
50. шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
51. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
52. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
53. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
54. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
55. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
56. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
57. кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
58. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
59. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуға ұсыныстар енгізу;
60. мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытуда медициналық қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;
61. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
62. қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
63. дене шынықтыру және спорт жөніндегі өјкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
64. мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
65. мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
66. халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
67. ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

 

Шалабай ауылдық округінің шығу тарихы

1911 жылы жерге қоныстанушылар кеңесінің қаулысымен Семей уезді Делбегетей болысына қарасты Шалабай бұлағында асыл тұқымды мал өсірудің қасыналық статьясы құрылып, сол жылы маусымда ол егін шаруашылығы департаментінің қарамағына берілді. Мал асылдандырудың алғаш табыны «қазақ –қалмақ тұқымдас» деп аталған 20 сиырдан көршілес Карповкадан сатып алынған салмағы 540 кг тартатын бір бұқадан тараған. 1930 жылы 15-қазанда шетелдерге мәлім Қазақстандағы асыл тұқымды мал шаруашылығының тұңғышы – Шалабай мал зауыты ұйымдастырылды. Сол жылы партия комитетінің жолдамасымен Шалабайға тәжірибесі мол шаруашылық жетекшісі болған Лапсин Яков Яковлевич келді. Совхоз деп аталғанымен оның жұмысын жолға қою, шаруашылықты шұғыл өркендету ол кезде оңайға түскен жоқ. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 1931 жылы совхоз «Алғашқы большевиктік көктемі» деп аталды.
Совхозда басталған тәжірибе жұмыстарының маңыздылығына сәйкес, ол Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы Халық Комиссариатының 1940 жылдың 23-тамызында № 567 бұйрығымен Шалабай асыл тұқымды мал совхозы (племсовхоз) болып құрылды. Селекциялық асылдандыру жұмысына Мәскеу, Ленинград, Орынбор, Алматы сияқты ірі қалалардағы ғылыми - зерттеу мекемелері көмек көрсетті. 1950 жылы КСРО Министрлер советі оған «Қазақтың ақ бас сиыры» деген атақ берді. 1957 жылы шаруашылыққа «Сталин» атындағы колхоз жері қосылып, қазіргі Шалабай ауылдық округінің шекарасы белгіленді.

Шалабай ауылдық округінің шығу тарихы Шалабай ауылдық округінің шығу тарихы

Шалабай ауылдық округінің аймағында орналасқан шаруа қожалықтарының төл құжаттары және ескерткіштер, т.б. көрнекті орындар туралы ақпарат

Ескерткіш

Шалабай ауылының орталығында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш орналасқан. Биылғы жылдың көктемінде кішігірім жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ескерткіш 1962- 1963 жылдары салынған.

Ескерткіш Ескерткіш

Шалабай ауылдық округінде орналасқан тарихи-мәдени мұра объектісі жөніндегі мәлімет

Ескерткіштің атауы: Терістаңбалы Найман Қожагелдіұлы Жарылғап батыр.
Ескерткіштің мерзімделуі - 2003 жылы батырдың дүниеден өткеніне 310 жыл толғанда мәйіттің басы қайта көтерілді.
Ескерткіштің орналасқан жері: Шалабай ауылдық округі маңынан 18 шақырым жерде Қызылсу бойындағы Қос Төбе учаскесінде орналасқан.
Тарихи мәліметтер (ескерткіштің бастапқы келбетін өзгеріске ұшыратқан қайта құрулар мен жойылулар) : Жарылқап батыр 1776 жылы 80 жасында жарық дүниемен қоштасты. Жарылғап батыр 1720-1750 жылдары Қалбадағы
қалмақты шауып, аты Терістаңбалы Найманның ұранына айналған соң, Абылай ханның құрметіне иеленді. Солай Абылай хан Жарылғап батырды Түркістанға қоюға рұқсат берді. Батырдың мәйітін Түркістанға жеткізе алмағандықтан Қызылсу жағасына жерлеуге мәжбүр болды. Сол кездері ұлы адамдар қайтыс болғанда тақта жазбағандықтан, 2003 жылы батырдың дүниеден өткеніне 310 жыл толғанда тікелей ұрпағы батыр баба мәйітінің басын қайта көтерді. Мәйіттің басы ақ кірпішпен көтеріліп, мәрмәр тастан ескерткіш қойылды.
Ескерткіштің сипаттамасы: 2003 жылы батырдың дүниеден өткеніне 310 жыл толғанда тікелей ұрпағы батыр баба мәйітінің басын қайта көтерді. Мәйіттің басы ақ кірпішпен көтеріліп, мәрмәр тастан ескерткіш қойылды.

Шалабай ауылдық округінде орналасқан тарихи-мәдени мұра объектісі жөніндегі мәлімет

«Шалабай» ЖШС-і туралы ақпарат

«Шалабай» Жауапкерлігі Шектеулі Серіктестігі – орташа кәсіпкерліктің субъектісі, кәсіптің негізгі түрі –Қазақ ақ бас асылтұқымды ірі қара малын өсіру, сонымен қатар «Байс» асылтұқымды қойларды өсірумен, жылқы және егін шаруашылығымен айналысады.
Бас директоры - Сулейменов Куаныш Серказинович. Мемлекеттік тіркеу күні - 2005 жылдың 25 қарашасы. Жұмысшылардың жалпы саны 130 адам. Серіктестіктің экономикалық дамуымен және мал басының өсуіне байланысты орта есеппен алғанда жыл сайын штат жұмыс орындары 10 адамға дейін өседі, ал бұл ауылдық жерде жақсы көрсеткіш.
2012 жылдың 01 қазаныдағы мал басының жалпы көрсеткіші: Қазақ ақ бас асылтұқымының ІҚМ - 2425 бас, «Байс» асылтұқымының ұсақ малы - 3324 бас, жылқы - 556 бас.
2012 жылдың 01 қазаныдағы ауыл шаруашылық жерлері – 38 879 гектар, оның ішінде егістік жері – 2884 гектар. Ауыл шаруашылық техникасының саны 51, оның ішінде – 26 трактор, 3 комбайн, 7 жүк көлігі, 15 жеңіл көлік.
Серіктестік жұмысын әлеуметтік бағытта жүргізеді. Ауданның және ауылдың әртүрлі қайырымдылық акциялар мен іс-шараларға қатысады, мұқтаж жұмысшыларға материалды көмек көрсетеді.
«Шалабай» ЖШС-і 2010 және 2011 жылдардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілікті «Парыз» республикалық конкурсқа қатысты, 2008 жылдың – «Жылдың ең үздік инновациялық жобасы» дипломы, 2011 жылы Жарма ауданының Әкімінің «Жыл жомарты» дипломы бар, 2010 жылдың Үздік ұйымы, 2011 жылдың Өндірістік саладағы үздігі – естелік ленталары, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан көптеген алғыс хаттары бар.

«Шалабай» ЖШС-і туралы ақпарат «Шалабай» ЖШС-і туралы ақпарат
   
«Шалабай» ЖШС-і туралы ақпарат «Шалабай» ЖШС-і туралы ақпарат

«Қыдырғали» ш/қ

«Қыдырғали» ш/қ - 1997 жылы құрылған.
Холодный ключ учаскесінде орналасқан. Қожалықтың негізгі қызметінің бағыты – жылқыларды өсірумен айналысу.
Учаскесінің кадастрлық нөмірі (код) 05-243-052-088 жер көлемі 500,0 га; 05-243-052-070 жер көлемі 1005,0 га.
Басшысы: Қыстаубаев Бердікүл Кыдырғалиұлы
Мүшелері: Қыстаубаев С.
Құрылған кезде ірі қара мал саны – 37 бас болса, қазіргі күнде 142 басқа жетcе, ұсақ қара мал – 182 бастан қазіргі таңда 683 басқа өскен, ешкілер саны 91. Жылқылар саны мыңңан астам. Қожалық иелігінде тракторлар саны - 4, тырнауыш, дәнекерлеуші аппарат, шөп шабатын машиналар, тіркеуіші, шалғылары бар.

«Қыдырғали» ш/қ

 

kn   Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шалабай ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға дамудың кешенді жоспары   *.doc 329 КБ
kn   Шалабай ауылдық округінің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты *.xls 37 KB

 

Мурағат

  Шалабай ауылдық округінің 2014 жылдың 9-айда атқарған жұмыстарының рейтингілік бағасының қорытындысы*.xls 31.5 kB
  Шалабай ауылдық округінің 2014 жылдың 1-ші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.doc 75 kB
  Шалабай ауылдық округінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 40 kB
  Округтің 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 39 kB
  Әлеуметтік - экономикалық паспорт*.xls 14 kB
  Әлеуметтік - экономикалық паспорт 2010 жыл*.xls 25.5 kB

Парақтар өзгертілді: 14-09-2018