Аудан аймақтары

Жарма ауылдық округі

Ахметжанов Саят КабдрахманұлыОкруг әкімі - Ахметжанов Саят Кабдрахманұлы

Ахметжанов Саят Кабдрахманұлы 1976 жылы 26 наурыз Семей облысы Шар ауданы Жайма ауылында туған. 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін, ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша, 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша  бітірген
Еңбек жолын 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Жайма ауылы «Ернұр» шаруа қожалығының мал дәрігері болып бастады. 2004-2008 жылдары «Суықбұлақ кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ветеринарлық инспекторы; 2009-2010 жылдары «Айтас Дестрибьюшин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экспедиторы; 2010-2012 жылдары Жарма ауданы «Жайма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман – мал дәрігері қызметтерін атқарған. 2014 - 2017 жылдары Жайма ауылдық округінің әкімі. 2017 жылдың  желтоқсан айынан бастап Жарма кентінің әкімі.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

1.мектепке дейінгі тәрбие беретін және бастауыш жастағы балалар есебін ұйымдастырады;
2.тірек мектептерін функциялауды қамтамасыз етеді (ресурсты орталықтар);
3.Облыстағы (республикалыќ маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандың маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу їшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
4.Бюджеттік қаражат есебінен энзоотикалық жануарлар ауруына профилактика және диогностика жасау тізбесі бойынша ауданның ЖАО ұсыныс енгізу (облыстық маңызы бар қала);
5.ауыл шаруашылығы малдары идентификациясы және ауыл шаруашылық малдары идентификациясы бойынша мәліметтер базасын жүргізуге іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
6.ауыл шаруашылығы малдарының жеке нөмірлерін және облыстық маңызы бар, аудандық ЖАО-на ақпаратты жіберу қажеттіліктерін анықтау;
7.ветеринария мәселесі бойынша халық арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
8.облыста ветеринариялық Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасы тәртібінде ауданның ЖАО (облыстық маңызы бар қала) ветеринариялық есеп және есептілікті ұсыну және жүргізу;
9.тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10.тиісті аумақта жануарлардыѕ жұқпалы ауруларыныѕ ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
11.ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;
12.әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
13.облыста ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын ЖАО бөлімшелері туралы ережені бекіту;
14.малдарға ветеринариялық төл құжат беру;
15.ветеринариялық анықтама беру;
16.малдардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету;
17.Қазақстан Республикасының бекітілген заңнама тәртібінде қызметтік жайларға ветеринариялық тосқауылдарды қамтамасыз ету;
18.ауыл шаруашылық малдардың идентификациясы бойынша мәліметтер базасының үзіндісін беру;
19.биологиялық материалды сынау және оның ветеринариялық зертханасын жеткізуді таңдау;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына (әкімдікпен) ұсыныс енгізу:
агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламасын қалыптастыру және ауылдық аумақ бойынша;
20.ауыл шаруашылық малдары қорын ұстау ережесі бойынша
21.негізгі бағыттың және мемлекеттік агроазықты саясат механизмдерімен және ауылдық аумақты дамыту агроөнеркәсіптік кешені субъектлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
22. облыс ветеринариясында мемлекеттік өкілетті органдарымен бекітілген тәртібінде, ауыл шаруашылығы малдары идентификациясын жүргізуге қатысу:
23. малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдардың, ал көмiндiлерінiң, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы саќтау орындарының (көмiндiлердiң) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
24. агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (oблыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;
25. ауыл шаруашылық санағын жүргізуге қатысу;
26. шағын несиелеу бағдарламасына қатысу үшін табысы төмен деңгейлі тұлғалар анықталды;
27. жердегі елді-мекенінің мал қорының орынын анықтау;
28. осы Кодекстің 13 және 16 баптарымен қарастырылып алынып тасталған жағдайда жер участіктерін жеке меншікке және жерді пайдаланушыға ұсыну;
29. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабына сәйкес сервитуттарды жариялымдарды бекіту;
30. аудандық (қалалық) әкімдік жер участіктерін алып тастау мәселесі жөнінде оның ішінде мемлекеттік қажеттілік үшін ұсыныс енгізу;
31. азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
32. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
33. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
34. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
35. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясынық, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
36. өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
37. аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
38. аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
39. шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
40. өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
41. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
42. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
43. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
44. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарқа және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
45. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
46. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
47. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
48. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
49. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
50. шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
51. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
52. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
53. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
54. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
55. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
56. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
57. кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
58. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
59. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуға ұсыныстар енгізу;
60. мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытуда медициналық қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;
61. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
62. қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
63. дене шынықтыру және спорт жөніндегі өјкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
64. мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
65. мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
66. халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
67. ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

 

kn   Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жарма кеңтінің 2018-2020 жылдарға дамудың кешенді жоспары  *.doc 295 KB
kn   Жарма кенттік округінің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты *.xls 37 KB

 

Мурағат

Жарма кентінің 2014 жылдың 9-айда атқарған жұмыстарының рейтингілік бағасының қорытындысы*.xls 44 kB
Жарма кенттік округінің 2014 жылдың 1-ші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 44 kB
Жарма кенттік округінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 39 kB
Округтің 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 40 kB
Әлеуметтік - экономикалық паспорт*.xls 14kB
Әлеуметтік - экономикалық паспорт 2010 жыл*.xls 25.5 kB



Парақтар өзгертілді: 14-09-2018