Аудан аймақтары

Жаңғызтөбе кенттік округі

Кент әкіміЗакимов Елеубек Тұрсынханұлы

1961 жыл 7 қыркүйекте Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1986 жылы Семей зоотехникалық–мал дәрігерлік институтынзооинжинер мамандығы бойынша аяқтады, 2001 жылы Талдықорған құқық институтын заңгер мамандығы бойынша аяқтады. 1980–1981 жылдары Семей облысы Жарма ауданы Первомай совхозында слесарь, тракторшы. 1981-1986 жылдары Семей зоотехникалық – малдәрігерлік институтының студенті. 1986-1998 жылдары Семей облысы Жарма ауданы Первомай совхозында зоотехник, бөлімше меңгерушісі.1998-2002 жылдары ШҚО Жарма ауданы Үшбиік ауылының «Еңрекей» шаруа қожалығының басшысы.2002–2007 жылдары «Еңбек Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнының №110 филиалының директоры. 2007 - 2011 жылдары ШҚО Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінің әкімі. 2011 жылдан 2013 жылдың 8 тамызына дейін жеке кәсіпкер болды. 2013 жылдың 4 қазанынан қазіргі уақытқа дейін Жаңғызтөбе кентінің  әкімі.

Қабылдау күндері:күнделікті сағат 9.00 – 18.00 дейін
Телефон: 8 723 47 54-637, 54-506 

Функционалдық міндеттер

Кент әкімі заңнамаға сәйкес азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; бюджетке салық жинауда көмек көрсетеді; жоғары тұрған әкімдікке әкім аппараты әкімшісі шығатын , мәслихатпен сәйкес келетін қаражаттық бағдарламаларды бекіту үшін өңдейді және енгізеді; өз құзыретінің шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ кенттегі автомобиль жолдарының құрылысын,  қайта құрылуын, жөнделуін және ұсталуын қамтамасыз етеді; шаруа қожалықтарын ұйымдастыруда, кәсіпкерлік қызметті дамытуда көмек көрсетеді; өз құзыретінің шегінде жаппай әскери міндеттер мен әскери қызмет, азаматтық қорғасын, сондай ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері жөнінде заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; нотариалдық әрекет жасауды, азаматтық хал - жағдайының актілерін тіркеуді ұйымдастырады; табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты кәрі азаматтарға және еңбекке қабелетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; қоғамдық көліктің жүруін ұйымдастырады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; шаруашылық бойынша кітаптардың статистикалық есебін жүзеге асырады; өз құзыретінің шегінде елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді; елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; туыссыздарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында ұстау жөнінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; жоғары тұрған әкім алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты. Кент әкімінің қызметіне өзге де мәселелерді шешу жүктелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актысіне сәйкес ауыл, кент және ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімі функциясы

1.мектепке дейінгі тәрбие беретін және бастауыш жастағы балалар есебін ұйымдастырады;
2.тірек мектептерін функциялауды қамтамасыз етеді (ресурсты орталықтар);
3.Облыстағы (республикалыќ маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандың маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу їшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
4.Бюджеттік қаражат есебінен энзоотикалық жануарлар ауруына профилактика және диогностика жасау тізбесі бойынша ауданның ЖАО ұсыныс енгізу (облыстық маңызы бар қала);
5.ауыл шаруашылығы малдары идентификациясы және ауыл шаруашылық малдары идентификациясы бойынша мәліметтер базасын жүргізуге іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
6.ауыл шаруашылығы малдарының жеке нөмірлерін және облыстық маңызы бар, аудандық ЖАО-на ақпаратты жіберу қажеттіліктерін анықтау;
7.ветеринария мәселесі бойынша халық арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
8.облыста ветеринариялық Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасы тәртібінде ауданның ЖАО (облыстық маңызы бар қала) ветеринариялық есеп және есептілікті ұсыну және жүргізу;
9.тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10.тиісті аумақта жануарлардыѕ жұқпалы ауруларыныѕ ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
11.ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;
12.әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
13.облыста ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын ЖАО бөлімшелері туралы ережені бекіту;
14.малдарға ветеринариялық төл құжат беру;
15.ветеринариялық анықтама беру;
16.малдардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету;
17.Қазақстан Республикасының бекітілген заңнама тәртібінде қызметтік жайларға ветеринариялық тосқауылдарды қамтамасыз ету;
18.ауыл шаруашылық малдардың идентификациясы бойынша мәліметтер базасының үзіндісін беру;
19.биологиялық материалды сынау және оның ветеринариялық зертханасын жеткізуді таңдау;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына (әкімдікпен) ұсыныс енгізу:
агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламасын қалыптастыру және ауылдық аумақ бойынша;
20.ауыл шаруашылық малдары қорын ұстау ережесі бойынша
21.негізгі бағыттың және мемлекеттік агроазықты саясат механизмдерімен және ауылдық аумақты дамыту агроөнеркәсіптік кешені субъектлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
22. облыс ветеринариясында мемлекеттік өкілетті органдарымен бекітілген тәртібінде, ауыл шаруашылығы малдары идентификациясын жүргізуге қатысу:
23. малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдардың, ал көмiндiлерінiң, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы саќтау орындарының (көмiндiлердiң) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
24. агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (oблыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;
25. ауыл шаруашылық санағын жүргізуге қатысу;
26. шағын несиелеу бағдарламасына қатысу үшін табысы төмен деңгейлі тұлғалар анықталды;
27. жердегі елді-мекенінің мал қорының орынын анықтау;
28. осы Кодекстің 13 және 16 баптарымен қарастырылып алынып тасталған жағдайда жер участіктерін жеке меншікке және жерді пайдаланушыға ұсыну;
29. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабына сәйкес сервитуттарды жариялымдарды бекіту;
30. аудандық (қалалық) әкімдік жер участіктерін алып тастау мәселесі жөнінде оның ішінде мемлекеттік қажеттілік үшін ұсыныс енгізу;
31. азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
32. салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
33. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
34. әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
35. азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясынық, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
36. өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
37. аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
38. аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
39. шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
40. өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
41. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
42. әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
43. тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
44. табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарқа және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
45. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
46. жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
47. қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
48. шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
49. жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
50. шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
51. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
52. жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
53. республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
54. өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
55. елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
56. туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
57. кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
58. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
59. аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуға ұсыныстар енгізу;
60. мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытуда медициналық қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;
61. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
62. қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
63. дене шынықтыру және спорт жөніндегі өјкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
64. мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
65. мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
66. халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
67. ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Жаңғызтөбе кенті

Жаңғызтөбе кенті әкімшілік-аумақтық әкімі бірлігі аумағы 1997 жылы құрылған, әкімшілік орталығы Жаңғызтөбе кенті (1930 жылы салынған ) Облыс орталығынан ара қашықтығы 140 км, аудан орталығынан – 30 км. Кент аумағына қарасты Жаңғызтөбе кенті, Шуақ ауылы, 10 айырық – 3 елді мекенде 4478 адам тұрады. Қазақтар-4395 адам- , орыстар – 53, басқа ұлттар 30 адам. Кент аумағында 13 бюджеттік мекемелер бар: 2 мектеп, 2 кешкі мектеп және кәсіптік –техникалық мектеп (ПТШ), 1 бастапқы дәрігерлік көмек орталығы, 4 түзеу мекемелері, 3 әскери бөлім, әкім аппараты, бұл мекемелерде 1153 адам жұмыс жасайды.
Шаруашылық нысандары – 7, онда жұмыс істейтіндер саны 180, теміржол мекемелері – 5, онда жұмыс істейтіндер 138, өнеркәсіп орындары – 2, онда жұмыс атқаратындар – 42 адам. Жаңғызтөбе кентінде поселкелік кеңес болғалы бірнеше адамдар басшылық қызметін атқарған. Олар: Дәркенов, Асаубаев Байдрахман,Әкімбаев Ә, Рахымбеков Мубарак, , Балтабеков Ш, Редкин А. төраға болған кезде Жаңғызтөбеде стационарлық аурухана / 9 кварталда ,қазіргі « Дәнекер» асханасының жанында болған / және« Қазақстанға- 40 жыл» аталған кинотеатр салынды. Нұрғалиев Тоқан, Мендыбаев Қабылқақ, хатшы Тулеубеков Әнуар,/ 1974-1981 жылдары/, басшылығы кезінде қазіргі әкімшілік ғимараты салынды. Малдыбаев Өмірғазы Калиұлы /1980-1981жылдары,/ Оксумбаева Шарбану Арслановна,/1981-1986 жылдары/ Еділбаев Марат Сейтжағпарұлы/1986-1994/, Шенеев Манап Дүйсекұлы/1994-1996 жылдары/, Шаяхметов Жанарбек Қабдуахитұлы /1996-2007 ж.ж./
2007-2011жылдар аралығында кент әкімі болып Закимов Елеубек Тұрсынханұлы қызмет атқарды. Өзінің ұйымдастырушылық іскерлігімен, талап қойғыштығымен азғана уақыттың ішінде қыруар жұмыс тындырды.
Ең алдымен әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, іші- сыртын қазіргі заманға сай сәулеттендірді, ауылға кіре беріс көшеден бастап, орталық алаңмен Жаңғызтөбе орта мектебін орай, ауылдың бастапқы денсаулық орталығына дейінгі көше жарықтанды. Ауылға кіре беріс жолдар тазаланып, тас жолдардың шұқыр-шұқырлары бітелді. Ауылда бұзылған ғимараттардың орны алынды. Шуақ аулындағы иесіз қалған тұрғын үйлерді әкімшілік құзырына алынды. 2 үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін ҚР-сы Қорғаныс министрлігіне берілді.
2011 жылдың 31 қазанынан «Жаңғызтөбе кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі болып Сейткожинов Ерлан Маулимжарұлы қызмет атқарып келеді. Алдағы жоспарда ауылымызда салынып басталып, бітпей қалған, мектептің орнына ауыл клубын салып, жаңа мектеп құрылысын салғызу, қазіргі уақытта «Жаңғызтөбе орта мектебі»
«Жаңғызтөбе орта мектеп-бала бақша кешені» КММ болып ауысып, кіші орталықтық балабақша ретінде қайта жарақталып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жаңғызтөбе кенті әкімшілік –аумақтық бірлігі әкімі аумағында жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруды жүзеге асыру үшін өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бағытында «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп отыр. 2011жылдың тамыз айынан осы күнге дейін 8 адам курстарда оқып, мамандық алып, 5 адам жұмысқа орналастырылды, 3 адам өздігінен жұмыспен қамтылды. Жыл басынан 90 адам жұмысқа орналасты.

Жаңғызтөбе кенттік округі «Тоқтар» мешіті 2005 жылы салынды
   

Жаңғызтөбе кенттік округі

010 жылы көктемгі су тасқыны зардабынан қираған көпір қайтадан салынды
   
Жаңғызтөбе кенттік округі Монша
2012 жылғы 1 жартыжылдықта несие алғандар: С.Толеуханов Шуақ ауылында қоғамдық монша салуға 3 млн. теңге алды. Қоғамдық монша салынып , қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
   
  Құс фермасы
2011 жылы: 1.Омаров А.М. – шағын құс фермасын ұлғайтуға -3 млн.теңге несие алып, бүгінгі күні шағын тауық фермасын әрі қарай дамытуда, Шуақ ауылындағы 3 түзеу мекемелерімен , ауыл тұрғындарын, бағасы 17 теңге жұмыртқамен қамтамасыз етуде. Барлығы 2 млн. теңгеге 2000 бас тауық , 100 мың теңгеге тауықтарға арналған тор қондырғылар сатып алынған.
   
  Наубайхана
Л.Сайбулатова – шағын наубайхана ашуға -2 млн. несие алды. Қаражатқа ғимарат салынды, ғимарат тың ішкі қабырғалары, еденіне кафель төселді, қажетті жабдықтар толығымен әкелінді: нан формалары, нан илегіш, тоқашқа арналған листар т.б , электр желісі тартылды, канализация өткізілді. Тамыз айынан жұмыс істей бастады.
   
Жаңғызтөбе кенттік округі Шуақ ауылында 100 орынды «Бастау» бала бақшасы
   
Жаңғызтөбе кенттік округі Дәріхана
Жеке кәсіпкер Абаев Нурахмет Жалпакбасович Жаңғызтөбе кентінде жаңадан заманауи талапқа сай дәріхана құрылысын салып бітірді. 2 млн. 200 мың теңге өз қаражаты жұмсалды. Бұл дәріхана ауыл тұрғындарының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу мұқтаждығын шешуге үлкен мүмкіндік беретіндіктен, дәріхананың қажетті жабдықтар мен дәрілер алуға 1 500 000 теңге шағын несие алуға өтініш берді. Дәріхана жақында ашылуға дайын.
   
Жаңғызтөбе кенттік округі «Теньши»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Мекеме басшысы Бақтыгерей Күнслямұлы Мұсажановтың басқарып отырған, Қытай технологиясымен жұмыс істеп жатқан «Теньши « ЖШС-і өндіріс орны күйдірілмеген, жанбаған 1-ші сұрыпты әк, әктас, ауыл шаруашылық малдары мен құстардың жеміне қосатын ақ ұнтақ шығарумен айналысады. «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы өңірлерде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп отыр.
Қазіргі уақытта минералды ақ ұнтақ өндіру технологиясы іске қосылған. Өндірілген ақ ұнтақ , яғни «әк ұны» құрама жем комбинаттарымен, құс фабрикаларына, жол құрылысы компанияларының, түсті және қара металлургия, Қант өнеркәсібіне, мұнай-химиялық өнеркәсіптерге, жылу электр станцияларының пайдалану сұранысына жіберілуде.
   

 

kn   Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе кеңтінің 2018-2020 жылдарға дамудың кешенді жоспары  *.doc 444 KB
kn   Жаңғызтөбе кенттік округінің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты *.xls 38 KB

 

Мурағат

Жанғызтөбе кентінің 2014 жылдың 9-айда атқарған жұмыстарының рейтингілік бағасының қорытындысы*.xls 35 kB
Жаңғызтөбе кенттік округінің 2014 жылдың 1-ші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты *.xls 35 kB
Жаңғызтөбе кенттік округінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 41 kB
Округтің 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму паспорты*.xls 40 kB
Әлеуметтік - экономикалық паспорт*.xls 14 kB
Әлеуметтік - экономикалық паспорт 2010 жыл *.xls 25.5 kB

 

Парақтар өзгертілді: 14-09-2018