Бизнес

2013 жылдың I жартыжылдығына Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылған жұмыстар

Ауданда 2289 шағын кәсіпкерлік субъектісі, соның ішінде 89 кәсіпорын, 1631 жеке кәсіпкер және 561 шаруа қожалығы тіркелген. 2012 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда өңірде тіркелген шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының саны 106,5 %-н құрады. Шағын бизнес кәсіпорындарынан жергілікті бюджетке түскен салық көлемі 61,4 млн. теңге 2012 жылдың 6 айымен салыстырғанда 20,9%-ға немесе 1,7 млн. теңгеге өсті. Бүгінгі күнге шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 3747 адам жұмыспен қамтылған.
Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауданда 89 кәсіпорын тіркелген (откенжылмен салыстырғанда 5 кәсіпорынға немесе 105,9% артық) онын ішінде 54 кәсіпорын жұмысы істеп (5 кәсіпорынға немесе 110,2% артық), 50 белсенді жұмыс істеп тұр (2 кәсіпорынға немесе 104,1% артық), 35 кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр. Белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындардың саны тіркелген кәсіпорындардың 56,2 пайызын құрады.
«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» аясында 2011 жылы «Арго» ШҚ-нын «Альянс Банк» Банкінен алынған 44,0 млн. теңге несиесі бойынша пайыздық мошерлеменің бір бөлігін субсидияланды. Несиелі қаражатқа 200 бас мал алынып қаражат игеілді.
2012 жылы аталған бағдарлама бойынша «Торговый дом «Дана» ЖШСгі 40,0 млн. теңге несие алып, бүгінгі күнге Аршалы ауылынын манында Алматы Өскемен жолының 870 километірінде қонақ үйі кешенін салынуда.
«Жол карта бизнес 2020» бағдарламасының IV бағыты бойынша 2012 жылы «Назарбаев Университетінің» бизнес мектебіне бизнестің топ-менеджмент тәлім – тәрбиесінің кіші және орта бизнес бағдарламасымен 2 касіпкер оқу өтті.
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында  «Даму» қоры, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация, «ҚазАгроФинанс» АҚ  арқылы қаржыландыру, кәсіпкерлік негіздері жөніндегі, әйелдер кәсіпкерлігіне шағын несие беру жөніндегі, жобаларды қаржыландыру жөніндегі және басқа да мәселелер бойынша семинарлар өткізілді.
қорытындысы

Бизнес
 
Бизнес

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016