Бизнес

Ауданның инвистициялық әлеуеті

2016 жылдың қортыныдысы бойынша негізгі капиталға инвестицияның түсуі 26,0   млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезенімен салыстырған да 3,3 есеге өсті (2015 жылдың 12 айы- 7 918,0 млн. тенге). Оның негізгі бөлігі «Бақыршық тау кен кәсіпорыны» ЖШС-нің «Қызыл» жобасын жүзеге асырумен байланысты. Жоба құны 80 млрд тенге. Жүзеге асыру кезеңі 2015-2019 жылдар. Кәсіпорын 2015 жылы жобаны жүзеге асыруын бастап, Әуезов кентінде айналмалы жол, су құбырын ауыстыру, жанадан жылу қазандығын салу жұмыстарын қолға алды. 2016 жылдың басында жобаға қажетті ірі техникалар сатып алды, зауыт құрылысының жұмыстары басталды.

Жалпы ауданымыз қазбалы кен орындарына бай мекен. Бүгінгі күнге сол кен орындарында 20 жуық кен өндеу кәсіпорындары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Іс-шара жоспарын жүзеге асыру кезенінде яғни 2020 жылға дейін ауданымызда 4 ірі инвестициялық жоба жүзеге асыру арқылы 29 млрд. теңгені инвестициясын тарту жоспарлануда. Барлық жобалар ауданның үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасы бойынша  үйлестіру кенесінде қаралып, 2 екі жоба облыстық индустриялық картасына енгізілді. Олар: 1.«Артель Старателей Горняк» ЖШС-нің Ақжал ауылында «Жылына 250 мың тонна руда өндіру бойынша зауытын салу жобасы». Құрылтайшысы: «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС. Директоры:  Минигулов Амангелды Мухамедкалиевич. Жобаның сомасы: 27 млн.доллар немесе 7 728 млн. тенге, өз қаражаты. Жүзеге асыру мерзімі :  2016 – 2020 ж.ж. Ашылатын жұмыс орындар саны: Зауыт құрылысы кезенінде-  150-200 адам, жүзеге асырылған мерзімінде -  445 адам тартылады. (360 жұмысшы, 85 ИТР).

2. «Жангиз Солар» ЖШС-нің Жанғызтөбе кентінде «Қуаттылығы жылына 30 МВт-тық күн электр станциясын салу жобасы».  Директоры: Сейтенов Данияр Ельжанулы. Жобаның сомасы : 47,5 млн. евро немесе 17 млрд. 500 млн. тг, оның ішінде 7 млрд. 400 млн. тенге өз қаражаты, 10 млрд. 100 млн. тенге шетелдік банктердің несиесі. Жүзеге асыру мерзімі : 2016 – 2017 ж.ж. Ашылатын жұмыс орындар саны: Құрылыс кезенінде -150-200 адам,  жүзеге асырылған мерзімінде-  8 адам.
Ауданға инвестиция тарту және инвестициялық жағдайды жақсарту  бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде.

 

Мұрағат

 

Парақтар өзгертілді: 25-01-2017