Бизнес

Құнсыздану үдерістерін тежеу

2017 жылдың 1 қаңтарына құнсыздану үдерістерін тежеу туралы ақпарат

Ауданда құнсыздану үдерістерін тежеу жөніндегі штаб жұмыс атқаруда. Ауданда азық-түлік тауарларына, шеттен әкелінетін тауарларға, көкеніс өнімдеріне, жергілікті тауар өндірушілердің тауарларына, нан және нан өнімдеріне күнделікті талдау жасалып мониторинг жүргізіледі. Ауданның базарлары күнделікті сұранысты қамтамассыз етеді.

Ауданның барлық 240 негізгі тұтыну тауарларын сататын сауда кәсіпорындар басшылары және барлық жанармай құю стансалармен негізгі тұтыну тауарларының бағаларына, жанармай өнімдерінің  үстеме бағасын 10 %-дан асырмауға меморандумдарға қол қойылып, шарттарының орындалуы қатаң қадағалануда.

Жыл көлемінде ауданы бойынша 2 әлеуметтік дүкен және 50 әлуметтік бөлімдер ашылып жұмыс істеп тұр. Барлық дүкен иелерімен меморандумға қол қойылған және басқа да округтерде әлеуметтік дүкен немесе әлеуметтік бөлім ашу жұмыстары жүргізілуде.

Ашылған әлеуметтік дүкендермен бөлімдерде округтердегі әлеуметтік аз қамтылған тұрғындардың тізімі бойынша азық-түлік тауарларының 18 түріне баға 10-20% жеңілдікпен сатылады. Ауданның барлық аумақтық бірліктерінде Жастар бірлестігінің, «НұрОтан» партиясынын және ардагерлер кеңесінің мүшелерінен тұратың қоғамдық штабтар құрылып, апта сайын мониторинг жүргізілуде. Аталған іс-шаралар нәтижесінде жылдың басынан бағанын себепсіз өсу фактілері орын алған жоқ.

 

Мұрағат

 

Парақтар өзгертілді: 25-01-2017