Бизнес

Меморандумдар
Құнсыздану үдерістерін тежеу
Өнеркәсіп
Кәсіпкерлікті қорғау
Ауданның инвистициялық әлеуеті
Бизнесті басқару

2017 жылдың 1 қаңтарына Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылған жұмыстар

Бүгінгі күнге аудан бойынша 2120 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Бұл салада 3316 адам жұмыспен қамтылған немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 15,0 пайызын құрайды.  2016 жылдың 12 айында 119 шағын кәсіпорын тіркелді (өткен жылы 107 немесе 111,2%). 53 кәсіпорын белсенді жұмыс атқарып тұр.

Елбасы атап өткен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында өткен жылы Қалбатау ауылы және Шар қаласындағы халыққа қызмет көрсету мекемелерінде кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылып жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар кәсіпкерлердің құқық-мүдделерін қорғау мақсатында Жарма ауданының кәсіпкерлер палатасы жұмыс атқаруда. Жалпы ауданымызда шағын кәсіпкерлікпен айналысушылардың саны соңғы 4 жылда 15 % өсті. Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің ішінде шағын және орта кәсіпкерліктен түсетін түсімнің үлес салмағы 2016 жылдың қортындысы бойынша 382,4 млн теңгені немесе 100,3 пайызға өсті.

Ауданымызда кәсіпкерлік саласын одан әрі дамыту, бағыт бағдар беру мақсатында 2013 жылы Жарма ауданының 2014-2016 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленіп, жыл қортындысы бойынша 173 жоба іске асырылды. Олар: Қызмет көрсту саласында – 48, қайта өндеуде – 17, қалған 108 жоба ауыл шаруашылығы бойынша. Бұл жобалардың көбісі мемлекеттік бағдарлама «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының екінші бағыты (яғни кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындару құру) арқылы жүзеге асуда. Өткен жылы 289,2 млн. теңгенің 148 жобасына несие берілсе, 2014 жылы 242,1 млн. теңгенің 110 жобасына несие берілді. Оның 14 - қызмет көрсету саласыда, 17 - өнім өндіру және қайта өндеуге, 79 - мал шаруашылығымен айналысуға берілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 1 бағыты шеңберінде ағымдағы жылы 46,3 млн. теңгелік 3 жобаның пайыздық мөлшері субсидияланды. Олар, жеке кәсіпкер «Мухаметкалиева Г» Жол болсын кешені жанынан СТО салу, жеке кәсіпкер «Абдрахманова А» типография ашу және жаңа құрал жабдықтар сатып алу және жеке кәсіпкер «Мурсалимовтың» камаз техникаларын сатып алу жобалары. 

2016 жылы 523,8 млн. теңгенің 3 жобасы мақұлданды: 

«Sembell» ЖШС-нің 3000 басқа мал бордақылау аланың салу бойынша жобасын жүзеге асыру мақсатында аталмыш бағдарлама арқылы 420,0 млн. теңгенің пайыздық мөлшері субсидсяланды.
Қалбатау ауылында жеке кәсіпкер Семик Андрей Михайлович «Орион» дүкенін ұлғайту және техникалық қызмет көрсету пунктіне қосымша құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында 92,6 млн. теңгенің несиенің пайыздық мөлшері субсидияланды.
«Назгүл» шаруа қожалығы 11,2 млн. теңге мал сатып алуға несие алып пайыздық мөлшері субсидияланды.

Мемлекет тарапынан кәсіпорын және кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік бағдарламалардың  ережелері аудандық баспа сөз құралдарына жарияланып, облыстық мамандардың қатысуымен жиындар, дөнгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

 

Мұрағат

2016 жылдың
2015 жылдың
2014 жылдың
2013 жылдың

 

Парақтар өзгертілді: 24-08-2017