Аудан жайында

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградаларымен марапатталғандардың тізімі

2003-2018 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградаларымен марапатталғандардың тізімі

  Аты-жөні Лауазымы Қысқаша өмірбаян Марапат түрі Марапатталған уақыты
Бейсенов Жумабек Рамазанович Бейсенов Жумабек Рамазанович
18.12.1959 жылы Жезқазған облысы Балхаш қаласы
Қамқор-Локомотив ЖШС «Шар локомотив жөндеу депосы», директоры Бейсенов Жұмабек Рамазанұлы Еңбек жолын Семей облысы Аягөз стансасында локомотив депосында бригадир болып бастады. 1990 жылдан Чарская стансасының локомотив депосы бастығының орынбасары және бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қамқор Локомотив» ЖШС «Шар локомотив депосы» филиалының директоры қызметін атқарады.           2010 жылы байқауда «Қамқор-Локомотив» деполары арасында екінші орын иеленсе, 2012 жылы байқауда бірінші орын жеңіп алды. 2010 жылғы барлық өндірістік-финанстық нәтиже бойынша «Шар локомотив жөндеу депосы» филиалы «Қамқор Менеджмент» номинациясы бойынша «Үздік Кәсіпорын» атағын жеңіп алды.

 

«Ерең еңбегі үшін» медалі 2003 жылы
Даутов Аманжол Толеубекович Даутов Аманжол Толеубекович
11.05.1955 жылы Семей облысы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылы
«Мәдениет үйі» КММ директоры 11.05.1955 жылы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылында туған.
1993 жылдан Жарма ауданында мәдениет бөлімін басқарып келеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» медалінің, ҚР «Құрмет» орденінің,ҚР «Үздік мәдениет менеджері» арнайы сыйлығының, облыс әкімімен тұңғыш тағайындаған «Озат» сыйлығының иегері.
Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь елдерінің үздік адамдары енгізілген Халықаралық дәрежедегі энциклопедия кітабына аты алтын әріппен жазылған.

 

«Ерең еңбегі үшін» медалі

 

2004 жылы
«Құрмет Ордені» 2010 жылы
Аксаков Алимурат Кусманович Аксаков Алимурат Кусманович
19.10.1943 жылы Семей облысы Жарма ауданы Балажал кенті
Зейнеткер, ауданның «Құрметті азаматы» 19.10.1943 жылы Жарма ауданы Балажал кентінде туған.
Зейнеткер.
Ұзақ жылдар комсомол, партия қызметтерінде болған. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы, кейінгі жылдары «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2000-2011 жылдар арасында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болды.

 

«Ерең еңбегі үшін» медалі 2006 жылы

Рахметова Жумабакыт Толышевна

Рахметова Жумабакыт Толышевна
18.02.1955 жылы Семей облысы Жаңасемей ауданы Қызылшілік ауылы
Зейнеткер, ақындар сыныбының жетекшісі Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің күміс медаль иегері, ҚР-ның «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері ҚР-ның «Білім саласын дамытуға қосқан үлесі» үшін медалінің иегері, 2007 жылғы Тұрғазы Нұқай атындағы облыстықмүшәйра байқауының ІІ орын иегері, «Жарма жарқын мекенім» атты аудандық мүшәйра байқауының І орын иегері,Халықаралық «Атамекен тұғырым ана тілім тұнығым» атты мүшәйра байқауының лауреаты.
Көзі ашық, көкірегі ояу, жан жақтылықты талап ететін ұстаз. Білікті де, білімді, ойы ұшқыр, тәжірибесі мол, жаңашыл ұлағатты ұстаз Ж.Толышқызының әлі де үйретері, болашақ жас ұрпаққа берері көп.

 

«Ерең еңбегі үшін» медалі 2006 жылы
Мусин Дуйсенгазы Магауянович Мусин Дуйсенгазы Магауянович
15.07.1957 жылы Семей облысы Жарма ауданы Ильинка ауылы
Парламент Сенатының депутаты 1957 жылы 15 шілдеде туған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
1979 жылдан Жарма ауданының Ленин атындағы ұжымшарда еңбек жолын бастап, 1988-2001 жылдарда «Қалбатау» асыл тұқымды мал зауытының директоры қызметін атқарды. 2001-2009 жылдар арасында Жарма ауданының, 2009-2015 жылдар арасында Көкпекті ауданының әкімі болып қызмет атқарды. «Жарма ауданының Құрметті азаматы».

 

«Құрмет» Ордені 2008 жылы
Рахметова Айгуль Тлеубердиновна Рахметова Айгуль Тлеубердиновна
31.10.1961 жылы Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылы
Шар қаласы П. Карелин ат. ОМ директоры Рахметова Айгүл Тлеубердіқызы 1961 жылы 31 қазанда Семей облысы жарма ауданы Георгиевка ауылында туған. Жалпы еңбек өтілі-32 жыл, оның ішінде мектеп диреуторы лауазымында -25 жыл қызмет атқарып отыр.  Семей қаласында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, өз тәжірибесін таратты. Оқу-тәрбие жұмысына енгізілген жаңа технологиялар арқылы оқушыларға білім мен тәрбие берудегі нәтижелері үшін ауданымыздың «Жаңашыл директоры» атағына ие болды. Ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін аудан және облыс әкімдерінің алғыс хатымен марапатталды.

 

«Ерең еңбегі үшін» медалі 2008 жылы
Байжигитова Гульнар Танирбергеновна Байжигитова Гульнар Танирбергеновна
05.01.1964 жылы Семей облысы Шар ауданы Октябрьск кеншісі
№2 мед.бірлестігінің медбикесі Байжігітова Гүлнар Тәңірбердіқызы еңбек жолын 1984 жылы Шар аудандық емханасына қарасты Қызыл-Жетек ауылының фельдшерлік-амбулаториялық пунктінің меңгерушісі болып бастады. 1986-1994 жылдары бұрынғы Семей облысы Шар аудандық перзентхана бөлімінің акушеркасы болды. 1994 жылдан қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы №2 медициналық бірлестігінің перзентхана бөлімінің аға акушеркасы қызметін атқарып келеді. 1997 жылдан І санатты акушер.

 

«Шапағат» медалі 2010 жылы
Турагулова Гульнара Нурахметовна Турагулова Гульнара Нурахметовна
09.11.1953 жылы Семей облысы Жарма ауданы Қорықшар ауылы
Маяковский ОМ физика пәнінің мұғалімі      Тұрағұлова Гүлнара Нұрмұхамедқызы Маяковский атындағы орта мектебінде 35 жылдан астам жұмыс атқарған. Жоғары категориялы ұстаз. «Физика пәні сабағында жаңа технологиялардың элементтерін қолдану» тақырыбын талқылап, апробация жүргізген, «Физика және астрономия» республикалық ғылыми-методикалық журналында В.М.Монаховтың технологиясы бойынша Г.Тұрағұлованың сабақтар жиынтығы жарияланды.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы 2010 жылы
Ахмеджанова Арайлым Заманбековна Ахмеджанова Арайлым Заманбековна
01.07.1976 жылы Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылы
«Кәусәр» халықтық ұлт –аспаптар оркетірінің дирижері Ахмеджанова Арайлым Заманбековна 01.07.1976 ж. Туған жері - Жарма ауданы Георгиевка ауылы.
Қазақстан Республикасының
«Мәдениет қайраткері», Облыс әкімі сыйлығының лауреаты
«Ерен еңбегі үшін» медалінің және  «Халық оркестрлерінің Үздік дирижеры» атағының иегері, Жарма ауданының 90 жылдығына арналған «Жарма ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
«Кәусәр» халық ұлт - аспаптар
оркестрінің дирижеры және көркемдік жетекшісі.

 

«Ерең еңбегі үшін»
медалі
2011 жылы
Сулейменов Куаныш Серказинович Сулейменов Куаныш Серказинович
14.09.1973 жылы Семей облысы Шар ауданы Шалабай ауылы
«Шалабай» ЖШС-нің директоры Сулейменов Қуаныш Серікқазыұлы ШҚО, Жарма ауданы, Шалабай ауылында туған. 2006 жылдың қазан айынан бастап «Шалабай» ЖШС-не бас директор болып тағайындалды.Облыс және аудан әкімшіліктерінен бірнеше алғыстар алып, марапатталды. 2008 жылы асыл тұқымды мал өсіруіне байланысты министр Куришбаевтан алғыс хат алды.

 

«Ерең еңбегі үшін»
медалі
2011 жылы
Тулеукенова Сайрангуль Мубараковна Тулеукенова Сайрангуль Мубараковна
05.11.1963 жылы Семей облысы
№1 мед. біресітігінің медбикесі Түлеукенова Сайрангүл Мүбаракқызы 1982 жылы Семей медициналық училищесін бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Жаңғызтөбе кентінің фельдшерлік-амбулаториялық пунктінің медбикесі болып бастады. 1983-1990 жылдары Бөке кентінің амбулаториясының медбикесі болды. 2001 жылдан Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы №1 медициналық бірлестігі соматика бөлімінің процедуралық кабинеті  медбикесі қызметін атқарып келеді.

 

«Шапағат» медалі 2011 жылы
Турлыханов Даулет Болатович Турлыханов Даулет Болатович
18.11.1963 жылы Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылы
Грек-рим күресінен Кеңес Одағының қатарынан жеті дүркін чемпионы. 18.11.1963 жылы Жарма ауданы Георгиевка ауылында туған.
15 рет ірі халықаралық турнирлердің бас бәйгесін жеңіп алды. Грек-рим күресінінің Кеңес одағының жеті дүркін чемпионы. КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы және күміс жүлдегері, Еуропа және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы (1986,1990,) Әлем чемпионы (1989), Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері (1992,1994). Сеул олимпиадасының күмісжүлдегері, Барселона олимпиадасының қола жүлдегері. Қазақстан және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.  

 

«Құрмет» Ордені 2012 жылы
Касымжанов Темирбек Жумакулович Касымжанов Темирбек Жумакулович
20.08.1957 жылы Семей облысы Зайсан ауданы Жарсу ауылы

 

 

 

 

Облыстық кәсіподағының төрағасы     Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы 1989-1996 жылдары Халықтық депутаттар Кеңесінің Октябрь аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Октябрь аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, 1996-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, тұрғын-үй, сәулет және территориялардың құрылысы басқармасындағы бөлім бастығының орынбасары Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс Департаментінің директоры, 2008-2009 жылдары Өскемен қаласының әкімі қызметтерін атқарды. Жарма, Зайсан аудандарының әкімі болған.

 

«Құрмет» Ордені 2011 жылы
Мамаев Курмангазы Сагатбекович Мамаев Курмангазы Сагатбекович
22.06.1954 жылы Семей облысы Жарма ауданы Ақжал кенті
«Жасар» шаруа қожалығының механизаторы Мамаев Құмарғазы Сағатбекұлы 1954 жылы 22 маусымда дүниеге келген. Білімі орта, еңбек жолын «Ленин» атындағы ұжымшарда 1974 жылы бастаған. 1983 жылдың сәуір айынан ШҚО Глубокое ауданының «Прогресс» кеңшарында, 1989 жылдың ақпан айынан 1995 жылдар аралығында Семей облысы Жарма ауданы «Скотовод» асыл тұқымды мал өсіретін кеңшарда, 1995 жылдың сәуір айынан 2003 жылдар аралығында ШҚО Жарма ауданы «Расцвет» ұжымшарында және еңбек етті. 2003 жылдың сәуір айынан бастап ШҚО Жарма ауданы Бірлікшіл ауылдық округінің «Жасар» шаруа қожалығында қажырлы еңбек етіп келеді.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы 2012 жылы
Бейсенбаев Серикбосын Конысбаевич Бейсенбаев Серикбосын Конысбаевич
29.01.1950 жылы Семей облысы Жарма ауданы Бөлектас ауылы

 

 

«Даметкен» шаруа қожалығының басшысы Бейсенбаев Серікбосын Қонысбайұлы 1950 жылы 29 қаңтарда Семей облысы Жарма ауданы Бөлектас ауылында туған. 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін Семей қаласындағы «Дана» сауда үйінің құрылтайшысы және Жарма ауданы Аршалы ауылындағы «Дәметкен» шаруа қожалығының басшысы. «Жарма ауданының Құрметті азаматы».

 

«Ерең еңбегі үшін» медалі 2012 жылы
Искакова Алия Кабделовна Искакова Алия Кабделовна
10.09.1963 жылы Семей облысы Шар ауданы Шар қаласы
№2 мед. бірлестігінің медбикесі           Искакова Әлия Қабделқызы 1982 жылдан Шар аудандық ауруханасына инфекциялық бөлімшесінің медбикесі болып жұмыс істеді.
1983-2008 жылдары Шар аудандық ауруханасының инфекция бөлімшесінің аға медбикесі, хирургия бөлімшесінің анестезистка, жан сақтау бөлімшесінің, туберкулезге қарсы диспансерінің медбикесі болып жұмыс істеді. 2008 жылдан Шар қаласының №2 медициналық бірлестігінің хирургия бөлімшесінің аға медбикесі қызметін атқарып келеді.
Бірінші категориялы медбике.

 

«Шапағат» медалі 2013 жылы
Хасиев Хусан Баснакаевич Хасиев Хусан Баснакаевич
23.02.1940 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Шешен Республикасы Грозный қаласы
«Қара Адыр» шаруа қожалығының басшысы Хасиев Хусан Баснакаевич - 23.02.1940 жылы дүниеге келген. Қараадыр шаруақодалығының иесі. 2007 жылы Астана қаласында өткен халықаралық «Қараөткел -2007» жәрмеңкесінің жеңімпазы аталып ауыл шаруашылық министірінің дипломымен марапатталды, 2013 жылы Абай ауданында өткен Қарауыл-2013 көрмесінде жақсы көрсеткіштері үшін арнайы дипломмен марапатталды.

 

«Құрмет» Ордені 2014 жылы
Карпуша Галина Ивановна Карпуша Галина Ивановнаны
07.01.1967 жылы Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылы
«Георгиевка орта мектебінің» тарих пәнінің мұғалімі Карпуша Галина Ивановна в 1986 жылы Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық училишесін үздік дипломмен аяқтап, 1992 жылы Шығыс Қазақстан университетінің тарих факультетін бітірді. Еңбек өтілі-28 жыл. Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, қоғамтану негіздері мен құқықтану сабақтарын оқытады.  Аудан әкімінің құрмет грамотасымен бір неше мәрте марапатталған. Ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы 2014 жылы
Рыбалкина Наталья Александровна Рыбалкина Наталья Александровна
11.10.1957 жылы Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылы
Жарма аудандық орталық ауруханасының терапия бөлімшесінің медбикесі болған, зейнеткер Рыбалкина Наталья Александровна 1957 жылдың 11 қазанында Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылы Семей облыстық ауруханасының урология бөлімінде медбике ретінде бастады. 1979-1983 жылдары Семей қаласындағы №55134 әскери бөлімінде медбике қызметін атқарған. 1983 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін
Жарма аудандық орталық ауруханасының жанұялық дәрігерлік амбулаториясының медбикесі қызметін атқарды.

 

«Шапағат» медалі 2015 жылы
Исабаев Сериккали Баширович Исабаев Сериккали Баширович
01.04.1954 жылы Семей облысы Семей қаласы
"Жарма Құрылыс Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Исабаев Серікқали Баширұлы 1954 жылдың 1 сәуірінде Семей облысы, Семей қаласында туған. Серікқали Баширұлы өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге жаңаша жұмыс істеуге үлкен көңіл бөліп келеді. 2004 жылы ұлы Виктормен бірге «ЖармаҚұрылысГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашып, қызметін жалғастыруда.
Серіктестік «Тірек ауылдары», «Жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары аясында аудандағы барлық деңгейдегі құрылыс, жөндеу, қайта жарақтандыру жұмыстарын жүргізеді.

 

«Ерең еңбегі үшін» медалі 2016 жылы
Закимов Елеубек Турсынханович Закимов Елеубек Турсынханович
07.09.1954 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласы
Жаңғызтөбе кентінің әкімі Закимов Елеубек Тұрсынханұлы 1961 жылы 7 қыркүйекте Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Семей зооветеринариялық мал дәрігерлік институтын аяқтап №2,№3 «Первомайский» совхозында басқарушысы, 1998 жылы «Еңрекей» шаруа қожалығының басшы болды. 1999 жылы Семей облысы Жарма ауданы Шуақ ауылыдағы №110 филиалы «Еңбек- Өскемен»  республикалық мемлекеттік кәсіпорынында бас инженердің міндетін атқарушы болды. 2002 жылы №110 филиалы «Еңбек- Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының директоры лауазымына тағайындалды. 2004, 2006 жылдары аталған мекеме басшы атынан республикалық филиалдардың арасындағы өңдірістің дамуына зор үлесін қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
2007 жылдан Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінің әкімі қызметін атқарып отыр.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы 2016 жылы
Аутханова Сания Бекежановна Аутханова Сания Бекежановна
20.06.1954 жылы Семей облысы Шар ауданы Қараш ауылы
Жеке кәсіпкер «Аутханова»     Ауытқанова Сәния Бекежанқызы 1954 жылы 20 маусымда Семей облысы, Шар ауданы, Қараш ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Жамбыл технологиялық жеңіл өнеркәсіп институтын тігу өндірісі мамандығы бойынша аяқтады. Жеңіл өнеркәсіп саласында 1975 жылдан бастап қызмет етуде. 1975 жылдан Семей облысы, Шар галантерея фабрикасында технолог, инженер, директор лауазымдарын атқарған. 1993 жылдан жеке кәсіпкерлікпен айналысып, фабриканы жеке меншігіне сатып алды.
Фабрика халыққа қажетті барлық өнімдерді өңдейді. «Сән-иә» жеке кәсіпорыны мектеп формаларын, көрпе, жастықтар, төсек-орын жабдықтарын, ұлттық киімдер, тағы да басқа өнімдер тігумен айналысады. Тігілген өнімге республика, облыс, аудан көлемінде сұраныс бар. 1994 жылғы Шар қалалық мәслихатының депутаты, 1997 жылы Жарма аудандық мәслихатының депутаты болды.
Сәния Бекенжанқызы қайырымды жан ретінде танымал, қала мектептеріне үнемі демеушілік көрсетіп отырады.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы 2016 жылы
Омарова Роза Аскатовна Омарова Роза Асқатқызы
21.04.1958 жылы Семей облысы Жана Семей ауданы Новобаженовқа ауылы
«Шар қаласы ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесі «Ауэзов» дәрігерлік амбулаториясының аға терапевт-дәрігері. Омарова Роза Асқатқызы 1958 жылы Семей облысы, Жаңа-Семей ауданы, Новобаженовка ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Семей қаласындағы мемлекеттік медициналық институтын дәрігерлік ісі мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын Шымкент облыстық ауруханасында терапия бөлімінде дәрігер-интерн ретінде бастаған. 1984-1986 жылдары аралығында Шымкент облысы, Кровский кентінде аудандық орталық ауруханасының бірінші медициналық көмек көрсету пунктінде терапевт қызметін атқарған.

 

«Шапағат» медалі 2017 жылы
Сарсембеков Алик Мадиевич Сарсембеков Алик Мадиевич
17.11.1958 жылы Алматы облысы Панфилов қаласы
«Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің жер қойнауын пайдалану және заң шығаруды реттеу басқармасының бастығы Сәрсембеков Алик Мәдиұлы 1958 жылы 17 қарашада Алматы облысы Панфилов қаласында туған. 1981 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық интитутын тау-кен инженері мамандығы бойынша аяқтап, 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.
2014 жылдан бастап Жарма ауданының Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік учаскесінің жер қойнауы байлықтарын пайдалану және заңды реттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді.

 

«Ерең еңбегі үшін»
медалі
2017 жылы
Жумаков Ренат Серикович Жумаков Ренат Серикович
10.02.1981 жылы Қостанай облысы Рудный қаласы
Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің 8 разрядты Komatsu PC 2000 экскаватор машинисі Жумаков Ренат Серикович 2013 жылы Рудный индустриалдық колледжін «Пайдалы қазбалар кенорындарын ашық өңдеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек қызметін 2001 жылы экскаватор машинисі болып Соколов-Сарыбай тау-кен өндірісі бірлесітігінде (Қостанай облысы) бастаған, ол жерде 2008 жылға дейін еңбек еткен.
2008 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың ақпан айына дейін «КопперТекнолоджи» компаниясында (Ақтөбе облысы) экскаватор машинисі болып жұмыс істеді.
Соңғы жеті жыл бойы (2011 жылдан басап осы уақытқа дейін) «Полиметалл» тобы кәсіпорындарының қызметкері) жұмыс істейді.

 

«Еңбек Даңқы» ІІІ – дәрежедегі Ордені 2018 жылы
Кыдырбаева Алмира Кадесовна Кыдырбаева Алмира Кадесовна
04.06.1966 жылы Семей облысы Жарма ауданы Юбилейный кеншісі
«Шалабай» дәрігерлік амбулаториясының медбикесі, Қыдырбаева Алмира Қадесқызы 1966 жылдың 4 маусымында Семей облысы, Жарма ауданы, Юбилейный кентінде көп балалы отбасында дүниеге келген. Әкесі шахтер, анасы аспазшының көмекшісі болған.
Еңбек жолын 1983 жылы Әуезов учаскелік ауруханасының санитаркасы болып бастады. 1987 жылы Бородулиха медициналық училищесіне түсіп, медбике мамандығын иеленді. Оқуын аяқтағаннан кейін жұмысын медбике ретінде Шар аудандық медициналық бірлестігінде жалғастырды.                                                                                      1989 жылдың тамызында Әуезов кентінің учаскелік ауруханасында медбике қызметін атқарды. 1997-2007 жылдары аралығында «Артель Труд» жабық акционерлік қоғамында «Большевик» учаскесінің медбикесі болды.
2011 жылдан «Шалабай» дәрігерлік амбулаториялық пунктінің медбикесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы 2018 жылы

 

Парақтар өзгертілді: 12-06-2019