Азаматтардың өтініштері

Жарма ауданының тарихы

Ресейдің 1731 жылдан бастаған Отарлау саясаты 180 жылдан астам уақытқа созылды. Қазақстан жеріне салынған ірі қорған қамалдар, бекіністер қазақ-орыс бекінісіне айналды.
1860-1890 жылдары Ресейдің губерниясындағы шаруаларды Қазақстан жеріне қоныстандыра бастады. Семей губерниясындағы әртүрлі ұлттар 15-ке жетті 25 ауданның 11 – қазақ, 10 орыстар мен украйндықтар, 4 – аралас ұлттан құрылды.
Жарма ауданына қоныстандыру легі 1891-1893 жылдан басталып, ең шұрайлы жерлері Криуши, Петровка, Георгиевка, Николаевка, Покровка т.б. елді-мекендері құрылды.
Дүбірге толы ХХ ғасырдың басындағы Қазан төңкерісімен бірге өлкемізде күрмеуі көп түйіні мол өзгеше бір тіршілік басталды. Жаңа аумақтық бөлініске сәйкес Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің 1928жылғы 3-қыркүйектегі қаулысымен Жарма ауданы құрылды.
1931жылдың 22 мамырында Жарма ауданының орталығы   Жанғызтөбе болып бекітілді.
1932 жылдың 20 ақпанында Жарма ауданының орталығы   Георгиевка ауылына ауысты.
Жарма ауданы жеке әкімшілік бірлік болып шаңырақ көтерген кез алғашқы бесжылдықтар, ұжымдастыру,индустрияландыру сияқты халық шаруашылығында түбегейлі қадамдар қолға алынған, экономикалық және саяси науқандар қатар жүрген мазасыз шақ . Дәл осы кезде, «тауды бұзып, тасты жарған» алып құрлыс, Қазақстан мен Орта Азия үшін маңызды қатынас жүйесі-Түркістан-Сібір теміржолын салу қызу жүріп жатты.
30-жылдарда тағы бір игі іс –Шалабай мен Скотовод шаруашылықтарында қазақтың асыл тұқымды ақ бас сиырын өсіру қолға алынды. Осы кезенде
Георгиевка жөндеу-механикалық зауыты, Шар локомотив депосы сияқты өндіріс орындарының іргетасы қаланды,жалпы білім беретін бірнеше орда ашылды
Қазақтың асылы мен ардақтысын тегіс жалмаған репрессия біздің ауданды да айналып өткен жоқ. Қоғам қайраткерлері мен халық зиялылары сол зобалаңның құрбаны болып кетті.Саяси репрессия шеңгеліне іліккен ақын Тұрлыхан Хасенов, қоғам қайраткері Ыдырыс Мұстанбаев, профессор Әзімбай Лекеров және басқаларын аудан халқы әрдайым есте сақтайды.
Ұлы Отан соғысының отты жылдарында жармалықтар батылдық пен батырлықтың үлгісін танытты. Тоғыз Қеңес Одағының Батырымен, екі Даңқ орденінің толық дәрежелі иегерімен кез келген аудан мақтана алмайды.
Жауынгерлік ерліктері мен ержүректігі үшін Қенестер Одағының Батыры атағы Қапай Ысқақовқа, Иван Варепаға, Иван Ландышевқа, Гавриил Будник-ке, Петр Карелинге, Иван Лутқа, Петр Теряевқа, Кенжебек Шәкеновқа Васи- лий Шулятиковке беріліп, Фазыл Әділбаев пен Николай Киселев жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері атанды.
Ауғанстан жерінде интернационалдық борыштарын өтеген жармалықтар әкелер абыройына кір келтірмеді. Солардың екеуі - Мұхтар Оспанов пен Мұрат Саяқов қаза тапқан соң Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды.
Ғылым саласында геология-минералогия ғылымының докторы, Игорь Николаевич Ничаев , техника ғылымының докторы Ғылымқайдар Мұтанұлы Мұтанов, аудандық мал дәрігерлігі зертханасын басқарған мал дәрігерлігі ғылымының кандидаты Тоқтар Мәдиұлы Жамансарин сынды терең ойлы ғалымдар өсіп шықса, әділет саласында Барьян Тұрсынов, Мұрат Қалматаев Долда Досболов, Ғазез Сұлтанов, Рахат Тілеубердинов сияқты жоғары лауа- зым иелері-генералдар ел мақтанышы саналды.

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016