Азаматтардың өтініштері

Азаматтарды қабылдау кестесі

2017 жылғы және 2018 жылдың I-ші тоқсанында Жарма ауданының мемлекеттік мекемелеріне жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша ақпарат

2017 жылы Жарма ауданының мемлекеттік мекемелеріне жеке (936) және заңды тұлғалардан (77) барлығы – 1014 өтініш түскен, оның ішінде жазбаша -963, ауызша – 51. 2016 жылмен салыстырғанда түскен өтініштер саны 416 өтінішке кеміген (1430).
2017 жылы жоғары тұрған органдардан түскен өтініштер саны – 9, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінен - 7, облыс әкімі аппаратынан – 2 . Аудан әкімінің виртуалды қабылдау бөлмесіне – 2 өтініш түсіп тіркелген.
Түскен өтініштердің жалпы санынан 299 (29,4%) қанағаттандырылған, 654 (64,5%) жазбаша түсіндірмелер берілген, 2 (0.2%) заңға сәйкес қанағаттандырудан бас тартылып, 59 (5,8% ) өзге де органдарға ведомстволық бағыныстылығына қарай жолданған.
2017 жылы 5 қайталама өтініш түсіп, оның ішінде қанағаттандырылғандары жоқ, 5-не де жазбаша түсініктемелер берілген.
Түскен өтініштер төмендегідей мәселелерді қамтиды:
Жер және жерді пайдалану мәселелері бойынша - 333
Тұрғын - үй коммуналды шаруашылық мәселелері бойынша – 310
Еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша – 123
Құрылыс мәселелері бойынша – 97
Ауылшаруашылығы мәселелері бойынша – 12
Білім беру мәселелері бойынша – 11
Мәдениет және өнер мәселелері бойынша – 6
Өзге де – 122

Есепті кезеңде аудан әкімі, оның орынбасаралары және аппарат басшысымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін 19 рет жеке қабылдау өткізіліп, онда 51 адам қабылданды. Жеке қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің барлығы заңға сәйкес қаралып, 14 қанағаттандырылып, 37 тиісінше заңға сәйкес ауызша түсініктемелер берілген.
2017 жылы мерзімі бұзылып қаралған өтініштер болған жоқ.
2017 жылы Жарма ауданы әкімдігінің «Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау» бағыты бойынша қорытынды бағалау- 86-ны құрады.
2018 жылдың I-ші тоқсанында Жарма ауданының мемлекеттік мекемелеріне жеке (122) және заңды тұлғалардан (77) барлығы – 157 өтініш түскен. 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 22 өтінішке кеміген (179).
2018 жылдың I-ші тоқсанында аудан әкімінің виртуалды қабылдау бөлмесіне - 3 өтініш түсіп тіркелген.
Түскен өтініштердің жалпы санынан 43 (27,4%) қанағаттандырылған, 98 (62,4%) жазбаша түсініктемелер берілген және 16 (10,2%) бағыныстылығына қарай өзге де органдарға қарауға жолданған.
2018 жылдың I-ші тоқсанында 1 қайталама өтініш түсіп, қанағаттандырылмай, жазбаша түсініктеме берілген.
Түскен өтініштер төмендегідей мәселелерді қамтиды:
Жер және жерді пайдалану мәселелері бойынша - 79
Тұрғын - үй коммуналды шаруашылық мәселелері бойынша – 13
Еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша – 22
Құрылыс мәселелері бойынша – 10
Ауылшаруашылығы мәселелері бойынша – 5
Білім беру мәселелері бойынша – 2
Денсаулық сақтау мәселелері бойынша – 1
Өзге де – 24
Есепті кезеңде аудан әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін 9 рет жеке қабылдау өткізіп, онда 21 адам қабылданды. Жеке қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің 4 қанағаттандырылып, 17-не заңға сәйкес қаралып ауызша түсініктемелер берілген.
2018 жылдың I-ші тоқсанында мерзімі бұзылып қаралған өтініштер болған жоқ.
2018 жылдың 3 айынының қорытындысы бойынша «Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау» бағыты бойынша болжамды қорытынды бағалау- 84-ті құрады.
Жарма ауданы әкімдігінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс қатаң бақылауға алынған.. Өтініштерді қарау сапасы мен мерзімінде қаралуы жайлы үнемі «Бақылау күндерінде» және аппарат пен әкімдік отырыстарында қаралып отырылады.   

 

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы
76 Kb
Өтiнiштiң үлгiсi 23 Kb

 

  Мұрағат

2015 жылдың I тоқсанына түскен өтініштер туралы мәлімет
2014 жылдың I тоқсанына түскен өтініштер туралы мәлімет
2013 жылдың 9 айында  түскен өтініштер туралы мәлімет

 

Парақтар өзгертілді: 27-04-2018