Аудан жайында

Аудан жайында

Аудан туралы

Жарма ауданының іргетасы 1928 жылы қаланған. Ауданның  аумағы 22 мың 600 шаршы  километрді құрайды. Елді мекендер саны – 54, аумақтық бірліктер - 1 қала, 4 - кент, 17 -  ауылдық округтер бар.
Ауданның халық саны-41 039 мың адам, оның ішінде 90 % қазақтар.
Ауданның негізгі мамандануы ауыл шаруашылығы болып табылады.

Агроөнеркәсіптіккешенді 528 шаруа қожалықтары, 12 – ЖШС құрайды, барлығы2,0 мың адам жұмыс атқарады.
Ауданда - 62,9 мың бас ірі қара мал , 204мың бас қой мен ешкі, 21,9 мың бас жылқы саны бар.

Ірі ауыл шаруашылығының тауарын өндірушілердің бірі  ЖШС « Шалабай » және ЖШС « Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты »,  олар қазақтың ақбас ірі қара малын өсірумен айналысады.
«Қара Адыр» , «Муслим» толық серіктестері, «Даметкен», «Тлек», «Қара Адыр»  шаруа қожалықтары «Байыс» асылтұқымды ұяң жүнді етті-майлықойлар өсірумен айналысады.
«Тайлақ» шаруа қожалғында «Жебе»  асыл тұқымды жылқыны өсіреді.
2015 жылы «Сыбаға» бағдарлама шеңберінде 257 ірі қара мал басыжалпы сомасы 50,0 мын теңгегесатып алынды.
« Құлан» бағдарламасы бойынша 108 бас жылқы 28,4 млн. теңгеге сатып алынды.
« Алтын Асық » бағдарламасы  бойынша 350 бас ірі қара мал 7,0 млн теңгеге сатып алынды.
Асыл тұқымды мал саны, оның ішінде ірі қара -400 басқа, қой мен ешкі – 2 760 басқа өсті. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы:ірі қара - 8% , қой мен ешкі - 18,5% , жылқы – 4 % құрады.
Ауданның ауылшаруашылығы құрылымдарында 1 085 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы жер (жалпы жер қорынан - 46 %), оның ішінде егістік - 47,2 мың га, тыңайған жерлер - 3,3 мың га, шабындық - 49,8 мың га, жайылым - 952,9 мың габекітілген.
«Агробизнес 2020» бағдарлама шеңберінде 116 бірлік ауылшаруашылық техникасы 264,2 млн. теңгеге сатып алынды.
2015 жылыауылшаруашылығының жалпы өнімі 15 847,9 млн. теңгені құрап, 2014 жылдың деңгейіне қарағанда 1031,0 млн теңге немесе 7 % құрады.
Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің құрылымында - мал шаруашылығы өнімдеріне шамамен 75%, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне - 25% келеді.
Ауданның мал шаруашылығын етті мал шаруашылығы,етті - майлы қой шаруашылығы және үйірлі жылқылар құрайды. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығыныңжетекші саласы болып табылады.

Өнеркәсіп саласында 45 субъектілер жұмыс істейді, оның ішінде 10 ірі және орта, 18-шағын және 17 қосалқы, жұмыспен қамтылғандар саны 2 мыңнан астам адам. 20-дан астам кен таралған пайдалы қазбалар тіркелген.
Тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясы,газ, су өндіру және бөлу қалыптастыратын салалары болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру тау кен өнеркәсібінің негізін құрайды. «Асар Инвест» ЖШС, «Семей Жолдары» ЖШС жүйе құраушы кәсіпорындары болып табылады. Әктас, гипс, қиыршық тас, саз балшық, каолинкен өндіру өнеркәсібінің негізгіөнімі болып табылады.
Ауданның тау-кен өнеркәсібінің үлесі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі 22% құрайды.
Өңдеуші өнеркәсіптің негізі келесі кіші салалардан тұрады: металлургия өнеркәсібі, оның ішінде: негізгі бағалы және түсті металдарды, өзге де металл емес минералды өнімдерді, машиналар мен жабдықтарды өндіру. Шығарылатын өнім түрлері: портландцемент, алтын мен күміс өңделмеген және жартылай өңделген ұнтақ түрлері, сұйықтықтарды айдауға орталықтан тепкіш сорғылар, оларға қосалқы бөлшектер.
Өңдеу салалардың жүйеқұраушы кәсіпорындары«Қазақцемент» ЖШС,  «АС Горняк» ЖШС, «Георгиевка сорғы жабдықтау зауыты» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС, «Разий» ЖШС болыптабылады.
Ауданның өңдеуші өнеркәсіптің үлесі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 73% құрайды.
Ірі өнеркәсіптіккәсіпорындардың бірі «Бақыршық тау-кен өңдіру кәсіпорны»ЖШС болып табылады, қызметінің негізгі түрі болып өңдеу құрамында алтыны бар кенді алу және катодтық алтынды өндіру.
Ауданға тартылатын шетелдік капитал, шетелдік инвестициялардыңқатысуытолығымен осы кәсіпорынға тиесіл. Ірі салық төлеуші болып,400 астам адам жұмысістейді.Ауэзов кентінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жалпы құны 185,0 млн. теңге меморандум аясында бала бақшаның күрделі жөндеу жұмысын жүргізеді
Қазіргі уақытта ҚР 2015-2019 жылдарғыИндустрияландыру картасына енгізілгенметаллургиялық және кен орнын игеру құрылысы бойынша инвестициялық жоба «Бақыршық» өнеркәсібіндеіске асырылуда.
Шар қаласы маңындажобалық қуаты жылына 1 млн. тонна цемент шығаратын ҮИИД МБ аясындасалынған «Қазақцемент» ЖШС зауыты жұмыс істейді.Болашақта «Казахцемент» ЖШС жел электростанциясы құрылысын жоспарлауда.
Сондай-ақ, ірі өнеркәсіптін бірі ретінде геодезиялық, гидрографиялық , іздестіру жұмыстарымен айналысатын «Казинтерэтнос» ЖШС болып табылады.
Доңғалақ жұптарын және тепловоз жөндеу жұмыстары«Камкор – Локомотив» ЖШС  негізгі қызмет түрі болып табылады.
Біздің мемлекетіміздің дәстүрлі болып саналатын«Георгиевка сорғы жабдықтау зауыты» ЖШС ортадан тепкіш және консольдік насостар, оларға қосалқы бөлшектер шығарады.
«Старательская Артель Горняк»ЖШСалтын кенін өңдеуімен,катодтық алтынныңалуымен айналысады.

Ауданда 2 257 шағын бизнессубъектілері:оның ішінде 107 заңды тұлғалар, 1 622 жеке кәсіпкерлер және 528 шаруа қожалықтарытіркелген. 3 271 адамжұмыспен қамтылған.
Шағын және орта бизнестің үлесіне 35% - өнеркәсіп өндірісі,  30% -  меншік кірістерінің түсімдеріжәне 100% бөлшек сауда тауар айналымы мен қызмет көрсетуі келеді.
2015 жылы жанар-жағар май құю станциясы, 2 құрылыс материалдар дүкені, 2 техникалық қызмет көрсету станциясы, 1 қонақ үйі, 7 азық-түлік дүкені, 1 мейрамхана, 1 – асхана пайдалануға берілді.

Білім беру жүйесінде43 мектеп бар: оның ішінде - 23орта,  16негізгі, 4бастауыш. Оқушылар контингенті - 6 653 адам. 48 мектепке дейінгі мекемелерде, 7 балабақша және 41 шағын орталық бар. 1 168 мұғалімжұмыс істейді.
Ағымдағы жылда Шар қаласы және Жаңғыз – Төбекентінде300 орындықты 2 мектептің (апаттық жағдайдағы мектептердің орнына) құрылысы аяқталды.

Денсаулық сақтау жүйесін орталық аудандық және Шар қалалық ауруханалары, 11 жанұялық амбулаториялар, 3 - фельдшерлік-акушерлік пунктер, 29 - медициналық пунктер, 1 жанұялық амбулатория (жеке) құрайды. 72 дәрігер, 310 орта медициналық персоналжұмыс істейді.

Парақтар өзгертілді: 24-08-2017