Әкім аппараты

Жарма ауданы әкімдігінің регламенті *.doc 67 KB
Положение ГУ "Аппарат акима" *.zip 1.4 MB
Ауданның атқарушы органдарының міндеттерін және функцияларын анықтайтын нормативтік актілер, заңдар тізбесі  *.doc 64 KB

Нұрғалиев Нұрлыбек Ақылбекұлы Аудан әкімінің орынбасары - Нұрғалиев Нұрлыбек Ақылбекұлы
1980 жылдың 12 қаңтарында Семей облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғарғы. 2007 жылы орта Азиялық университетін заңгер мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ гуманитарлық - иновациялық заң университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылдың қыркүйек айынан 2008 жылдың қаңтар айына дейін - Өскемен қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы Жарма филиалының инспекторы. 2008 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін - Өскемен қаласының №3 Халыққа қызмет көрсету орталығы Жарма филиалының инспекторы. 2008 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың қараша айына дейін - «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, 2008 жылдың қараша айынан 2011 жылдың шілде айына дейін - бас маман. 2011 жылдың шілде айынан 2013 жылдың тамызына дейін «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі болып тағайындалды. 2013 жылдың 4 қазанынан қазіргі уақытқа дейін Бірлік ауылдық округінің әкімі. 2016 жылдың маусым айынан бастап аудан әкімінің өкімімен Жарма ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Жанұялы. Екі баланың әкесі.

Функционалдық міндеттері: Жарма ауданының экономика және қаржы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің жұмыстарын үйлестіру. Салық комитетінің, қазынашылық бөлімінің, екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарының, ШҚО-ның жылжымайтын мүлік орталығының филиалының, аудандық статистика бөлімінің өзара жұмыстарын ұйымдастыру. Жылжымайтын мүліктермен және коммуналдық меншіктермен жұмыс істеу, мүлікке инвентаризация өткізу, дұрыс пайдалану және коммуналдық меншіктегі бос басқару объектілерін беру. Аудан аумағындағы сәулет және қала құрылысы жұмыстарын, барлық құрылыс кешенінің қызметін үйлестіру, күрделі құрал мен құрылыс материалдары өнеркәсібінің базасын дамыту жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жоспарын жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі, ауданның бас жоспарының орындалуына, қала құрылысын үйлестіру жоспар кестелеріне, көркейту жұмыстарына басшылық жасайды. Энергетика, өнеркәсіп және байланысқа қатысты нормативтік актілерін басшылыққа алып, су құбыры жүйелері мен қоңдырғыларын қалпына келтіру, жылу беру көздерін қайта жаңарту, автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған бағдарламалардың орындалуына, қаржылық-сметалық жобалау жұмыстарының жүргізілуіне бақалау жасайды. ШҚО Жарма ауданының  «Жарма су» КММ,  «Горводхоз» КММ, «Жарма тас жолдары» ЖШС,  «ДЭУ-28» мекемесі, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты ММ-нің Тау-Дала филиалымен және облыстық «Облшығысжол» ЖШС-гі, «Шығысэнерготрейд» ЖШС,  жұмыстарымен  өзара байланыс ұйымдастырады. Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде комиссиясын басқарады. Жол қатынасы, транспорт, жол қауіпсіздігі, инженерлік коммуникация, жобалау мәселелерін үйлестіреді. Орман және аңшылық мәселелерімен айналысады. Қысқы мерзімде объектілердің жұмыс істеуін дайындау, елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, елді мекендердегі санитарлық жағдайы жөнінде жұмысты  үйлестіреді. Ауданның сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін үйлестіру.

 Мекен-жайы: ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105 үй
Қабылдау уақыты: күнделікті сағат 14-00 - ден 18-00 – ге дейін
Телефон: 8 (72347) 65-766
e-mail: nu.nurgaliev@akimvko.gov.kz

Брынзов Сергей Михайлович

Аудан әкімінің орынбасары – Брынзов Сергей Михайлович

1957 жылы 21 желтоксанда Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында дүниеге келген. Ұлты - орыс. Білімі жоғары. 1979 жылы Семей қаласындағы Н.Крупская атындағы педагогикалық институтын физика және математика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1980 және 1980 жылдары Жарма аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1980 және 1981 жылдары Семей облыстық комсомол комитетінің аппарат нұсқаушысы, 1981 және 1982 жылдары әскер қатарында қызмет етті, 1982 жылдан 1983 жылға дейін Семей облыстық комсомол комитетінің ауыл жастар бөлімінде нұсқаушысы, 1983 жылдан 1987 жылға дейін Бородулиха аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1987 жылдан 1991 жылға дейін Жарма аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, 1991 жылдан 1994 жылға дейін Жарма аудандық «Рауан-Восход» газетінің редакторы, 1994 және 1995 жылдар аралығында Георгиевка ауылдық әкімшілігінің әкімі, 1995 және 1996 жылдар аралығында Жарма ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1996 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін Жарма ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді.

Функционалдық міндеттері
Ішкі саясат, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, «Қалба тынысы» аудандық газетінің және басқа да БАҚ-ның жұмыстарын үйлестіреді.
Аудан тұрғындары арасында саяси ахуалды, ел аралық және діни аралық ризашылығын ұйымдастырады. Аудандық ардагер кеңесінің, «Қазақ тілі» қоғамының, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау жөнінде жұмыстар жүргізеді. Мемлекеттік санитарлы- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының, әділет басқармасының, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің, зейнетақы төлеу орталығының, «Қазақтелеком» АҚ-ның, «Қазпошта» АҚ-ның өзара байланысын ұйымдастырады.
Әлеуметтік денсаулық сақтандыру, білім беру, жастар саясатын, кәсіптік мектеп, кадр дайындау салаларын дамыту жөніндегі жұмыс жүргізеді.
Аудандық жасөспірімдердің құқықтарын қорғау ономастикалық, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі- қылмыстық жаза атқаратын мекемелерге жәрдемдесу, жанұя және гендерлік саясат, жол жүру қауіпсіздігі, тұрғын үй және учаскелік комиссияларын басқарады.
Жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдайды.
Делбегетей, Қызылағаш, Қарасу, Божығұр, Калбатау ауылдық округтері, Жарма кенті әкімдерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

Мекен-жайы:ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы Достық көшесі 105
Қабылдау уақыты: күнделікті сағ. 14-00 - ден 18-00 – ге дейін
Телефон: 8 (723 47) 65-351
e-mail:s.brynzov@akimvko.gov.kz

Ибраев Айдар Маратович Аудан әкімінің орынбасары - Ибраев Айдар Маратович

Ибраев Айдар Маратұлы 1979 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша, 2009 жылы жоғарыда аталған университетті құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің тілшісі ретінде бастаған. 2004-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекші маманы, ұйымдастыру – инспекторлық бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының көмекшісі, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің талдау және әлеуметтік-саяси жағдайлар секторының бас маманы, 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, 2010-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және онер бөлімінің бастығы, 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, 2013 жылдың наурызынан 2013 жылдың қазанына дейін Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік филармониясының директоры қызметтерін атқарған. 2013 жылдың қазан айынан «Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2013-2015 жылдары Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап аудан әкімінің өкімімен Жарма ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мекен-жайы:ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы Достық көшесі 105
Қабылдау уақыты:күнделікті сағ. 14-00 - ден 18-00 – ге дейін
Телефон: 8 (723 47) 65-351
e-mail: a.ibraev@akimvko.gov.kz

Узбеков Асқар НұраллаұлыАппарат жетекшісі - Узбеков Асқар Нұраллаұлы

Узбеков Асқар Нұраллаұлы 26 қараша 1955 жылы Семей облысы Жарма ауданы Криуши ауылында туған. 1980 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын емдеу дәрігері мамандығы бойынша, 2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін қаржыгер мамандығы, 2013 жылы Талдықорған заң колледжін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылдың тамыз айынан Семей қаласында отоларингология бойынша облыстық клиника емханасында дәрігер-интерн болып бастады. 1981-1999 жылдары Көкпекті аудандық медицина бірлестігінің дәрігер-отолорингологы, емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары, халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша бас дәрігерінің орынбасары, Жарма аудандық орталық емхананың дәрігер-отолоринголог, емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары, статистика кабинетінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1999-2007 жылдары ШКО Семей ММСФ (ФОМС) Жарма ауданы бойынша директоры, «Айдар» АДА-ның бас дәрігері, ШҚО ақпараттық-медициналық орталығының аналитикалық бөлімнің басшысы, Жарма аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, ШҚО денсаулық сақтау Департаментінің бас маманы.
2007-2014 жылдары Жарма аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы, ұйымдастыру және заңгерлік бөлімнің басшысы, Жарма аудандық білім бөлімінің инспекторы, заңгері. 2014 – 2015 жылдары «Жарма ауданы әкімі аппараты» ММ-нің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы, 2015 жылдың маусым – қыркүйек айларында аудан әкімінің персоналды басқару бөлімінің басшысы. 2015 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

Функционалдық міндеттері
Аудан әкімдігі аппаратының қызмет көрсетуін қамсыздандыру жөнінде жұмысын басқарады және ұйымдастырады. Аудандық әкімдік мәжілісінде қаралатын сұрақтар бойынша аудандық атқарушы органдардың қызмет көрсету жұмыстарын болжайды және үйлестіреді, әкімдіктің жұмыс жоспарын және қаулыларын орындауына бақылау жасайды.
Аумақтық бірліктер әкімдерінің, аудандық бөлімдердің Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындау жөнінде қызмет көрсетуін үйлестіреді.
Аудан әкімі және облыс әкімі аппаратының арасында байланысын қамтамасыз етеді, тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізеді. Аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың, облыстық басқармалармен және олардың жергілікті бөлімдермен өзара байланысын қамсыздандырады. Әкім аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің, қаржы-шаруашылық, жұмылдыру және төтенше жағдайлар бөлімінің, кеңсенің жұмыстарын басқарады және ұйымдастырады. Аппарат мәжілістерінде аудан әкімі берген тапсырмаларын орындауын бақылайды.
Әкім тағайындайтын кадрлар жөнінде ұсыныс енгізеді. Бөлім басшыларын және аумақтық бірліктер әкімдерін тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныс енгізеді.
Аппарат қызметкерлеріне (Е-4, Е-5) категориялар тағайындайды және жұмыстан босатады. Аудандық награда бойынша комиссияны және тәртіптік комиссияны басқарады.
Аудандық сайлау комиссиясымен озара жұмыс жүргізеді.
Жеке сұрақтар бойынша қабылдайды.
Бірлік, Белтерек, Аршалы, Жайма, Терістаңбалы әкімдерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

Мекен-жайы:ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы Достық көшесі 105
Қабылдау уақыты:күнделікті сағ. 14-00 - ден 18-00 – ге дейін
Телефон: 8 (723 47) 65-187

 

Асаубаев Шалқар Советханұлы Аудан әкімінің көмекшісі - Асаубаев Шалқар Советханұлы

1992 жылдың 15 маусымында Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін аяқтап «Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры» мамандығын иеленді. 2015 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистратурасын аяқтап «Экономика және қаржы магистрі» дәрежесіне ие болған. 2014 жылдың тамыз және қараша айлары аралығында «Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-де экономист. 2014 - 2015 жылдары аралығында «Жарма ауданы әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінде бас маман м.а. 2015 жылдың қыркүйек айынан - 2016 жылдың шілде айы аралығында «Жарма ауданы әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы. 2016 жылдың 16 шілде айынан бастап аудан әкімінің өкімімен Жарма ауданы әкімінің көмекшісі лауазымына тағайындалды.

Мекен-жайы: ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105 үй
Қабылдау уақыты:күнделікті сағ. 14-00 - ден 18-00 – ге дейін
Телефон: 8 (723 47) 65-367
e-mail: sha.asaubaev@akimvko.gov.kz 

Есенжолова Жанат Сырлыбайқызы

Ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі – Есенжолова Жанат Сырлыбайқызы

1964 жылдың 23 қарашасы күні Семей облысында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1986 жылы Семей педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойнша бітірді. 1981 және 1982 жылдары Семей облысы Жаңасемей ауданы Зубаир селосында жөндеу-құрылыс басқармасының жұмысшысы, 1982 және 1986 жылдар аралығында Семей педагогикалық институтының студенті, 1986 және 1987 жылдары Семей қаласындағы №27 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі. 1987 және 1992 жылдар аралығында Семей облысы Жарма ауданы Новореченск ауылындағы Чапаев атындағы орта мектепте тәлімгер. 1992 жылдан 1994 жылға дейін Жарма ауданындағы жұмысшы жастар мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі. 1994 және 1995 жылдары Жарма аудандық білім бөлімінің әдіскері. 1995 жылдың наурыз айынан қараша айына дейін Георгиевка ауылындағы Абай атындағы орта мектеп директорының орынбасары, 1995 және 1996 жылдары Жарма аудандық білім комитетінің әдіскері, 1996 және 1997 жылдары Жарма аудандық білім бөлімінің жетекші маманы. 1995 жылдың наурыз айынан шілде айына дейін Жарма оқу округінің территориалдық бөлімінің жетекші маманы. 1997 жылдан 2007 жылға дейін Жарма аудандық білім бөлімінің жетекші маманы, 2007 жылдың шілде айынан қыркүйек айына дейін Жарма ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы. 2007 жылдан 2010 жылға дейін Жарма ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасады. 2010 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жарма ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің жетекшісі болып жұмыс істейді.

Функционалдық міндеттері
Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады. Аудан әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен, сонымен қатар басқа да мемлекеттік мекемелермен және территориалдық бірлік әкімдерімен жұмыс ұйымдастырады. Референдум және сайлау ұйымдастырады. Әкімшілік – территориалдық құрылымға нормативтік–құқықтық актілерді дайындайды. Кадрлік резервті құру, кадрлік жұмыстарды ұймдастыру жұмыстарын жүргізеді. Кадрлік резервтен жоғарылау ұсыныстарын береді.

Мекен-жайы: Жарма ауданы Қалбатау ауылы Достық көшесі 105
Қабылдау уақыты: күнделікті сағат 14.00 - ден 18.00 – ге дейін
Телефон: 8 (723 47) 65-189
E-mail: zh.esenzholova@akimvko.gov.kz

Ауеспаева Дина ЖасұланқызыҚұжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекшісі - Ауеспаева Дина Жасұланқызы

1976 жылдың 2 наурызы күні Семей облысы Жарма ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғарғы. 1997 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылдың қыркүйек айынан 2002 жылдың қараша айына дейін – Жарма ауданы Қызылағаш ауылындағы Қызылағаш орта мектебінің тарих пәні мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2002 жылдың қараша айынан 2006 жылдың қаңтар айына дейін – Жарма ауданы Георгиевка ауылындағы «Жарма ауданының білім бөлімі» ММ-нің  әдіскері. 2006 жылдың қаңтар айы мен 2008 жылдың қаңтар айы аралығында - «Жарма ауданының білім жүйесіндегі ақпараттық-инновациялық технологиялар орталығы» ММ-сінде директор. 2008 жылдың қаңтар айынан маусымына дейін  - «Жарма ауданының білім бөлімі» ММ-сі бас маманының міндетін атқарушы. 2008 жылдың маусым айынан 2011 жылдың  қазанына дейін - «Жарма ауданының білім бөлімі» ММ-сінің бас маманы. 2011 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Жарма ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекшісі.

Функционалдық міндеттері
Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады. Нұсқау бойынша ауылдық, селолық және қалалық округтерге бақылау жасау, сондай-ақ ұжымды іс жүргізу. Құпия құжаттармен іс жүргізу. Хат хабарларды қабылдау және тарату. Жарма ауданының мемлекеттік мекемелері арасында құжат айналым жүйесінің электронды түрін енгізілуін, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізілуін қадағалайды.

Мекен-жайы: ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы Достық көшесі 105
Қабылдау уақыты: күнделікті сағ. 14-00 - ден 18-00 – ге дейін
Телефон: 8 (723 47) 65-536
E-mail: d.auespaeva@akimvko.gov.kz

Жаябаев Мират МаратұлыЗаңгерлік және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі - Жаябаев Мират Маратұлы

1985 жылдың 12 маусымда Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002-2004 жылдары аралығында ҚР ІІД Алматы заң колледжінің тәлімгері. 2004-2006 жылдар аралығында Семей қаласының ШҚО ІІД ММ жедел уәкілі. 2006-2009 жылдары аралығында Өскемен қаласының ШҚО ІІД жедел уәкілі. 2011 жылдың шілде және қараша айлары аралығында Жарма ауданының жұмыспен қамту бөлімінің орташа деңгейдегі маманы. 2011 жылдың қараша айынан 2014 жылдың қаңтар айына дейін Жарма ауданының заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы. 2014 жылдың 6 қаңтарынан бастап қазіргі күнге дейін заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы.
Үйленген, ұл тәрбиелеуде.

Функционалдық міндеттері
Бөлімнің жұмысын басқарады және ұйымдастырады. Аудан әкімі мен әкімшілігінің нормативтік–құқықтық актілерінің жобасын дайындайды. Құқықтық сұрақтар бойынша аудан әкімінің мүддесін соттарда және басқа да ұйымдарда көрсетеді. Ауылдық округтерге құқықтық сұрақтар бойынша көмек көрсетеді. Әйелдерге қарсы қылмыстық істер, адам сату, экстремизм және терроризм бойынша аудан мәселелерін талдайды, сонымен қатар оларға шешім ұсыныстарын дайындайды.

Мекен-жайы:Қалбатау ауылы Достық көшесі 98
Телефоны:8 (723 47) 65-642
E-mail:m.zhayabaev@akimvko.gov.kz
Қабылдау уақыты:күнделікті сағат 14-00-ден 18-00-ге дейін

Сәтпеков Сәкен ӘлмұхамбетұлыҚаржы-шаруашылық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімінің жетекшісі - Сәтпеков Сәкен Әлмұхамбетұлы

7 наурыз 1974 жылы Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында туған. 1996 жылы Семей зоотехникалық малдәрігерлік институтын, зооинженер мамандығы бойынша, 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, экономика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Сандықтас» жеке меншік кәсіпорынның бөлім меңгерушісі қызметінен бастады. 1997-2005 жылдары Жарма аудандық әскери комиссариаты бастығының көмекшісі, «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің есептеу технигі, 2005-2007 жылдары Жарма ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің жетекші маманы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы, 2007-2010 жылдары Жарма ауданының қазынашылық бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары «Жаңғызтөбе кенті әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы және «Жарма ауданы әкімі аппараты» ММ-сінің қаржы-шаруашылық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
2014 жылдың 3 маусымынан «Жарма ауданы әкімі аппараты» ММ-сінің қаржы-шаруашылық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы.

Функционалдық міндеттері
Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады. Төтенше жағдайлар, мобилизациялық дайындық және қаржы шаруашылық жұмыстарын басқарады. Заң жүзінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын басқарады. Аппараттың балансында тұрған ағымды және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады, коммуналды мүлік объектілерінің құжаттарын заң бойынша рәсімдейді. Азаматтардың үзірін өз біліктілігі аясында қарастырады.

Мекен-жайы:ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы Достық көшесі 105
Телефон:8 (723 47) 65-272
E-mail: s.satpekov@akimvko.gov.kz
Қабылдау уақыты: күнделікті сағ. 14-00 - ден 18-00 – ге дейін

Ақзамов Данияр ТоқанұлыПерсоналды басқару бөлімі жетекшісі - Ақзамов Данияр Тоқанұлы

Ақзамов Данияр Тоқанұлы 3 мамыр 1983 жылы Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында туған. 2002 жылы М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін шетел тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Терістаңбалы негізгі мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде бастады. 2012 жылы «Мейірім» спорт және сауықтыру демалыс лагерінде спорт нұсқаушысы, Д.Қалматаев атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болған. 2012-2014 жылдары Жарма ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы, персоналды басқару бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
2015 жылдың 9 желтоқсанынан «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөлімінің басшысы міндетін атқарушы, 2016 жылдың 18 қаңтарынан персоналды басқару бөлімінің басшысы.

Функционалдық міндеттері
Бөлімді жалпы басқаруды жүзеге асырады. Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру. Мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау. Мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптарын сақталуын қадағалау. Мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы  қамтамасыз ету. Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметкерлерінің жеке бас құжаттарының және  қызметтік тізімдеріне дербес деректерiн, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелерi туралы мәлiметтердi уақытылы толтырылуды қамтамасыз  ету. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы  мен  мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын,  сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу.

knМекен-жайы: ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы Достық көшесі 105
knҚабылдау уақыты: күнделікті сағ. 14-00 - ден 18-00 – ге дейін
knТелефон: 8 (723 47) 65-536
knE-mail: d.akzamov@akimvko.gov.kz

Еркебаев Дидар СерікұлыАқпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің жетекшісі - Еркебаев Дидар Серікұлы

1986 жылдың 21 қарашасында Семей облысы, Шар ауданы, Шар қаласында туған. Білімі – жоғары. 2002 - 2006 жылдары Семей политехникалық колледжін техник-бағдарламашы мамандығы бойынша аяқтаған. 2010-2013 жылдары Семей қаласының "Қайнар" университетін "Есептеу  техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2005 - 2006 жылдары аралығында Семей қаласы «Кипжан» ЖШС-нің күзетшісі болып бастаған. 2006 - 2007 жылдары аралығында «Жарма аудандық білім жүйесіндегі ақпараттық инновациялық технологиялар орталығы» ММ-нің техник-бағдарламашысы. 2007 - 2008 жылдары аралығында «Жарма ауданы әкімі аппараты» ММ-сінің бағдарламашысы. 2008 - 2009 жылдары аралығында Жарма ауданының мемлекеттік қызметшілерін компьютерлік сауаттылыққа оқыту курсының оқытушысы. 2009 - 2010 жылдары аралығында «Жарма ауданы әкімі аппараты» ММ-нің бағдарламашысы. 2010 - 2016 жылдары аралығында «Жарма ауданы әкімі аппараты» ММ-нің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы. 2016 жылдың шілде айынан бастап, «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің  ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды

Функционалдық міндеттері: Бөлімге басшылық жасайды. Бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерін бөлу сұрақтарын, тиісті орындаушылық пен еңбек тәртібін қамтамасыз етеді; ақпараттандыру және «электрондық үкімет» мемлекеттік саясаты және мемлекеттік реттеу бойынша аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен өзара іс атқару. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және аудан әкім аппаратының функцияларын автоматтандыру бойынша іс-шаралар жүргізу. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен аудан әкімі аппаратынында біріңғай электронды құжат айналым жүйесін сүйемелдеу және енгізу. Аудан әкімінің ресми сайтына және блогына әкімшілік жасау және дамуын ұйымдастыру. Жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттандыру бағдарламаларын және жоспарларын қарастыру және келісуді ұйымдастыру. Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалауға бақылау жасау. Аудан әкімінің және аппарат басшысының тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы талаптарының сақталуын қадағалау. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мониторингін жургізу. Ауданның мемлекеттік органдарының «Е-лицензиялау», «Е-әкімдік», «МОИП», «ЭҚАБЖ» ақпараттық жүйелерін енгізу және түсініктеме беру. Мемлекеттік органдардың «Ақпараттық технологияларды пайдалану» бағыты бойынша қызмет нәтижесінің тиімділігін бағалау жұмыстарын жүргізу. ИСО-9001 халықаралық стандарт талаптарын орындайды. Бөлім басшысының басқа да құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен реттелінеді.

kn Мекен-жайы: Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105 үй
kn Қабылдау уақыты: күнделікті сағат 14.00 - ден 18.00 – ге дейін
kn Телефон: 8 (723 47) 65-279
kn E-mail: d.erkebaev@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 31-07-2017