Аудан әкімі

Құрметті достар!

Жарма ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер.
Бүкіл республикамен қатар Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы да шұғыл дамып келеді. Экономика біртіндеп дамуда, мәдени және спорт өмірінде айтарлықтай табыстар байқалып, кіші және шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын жармалықтар саны өсуде. Қазақстан Республикасының Президенті жоспарлаған «Қазақстан 2030» стартегиясының ажырамас бөлігі болып табылатын әлеуметтік бағдарламалар табысты жүзеге асуда.
Жарма жері пайдалы қазбаларға бай, олардың ары қарай игерілуі үшін индустриалдық-инновациялық «шұғыл алға жылжу» жобаларын іске асыру басталды.
«Электрондық әкімшілік» идеясын жүзеге асырудағы алғашқы қадам – қазіргі сайт болып табылады, мұнда әрбір пайдаланушы, аудан тұрғыны, кәсіпкер мен инвестор барынша мөлшерде ақпарат алып, қойылған сұраққа жауап ала алады.
Біздің сайт ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ жергілікті атқару органдары қызметіне жағдай жасайтынына сенемін.

Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!

 

Сыдықов Нұрлан Бәтташұлы Аудан Әкімі - Сыдықов Нұрлан Бәтташұлы
Сыдықов Нұрлан Бәтташұлы Семей облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында 1958 жылғы 11 ақпанда дүниеге келді. Білімі  жоғары, Алматы қаласының Қазақ политехникалық институтын 1980 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Екі мәрте Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының, бір рет Семей қаласы мәслихатының депутаты болып сайланған. Техникалық ғылыми кандидаты. Қазақ гуманитарлы - заң университетін заңгер мамындығы бойынша аяқтаған. Үйленген. Үш  баланың әкесі.
Еңбек жолын «Алтайзолото» кен – байыту комбинатында тау – кен инженері қызметінен бастады. Он бір жыл қызмет атқарып, Нұрлан Бәтташұлы тау – кен  шеберінен  шахта басшысына дейін өсті. 1996 жылдан бастап 2002 жылға дейін «Семей көмірлері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. 2003 – 2005 жылдары акционерлердің шақыруы бойынша «Семей құс» ЗАҰ басқармасында төраға қызметін  атқарды. 2006 – 2010 жылдары  «DZET GROUP» тәуелсіз  сараптаманың Семей қаласындағы филиалын басқарды. 2010 – 2013 жылдары «Семей инжиниринг»  АҚ-ның бас директоры, СПК «Ертіс» ұлттық компаниясының  басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 2013 – 2015 жылдары Бесқарағай ауданының әкімі. 2015 жылы 13 қазаннан бастап  Шығыс Қазақстан облысы  әкімінің  № 183-к өкімімен Нұрлан Бәтташұлы Сыдықов Жарма ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Міндеттерді бөлу:
Аудан бойынша жалпы бақылау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің шешімдерімен өкімдерді орындау жөнінде стратегиялық және ағымды міндеттерді, ауданның экономикалық және әлеуметтік даму міндеттерін шешу, басқару құрылымын оңтайландыру. Кадрлық саясатты жүргізеді.
Бюджетті қалыптастыру жұмысын басқарады, жергілікті бюджетке кірістерді уақытында түсетіндігіне бақылау жасайды және бекітілген бюджеттік бағдарламаларына сәйкес бюджет құралдарын пайдалануын қамсыздандырады.
Тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы жоғары органдарға ұсыныс енгізеді.
Аумақтық бірліктер әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді.
Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді.
Прокуратура, сот, ішкі істер бөлімі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары, қаржы полициясы аралығында ұйымдастыру байланысын жүзеге асырады.
Қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын бақылайды.

Қабылдау күндері:Әр айдың ІІ, ІV дүйсенбісі 14-00 - ден 18-00-ге-ге дейін
Телефон: 8(723 47) 65-222
e-mail: nu.sydykov@akimvko.gov.kz

 ӘКІМНІҢ БЛОГЫ

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016