Ауыл шаруашылығы

2018 жылдың 1 тоқсанындағы  Жарма ауданының ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы ақпарат

Ауыл шаруашылық саласындағы 576 ауыл шаруашылық құрылымында (528 шаруа қожалығы, 34 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі, 12-ЖСШ, 2-мемлекеттік мекеме) 2 117 адам жұмыс атқарады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2414,8 млн. теңгені құрап, 2017 жылдан  302,0 млн.теңгеге немесе 14,3 пайызға артты. Табиғи көлем индексі 104,3 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш тек мал шаруашылығы өнімі бойынша, өсімдік шаруашылығы өнімін есетеу  2 тоқсаннан басталады.
Ет өндірісі 2306,4 тоннаны құрап, 157,4 тоннаға артты (немесе 7,3 пайызға артты), сут өндірісі – 6846,0 тоннаны құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 100 пайыз, 667 мың дана жұмыртқа алынып 4,9 пайызға артты.
Ірі қара мал басының саны 83057 басты, (3,1 пайызға артты), қой мен ешкі 199131 басты (7,3 пайызға кеміді), жылқы 25749 басты (4,3 пайызға артты) құрады.
Ауыл шаруашылық малдарының тұқымдық түрлену бағдарламаласы аясында сатып алынған  212 бас асыл тұқымды ірі қара малына 31,8 млн. теңгені құрайтын субсидия төленді  және  62 бастың құжаттары реттелуде. Сонымен қатар шаруашылықтар  қажетті 230 бас асыл тұқымды бұқаны сатып алу жұмыстарын жалғастыруда. Қалбатау  ауылында халықтан сүт жинау жұмыстарын  ұйымдастыру бағытында,құрамында сүт қабылдау пункті болатын  «Шіңгіл» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды.
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығы саласында өткен жылғы егістік алқабының көлемін игеру межеленіп, сақталған 1490 тонна дәнді дақылдар тұқымы өңдеуден өткізілді. Тазаланған тұқымдары тұқымдық зертханада тексеруден өткізіліп, өнгіштік сапасы жағынан толықтай кондициялы деп танылды. Аудан бойынша бес шаруашылық құрылымдары егістікке қолданып, егіннің сапасы мен түсімділігін арттыру мақсатында 68,0 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алды.
Мемлекет тарапынан АШТӨ-ге көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін 585,0 тонна арзандатылған бағада дизель отыны бөлінді. Наурыз айынан бастап шаруашылықтар тарапынан егістік алқаптарының электронды картасын жасау жұмыстары жүргізілуде. Бірінші тоқсанда 2018 ж 2 трактор, 2 шөп шабатын техникасы алынды.

2017 жылғы Жарма ауданының ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы ақпарат

Ауыл шаруашылық саласында 576 шаруашылық құрылымы (528 шаруа қожалығы, 34 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі, 12-ЖСШ, 2-мемлекеттік мекеме) немесе 2 117 адам жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 20 500 млн. теңгені құрап, 2016 жылдан 2 000,0 млн.теңгеге немесе 10,8 пайызға артты. Табиғи көлем индексі 101,9 пайызды құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы өнімі 13,2 пайызға артып, 16 312 млн.теңгені құрады (немесе жалпы өнім құнының 80 пайызы), өсімдік шаруашылығы өнімі 4188 млн.теңгені құрап, 17,2 пайызға ұлғайды (немесе жалпы өнімнің 20 пайызы). Ет өндірісі 17 190 тоннаны құрап, 655 тоннаға артты (немесе 4,0 пайызға артты), сут өндірісі – 52 376 тоннаны құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 100 пайыз, 4 000 мың дана жұмыртқа алынып 5,3 пайызға артты.
Ірі қара мал басының саны 65 900 басты, (2,2 пайызға артты), қой мен ешкі 171 825 басты (9,6 пайызға кеміді), жылқы 25 012 басты (3,3 пайызға артты) құрады.
Ауыл шаруашылық малдарының тұқымдық түрлену бағдарламаласы бойынша атқарылған жұмыстар шеңберінде  шаруашылықтар мал бастарын асылдандыру мақсатында 421 бас асыл тұқымды ірі қара және 803 бас қой малы сатып алды. Мал шаруашылығының дамуына жалпы 350,7 млн. теңгені құрайтын субсидия төленді.
Сұлусары  ауылында халықтан сүт жинау жұмыстары ұйымдастырылып, сүт қабылдау пункті шылды.
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығы саласында егістік алқаптарын игеру нәтежесінде: дәнді дақылдар алқабы 11,2 мың гектарға егіліп, 13,8 мың тонна өнім алынды, орташа түсімділігі әр гектардан 14,1 центнерден айналды.  Бұл көрсеткіш 2016 жылы 14,3 мың гектар, жиналған өнім 20,3 мың тонна болған, немесе егістік алқабы  3,1 мың гектарға, тиісінше өнім көлемі 6,5 мың тоннаға кеміді. Күнбағыс дақылы 3,9 мың гектарға егіліп, 3,2 мың тонна өнім жиылды. 2016 жылы 5,4 мың гектардан 4,0 мың тонна өнім жиылған, немесе егістік алқабы 1,5 мың гектарға,  тиісінше өнім көлемі 0,8 мың тоннаға кеміді. Картоп 239 гектардан 4,1 мың тонна өнім алынды. 2016 жылы 306 гектардан 5,1 мың тонна өнім алынған. Қыстамаға 2,0 тонна сүрлем, 5,5 мың тонна салом және  217,0 мың тонна шөп дайындалды. Бұл көрсеткіштер  2016 жылы  2,0 тонна сүрлем, 3,5 мың тонна салом, 215,0 мың тонна шөп болған.
Өсімдік шаруашылығы саласында 2017 жылғы егістікке АШТӨ-не  жоғары репродукциялы тұқым сатып алғаны үшін 7,1 млн.тенге, арам шөптермен күресуге гербицидтер қолданғаны үшін 6,4 млн.тенге, егістікке минералды тыңайтқыш қолданғаны үшін 27,4 млн.тенге және басым дақылдарды еккен егістіктері үшін 10,1 млн.тенге субсидия төленді. Жалпы төленген субсидия көлемі 27,4 млн.тенгені құрады.

2015 жылғы Жарма ауданының ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы ақпарат

Ауыл шаруашылық саласында 542 шаруашылық құрылымы (528 шаруа қожалығы, 12 – ЖШС, 2 – мемлекеттік мекеме) немесе  2 037 адам жұмыс  істейді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 15 848 млн. теңгені құрап, 2014 жылдан1 031,0 млн.теңгеге немесе 7 пайызға артты. Табиғи көлем индексі 101,9 пайызды құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы өнімі 5 пайызға артып, 11 993 млн.теңгені құрады(немесе 76 пайыз), өсімдік шаруашылығы өнімі 3 855 млн.теңгені құрап, 14 пайызға ұлғайды(немесе 24 пайыз).Ет өндірісі 15 813 тоннаны құрап, 1 096 тоннаға артты (7,5 пайыз), сүт өндірісі - 52 371 тоннаны немесе 100 пайызды құрады, 3 619 мың дана жұмыртқа  алынып, 5,1 пайызға артты.
Ірі қара мал басының саны 79 765 басты (3,5 пайызға артты),қой мен ешкі 203 980 басты (6,4 пайызға кеміді), жылқы 21 869 басты (6 пайызға артты) құрады.
Салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылып, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын-Асық» бағдарламалары шеңберінде жалпы 715 асыл тұқымды ірі қара, қой, жылқы малдары, шаруашылықтардың мал бастарын асылдандыру мақсатында - 201 бас асыл  тұқымды бұқалары  және 92 бас асыл  тұқымды  құнажындары сатып алынды. Мал шарушалығының дамуына жалпы 254,7 млн.теңгені құрайтын субсидия төленді.
Қалбатау ауылдық округіне қарасты «Айдын» шаруа қожалығы 50 басқа арналған сүт тауарлы фермасында қайта жарақтау жұмыстарын жүргізді.
Бірлік ауылында халықтан сүт жинау жұмыстары ұйымдастырылып, сүт қабылдау пунктінің жұмысы басталды.
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығы саласында егістік алқаптарын игеру нәтижесінде: дәнді дақылдар 12 821 гектарға егіліп, 2014 жылғы деңгейден 129 га ұлғайған.Дегенмен, орташа түсімділіктің кемуіне байланысты (7,3 цн/га - 2015 жыл, 10 цн/га – 2014 жыл)жалпы жиналған өнім 8 754 тоннаны құрап, 3 937 тоннаға немесе 31 пайызға азайды.
Күнбағыс 3 901 гектарға егіліп, өткен жылғы деңгейден 3 697 га немесе 49 пайызға кеміген. Орташа түсімділік 5,1 центнерді құрап, 1 734 тонна өнім алынды.  Картоп алқабы 189 га немесе 33 пайызға кеміп, 367 гектарға отырғызылды. 4 048 тонна өнім жиналып, өткен жылдан 4 776 тоннаға немесе 54 пайызға азайды.
Өсімдік шаруашылығына элиталық тұқым, гербицидтер сатып алуға, өнім сапасы мен түсімділігін арттыруға жиыны 51,8 млн. теңге бөлінді.
Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту бағытында 65 шаруашылықта жалпы 264 млн.тенгені құрайтын 116 бірлік ауыл шаруашылық  техникасы лизинг  арқылы сатып алынды.

2015 жылы Жарма ауданы аумағының табиғи климаттық аймақтарна (зыоналарына) сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлеріне сәйкес оңтайлы себілу және аяқталу мерзімдері *.doc 38 KB
2015 жылы басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидалары *.doc 53 KB
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары *.doc 45 KB

 

Парақтар өзгертілді: 24-07-2018