Ветеринария

Жарма ауданының ветеринария бөлімінің 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Ауданда ветеринария саласында мақсатты және жүйелі жұмыс атқарылады. Бөлім аудан әкімінің 2015 жылғы 4 мамырдағы өкімімен, құрамында 6 маман, құрылған. Бөлімге «Жарма ауданының ветеринариялық қызметі» КМК-ы 128 штаттық бірлігімен ведомстволық қарасты. Кәсіпорында 59 мал дәрігері, олардың 23-і жоғарғы білімді, 36-ы арнаулы орта білімді, 39 ветеринарлық санитар, 16 АЖБ-ның операторы және 14 бірлік аппараты. Халыққа және шаруа қожалықтарына қызмет көрсету үшін 20 ветеринарлық пункттер жұмыс істейді, барлығы қызметтік «Нива» автокөліктерімен, тиісті жихаздармен және оргтехникалармен қамтылған, 5 бірлік арнаулы техника, олардың 2-і УАЗ ДУК қауырғысымен (дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу ушін), 1-і инсинератор (мал өнімдерінің қалдықтарын, өлекселерді өртеу үшін), 1-і мал таситын.
Ауданда 2017 жылдың 1 қантарына 64 483 бас ірі қара малы, 189 628 бас қой-ешкі, 24 217 бас жылқы, 31 бас түйе, 230 бас шошқа, 30 000 бас құс тіркелген.
Биылғы жылға эпизоотиялық және энзоотиялық аурулардың алдын алу үшін бюджеттен 114845,0 теңге бөлініп, бүгінгі күнге 78 296,0 мың теңгесі игерілді немесе 68,2 %.
Осы уақытқа эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына және келген ветеринарлық препараттарға сәйкес барлық ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар орындалды.
Аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді:
Құтыру:16 000 бас ірі қара малы немесе 100%, 10 000 бас қой-ешкі немесе 100%, 200 бас жылқы немесе 100% жылдық жоспарға. 5375 бас ит немесе 67,5 %, 700 бас мысық немесе 100% жылдық жоспарға.
Аусыл:95 000 бас ірі қара малы немесе 67,5 %, 350 000 бас ҰММ немесе 66,5% жылдық жоспарға.
Лептоспироз: 2300 бас ірі қара малы немесе 92,5 % жылдық жоспарға, 8500 бас ҰММ немесе 100% жылдық жоспарға,  жылқы 1100 бас немесе 100% жылдық жоспарға,
Листериоз: 18 000 бас ІҚМ немесе 85,5% жылдық жоспарға,  ҰММ 7000 бас  немесе 63,5% жылдық жоспарға
Пастереллез: 17000 бас ІҚМ немесе 100% жылдық жоспарға,31000 бас ҰҰМ немесе 100% жылдық жоспарға,2600 бас жылқы немесе 100% жылдық жоспарға,
Сібір жарасы:4700 бас ІҚМ   немесе 60,5% жылдық жоспарға, 220000 бас ҰММ немесе 68,5% жылдық жоспарға, 19000 бас жылқы немесе 82,5% жылдық жоспарға. 20 бас түйе немесе 100% жылдық жоспарға. 400 бас шошқа немесе 100% жылдық жоспарға.
Эхинококкоз: 12000 бас етқоректілер немесе 63,5% жылдық жоспарға,
Қарасан:49000 бас ІҚМ немесе 81,5% жылдық жоспарға.  
Эктима:31000 бас ҰҰМ немесе 100% жылдық жоспарға.  
Туберкулез:90000 бас ІҚМ немесе 69,5% жылдық жоспарға, 15 бас түйе немесе 100% жылдық жоспарға.
Маңқа:2000 бас жылқы немесе 12,5% жылдық жоспарға.
Оба:15 бас түйе  немесе 100% жылдық жоспарға.
Брадзот:5000 бас ҰММ немесе 50,0% жылдық жоспарға.
Бүгінгі күнге серологиялық тексеру 65243 бас ірі қара малына жүргізілді, жылдық жоспардың 71,4% 758 бас оң нәтиже көрсетті; 239591 бас қой-ешкі, жылдық жоспардың 69,9% , 97 бас оң нәтиже көрсетті; 148 бас жылқы, жылдық жоспардың 87,5%, 1 бас оң нәтиже көрсетті, ИФА реакциясына 6375 бас ІҚМ жылдық жоспардың 38,1%, оң нәтиже жоқ; 277 бас ит-мысықтар жылдық жоспардың 69,3%, 58 бас оң нәтиже көрсетті.
Есепті кезеңге оң нәтиже көрсеткне ауылшаруашылық малдарының иелеріне малдарды санитарлық сою туралы 376 нұсқама берілді.
Анықталған малдар уақытында оқшауланып, ет комбинаттарына өткізілді.
Алынып жойылған ауру малдардың иелеріне өтемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 7574,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Аудан бойынша жалпы алаңы 320880кв.метр 161 объектіге дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
Ауданда ІҚМ қолдан ұрықтандыратынҚалбатау, Бірлік аауылдық округтерінде 2 пункт бар, ұрық алуға Өскемен қаласындағы «Племстанция» мекемесімен келісім шаттары бар.
2017 жылы қанғыған иттер мен мысықтарды аулап жоюға жерлілікті бюджеттен 3 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта 2 млн.212 мың теңгесі игерілді, немесе 1109 бас ит пен мысық жойылды.
Ауылшаруашылық  малдарын бірдейлендіру базасын (ИСЖ) қалыпты жүргізу үшін «Казагромаркетинг» АҚ-не жергілікті бюджеттен 2 млн.260 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. Ветеринарлық аңықтама бланкыларына 350 мың теңге бөлінді.
Бүгінгі күнге ЕАСУ жүйесіне жауапты мамандар бекітілген. Бөлім мамандарымен 9 айда 56 есептік нөмір (жаңадан берілген, ұзартылған) берілді. Ауданда 50 мал сою алаңы, 22 мал қорымы бар, оның 16 стандартқа сай, 6 стандартқа сай емес. 2017 жылы қалбатау ауылдық округінің Қапай батыр ауылында стандартқа сай мал қорымын салу жоспарлануда.

 

Жарма ауданы бойынша 2017 жылдың "Ауыл шаруашылығы малдарының сарып ауруына тексеру жұмыстарының барысы" туралы

Сарып ауруының алдың алу және жою мақсатында Жарма ауданы бойынша 2017 жылғы белгіленген профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.
Аудан бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына ІҚМ -64483 бас оның ішінде 33985 бас сиыр, ҰММ - 189628 бас оның ішінде 131717 бас саулық. Жылқылар - 24217 бас оның ішінде 10382 бас бие. Түйелер -  31 бас оның ішінде 25 бас аналық. Шошқалар - 230 бас оның ішінде 30 бас мегежін, құс 35000 бас оның ішінде 26000 бас аналық тіркелген.
Жоғарыда  көрсетілген малдарға 2017 жылы малдәрігерлік профилактикалық және диагностикалық жұмыстарын жүргізу үшін  Республикалық бюджеттен 118 млн. 200 мың тенге бөлінді ағымдағы уақыта аталған қаражаттың 43 млн 729 мың. теңгесі немесе 36,9 игерілді.

Ауыл шаруашылық малдарының 17 аса қауіпті ауруларына егу және анықтау жұмыстары түскен биопрепараттарға  сәйкес жүргізіліп отыр.
Ауданы бойынша 2017 жылдың ағымдағы уақытына сарып ауруына серологиялық зерттеуден 49901 бас  бас ірі қара мал өтті немесе жылдық жоспардың 73% орындалды оның ішінде 645 бас  оң нәтиже көрсетті.
Қой ешкіден 100023 бастан  қан сынамалары алынды немесе жылдық жоспардың 29,2 % орындалды оның ішінде 96 бас сарыпқа оң нәтиже көрсетті, ауру жануарлар ветеринариялық  талаптарға  сай  толығымен  жойылды.
Жылқы малынан 72 бастан  қан сынамалары алынып немесе жылдық жоспардың 42,6 % орындалды сарыпқа 1 бас жылқы оң нәтиже берді.
Ет қоректілер 115 бас иттен қан сынамалары алынып немесе жылдық жоспардың 28,8 % орындалды сарыпқа 35 бас ит оң нәтиже берді.
Сарыпқа оң нәтиже берген малдарды уақытылы жою мақсатыңда жеке және заңды тұлғаларға 274 нұсқамалар берілді.
Аудан бойынша 215 обьектінің, жалпы ауданы 10150 кв метр аумақты  құрайтын жерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Сарып ауруына оң нәтиже көрсеткен ІҚМ бойынша монторинг жағдайы төмендегідей- Аршалы округі бойынша -6 бас, Божығұр ауылдық округі бойынша -2бас, Қапанбұлақ округі бойынша - 5 бас, Терістаңбалы округі бойынша - 6 бас,  Ауезов округі бойынша - 9 бас, Жанғызтөбе округі бойынша - 10 бас, Қызылағаш округі бойынша -10 бас, Шалабай округі бойынша -11 бас, Бірлік округі бойынша -26 бас, Жарық округі бойынша - 68 бас, Бірлікшіл округі бойынша - 27 бас, Қарасу округі бойынша -69 бас, Дельбегетей округі бойынша - 48 бас, Қалбатау округі бойынша -55 бас, Суықбұлақ округі бойынша - 60 бас, Шар округі бойынша - 104 бас, Қаратөбе округі бойынша - 123 бас.
ҰММ бойынша - Қаратөбе округі бойынша - 2 бастан, Суықбұлақ округі бойынша -2 бас. Шар округі бойынша - 2 бас, Қапанбұлақ округі бойынша - 5 бас, Дельбегетей округі бойынша - 10 бас, Қалбатау округі бойынша - 15 бас, Бірлік округі бойынша -59 бас.

Божығұр ауылдық округі Қаражал  ауылында округ әкімінің 22 маусым 2016 жылғы №1 шешімімен сарып ауруынан шектеу іс –шаралары қойылып 2017 жылдың мамыр айына 2674 бас ірі қара малдан қан сынамалары алынып 31 бас сарыпқа оң нәтиже көрсетті. Аталаған ауру мал басы ветеринарлық санитарлық талаптарға сай жойылды. 
Сарып ауруынан Қаратөбе ауылдық округі Кеңтарлау ауылында орналасқан «Динара» ш\қ және Шар округінде орналасқан «Дәурен» ш\қ шектеу іс шаралары округ әкімдерінің 25.05.2017 жылғы №1 шешімімен белгіленді.
Бруцеллез ауруынан сауықтыру шаралары Жайма а/о әкімінің 2016 жылғы 6 қазандағы №1 шешіміне сәйкес «Матай» ШҚ «Дорорс»  учаскесінде енгізілген болатын. Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың ұсынысыңын қортыңдысы бойынша Жайма ауылдық округі әкімінің 26 қаңтар 2017 жылғы №1 шешімімен шектеу іс-шаралары округтен алынды.
Сонымен қатар сарып ауруын таратушы көзі болып қаңғыма иттер табылатындықтан осы жылға жергілікті бюджет есебінен 3,0 млн  тенге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге аудан көлемінде 690 бас қаңғыма ит оқшауланып жойылып 1 млн. 380 мың мың теңге қаражат игерілді.
Сарып ауруына оң нәтиже берген ұсақ малдардың құның 50 % мал иелеріне қайтару мақсатында 2016 жылы 1 млн. 858 мың теңге қаражат облыстық бюджеттен бөлініп толығымен игерілді, 2017 жылға облыстық бюджеттен осы мақсатқа 11 млн. 267 мың 200 теңге қаражат бөлінді.

Mұрағат

kn   2016 жыл

Парақтар өзгертілді: 01-11-2017