«Агробизнес-2020» бағдарламасы

Кедендік одақ шарттарында қызмет ету және дүниежүзілік сауда ұйымына келешектегі кіру аясында бәсекелестікті күшейтумен байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басты мақсаты АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай құру болып табылатын  агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» жаңа бағдарламасын бекітті.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесі төрт бағыттарбойынша жұмыс жүргізілетін болады: 1. Қаржылық сауықтыру; 2. АӨК субъектілеріне тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қол жетімділігін арттыру; 3. АӨК субъектілерін қамтудың мемлекеттік жүйелерін дамыту; 4. АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру.
Қаржылықсауықтыруқайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, кредиттер мен жобаларды қаржыландыру арқылы іске асырылып, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілердің бар қарыздарын өтеу үшін қаржыландыру арқылы болады. Осылайша, мемлекет кредиттік жүктемені жеңілдетіп, АШТӨ көбінің банкрот болуын болдырмауға мүмкіндік береді. Ол үшін 375,6 млрд. теңге қажет.
АӨК субъектілеріне тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қол жетімділігін арттыружөніндегі бағыт бойынша өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының өнім өндірісін, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуін және қамтамасыз етуші салаларын субсидиялау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруін арттыру АӨК инвестициялық жобалардың  рентабельділігін және тартымдылығын көтеруге қосымша ретінде кәсіпкерлердің шығынына ішінара өтемақы ретінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар Елбасының фермерлерді қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту тапсырмасын орындау мақсатында Бағдарламаға қаржылық институттар алдында АӨК субъектілерінің қарыздарын сақтандыру мен кепілдендіру жүйесін енгізу қарастырылған. Қазіргі өндірушілердің негізгі мәселелерінің бірі болып негізгі және айнымалы құралдарды толтыру үшін несиелік қайтарымдардың жоғары болуы. Бұл өз кезегінде тауардың өзіндік құнының өсуі мен бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне әкеледі. Бұл мәселені шешу мақсатында өндірушілерге берілген несие және лизинг бойынша субсидиялау қаржылық жүктемесінің мөлшерін төмендету қарастырылған.
«АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту»бағыты бойынша келесі міндеттерді шешу жоспарлануда: -фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту; - ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту; Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ашық және жабық топырақта өсетін мәдени көкөністер, бақша және жеміс өсімдіктерін өңдеуге биоагентер  (энтомофагов) мен биопрепараттар құнын төмендету үшін субсидиялар бөлінетін болады. Ветеринарлық бағыттағы көрсеткіштерді диагностикалық, емдік-профилактикалық, ликвидациялық шаралар есебінен және айтылған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастамалар есебінен, жалпы  ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру есебінен жүзеге асыру  жоспарланып отыр.
«АӨК мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру»бағыты келесі міндеттерден құрылған: - ауыл шаруашылығын агрохимиялық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру; - АӨК субъектілерін ақпараттық қамту жүйелерін дамыту; - ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорттық зерттеудің тиімділігін арттыру; - АӨК субъектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамыту; - ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту; - АӨК мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру; - органикалық ауыл шаруашылық өнімін өндіру және айналымын дамыту үшін жағдай жасау. Бағдарламаны 2013-2020 жылдарда жүзеге асыру үшін жалпы сомасы  3 122,2 млрд. теңгені құрайды.
Бағдарламаны жүйеге асырудан күтілетін макроэкономикалық және әлеуметтік нәтижелері:1) ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің физикалық көлемдерін 1,5 есе ұлғайту; 2) ауыл шаруашылығындағы қызмет ететін бір адамға еңбек өнімділігін 3 есе арттыру; 3) агроөнеркәсіптік кешенінің өнімін сатудан түскен экспорттық табысын 20 %-ға ұлғайту; 4) азық-түліктердің негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың азық-түліктік тәуелсіздігін 80%-дық деңгейде қамтамасыз ету; 5) салаға 10 трлн. астам жеке ақшалы қаражат  тарту. Бағдарламаның жүзеге асырылуы ауылды жерлерде бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасауға, салаға деген жеке инвестициялардың тартылуына, бюджеттен бөлініп жатқан қаражаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Агробизнес-2020

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016