Ауыл шаруашылығы

Жарма ауданының ірі ауылшаруашылық объектілері

«Қалбатау асыл тұқымды зауыты» ЖШС
Жарық ауылдық округінің Жарық ауылында орналасқан.
Басшысы: Ешмуратов Қуат Назарович 04.04.1952 жылы туған. «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-де жұмысшылар саны 137 адамды құрайды. Бекітілген ауылшаруашылық жерлерінің көлемі – 148 347 га. Оның ішінде егістігі – 9607 га, шабындығы – 8980 га, жайылымдығы – 120 542 га, қалғаны жері- 9218 га. Шаруашылық асыл тұқымды қазақтың ақ бас ірі қара малын өсірумен және асыл тұқымды мал басын сатумен айналысады. «Қалбатау» ЖШС ауыл шаруашылық мал басының саны 01.01.2016  жылға: ІҚМ – 1906 бас, оның ішінде сиырлар – 623, негізгі аталық мал – 61 бас, 2014-2015 жылғы төлдер сатуға дайындық үстінде. Жылқылар барлығы 300 бас. Сонымен қатар шаруашылық өсімдік шаруашылығы саласында дәнді дақылдармен мал азығы дақылдарын өндірумен айналысады.

«Шалабай» ЖШС
Шалабай ауылдық округінің Шалабай ауылында орналасқан.
Басшысы: Сулейменов Қуаныш Серказинович 14.09.1973 жылы туған. «Шалабай» ЖШС-де жұмысшылар саны 157 адамды құрайды. Бекітілген ауылшаруашылық жерлерінің көлемі – 42975 га, оның ішінде егістік – 3273 га, шабындық – 2945 га, жайылымдар – 35491 га, қалғаны – 1266 га. Шаруашылық асыл тұқымды қазақтың ақ бас ірі қара малын өсірумен және асыл тұқымды мал басын сатумен айналысады. Шаруашылықта 2016 жылдың 1 қаңтарына : ІҚМ барлығы – 2428 бас, оның ішінде сиырлар – 1191, қой-ешкі барлығы – 1930, саулықтары – 1479, жылқылар – 443 бас, оның ішінде аналық биелер – 138 бас мал тіркелген. Сонымен қатар шаруашылықта «Тұқым шаруашылығы» мәртебесі болғандықтан жоғары репродукциялы дәнді дақылдар тұқымын өндіреді. Өсімдік шаруашылығы саласында дәнді дақылдар мен қатар майлы дақылдар, мал азығы дақылдарын өсірумен айналысады.

«Динара» шаруа қожалығы
Қаратөбе ауылдық округінің Кеңтарлау ауылында орналасқан.
Басшысы: Шәріпов Кәкім Лұқпанұлы 07.03.1956 жылы туған. «Динара» шаруа қожалығында жұмысшылар саны 20 адамды құрайды. Бекітілген ауылшаруашылық жерлерінің көлемі – 4113 га, оның ішінде егістік - 627 га, шабындық – 316 га, жайылымдар – 3081 га, қалғаны – 89 га. Шаруашылық ауыл шаруашылық малдарын өсірумен айналысады. «Динара» ШҚ - да келесідей мал бастары бар: ІҚМ барлығы – 220 бас, оның ішінде сиырлар – 120, қойлар барлығы – 163, оның ішінде саулықтар – 120, ешкілер барлығы – 37, аналық ешкілер – 20, жылқылар барлығы – 60, оның ішінде аналық биелер – 20. Сонымен қатар шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығы саласында дәнді дақылдармен мал азығы дақылдарын өндірумен айналысады.

«Жас Канат» шаруа қожалығы
Қаратөбе ауылдық округінің Кеңтарлау ауылында орналасқан.
Басшысы: Рахимжанов Мұрат Серікұлы 22.09.1975 жылы туған. «Жас Канат» шаруа қожалығында жұмысшылар саны 15 адамды құрайды. Бекітілген ауылшаруашылық жерлерінің көлемі – 1683 га, оның ішінде егістік – 908 га, шабындық – 150 га, жайылымдар – 625 га. Шаруашылық ауыл шаруашылық малдарын өсірумен айналысады. «Жас Канат» ШҚ-да келесідей мал бастары бар: ІҚМ барлығы – 35 бас, оның ішінде сиырлар – 15, қойлар барлығы – 182, саулықтар – 120, ешкілер барлығы – 212, аналық ешкілер – 137, жылқылар барлығы – 54, оның ішінде аналық биелер – 20. Сонымен қатар шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығы саласында дәнді дақылдар, маылы дақылдарды өндірумен айналысады.

«Жасар» шаруа қожалығы
Бірлікшіл ауылдық округінің Қойтас ауылында орналасқан.
Басшысы: Негманов Жұмабек Аймұқашұлы 20.12.1958 жылы туған. «Жасар» шаруа қожалығында жұмысшылар саны 19 адамды құрайды. Бекітілген ауылшаруашылық жерлерінің көлемі - 4688 га, оның ішінде егістік – 1729 га, шабындық – 315 га, жайылымдар – 2523 га, қалғаны – 121 га. Келесідей ауылшаруашылық техникалары бар: комбайндар – 3, тракторлар – 7, жүк автокөліктері – 3, сеялкалар – 6, соқалар – 5, жер өңдегіштер – 4. Шаруашылық негізінен дәнді дақылдар мен май дақылдарын өсіру бойынша өсімдік шаруашылығымен айналысады.

«Қара Адыр» шаруа қожалығы
Үшбиік ауылдық округінің Үшбиік ауылында орналасқан.
Басшысы: Хасиев Хусан Баснакайұлы 15.04.1937 жылы туған. «Қара Адыр» шаруа қожалығында жұмысшылар саны 11 адамды құрайды. Бекітілген ауылшаруашылық жерлерінің көлемі – 9473 га, оның ішінде шабындық - 241 га, жайылымдар – 8921 га, қалғаны – 311 га. Шаруашылық асыл тұқымды ұсақ мал – «Байыс» қойын өсірумен айналысады. «Байыс» қойының барлық саны – 8177 бас, оның ішінде саулықтар – 6553, оның ішінде Элита класы – 5164, I класс – 1389 бас, ешкілер барлығы – 90, аналық ешкілер – 80, тұқым жалғастырушы текелер – 10, жылқылар барлығы – 50, аналық биелер – 22, тұқым жалғастырушы айғырлар – 2, бір жасқа дейінгі құлындар – 2, 1 жастан жоғары құлындар – 3, бір жастан үш жасқа дейінгі байталдар – 2, бір жастан үш жасқа дейінгі құнандар – 6, жұмыс аттары – 16.

«Тайлақ» шаруа қожалығы
Бірлікшіл ауылдық округінің Қойтас ауылында орналасқан.
Басшысы: Танабаев Сержан Ерсінбекұлы 19. 03. 1969 жылы туған. Бекітілген ауылшаруашылық жерлерінің көлемі – 7325 га, оның ішінде егістік – 240 га, шабындық – 362 га, жайылымдар – 6642 га, қалғаны – 81га. «Тайлақ» шаруа қожалығының негізгі бағыты қазақтың «Жабе» тұқымы жылқыларын өсіру. Қазіргі уақытта шаруашылықта осы тұқымдағы жылқылардың барлық басы – 396 бас, оның ішінде аналық биелер – 155 бас, элита классы – 84, I класс – 44, II класс – 27 бас. Сонымен қатар шаруашылық дәнді дақылдарды өсіру бойынша өсімдік шаруашылығымен айналысады.

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016