Ауыл шаруашылығы

Жарма ауданы бойынша 2015 жыл егілген егістік *.xls 93 kb
2015 жылы Жарма ауданы аумағының табиғи климаттық аймақтарна (зыоналарына) сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлеріне сәйкес оңтайлы себілу және аяқталу мерзімдері *.doc 38 kb
2015 жылы басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидалары *.doc 53 kb
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары *.doc 45 kb
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру, өңдеу және іске асыру тәртібі жөнінде ақпарат  
Жарма ауданы бойынша қайтаөңдеу кәсіпорындарының тізімі *.doc 37 kb

2015 жылғы Жарма ауданының ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы ақпарат

Ауыл шаруашылық саласында 542 шаруашылық құрылымы (528 шаруа қожалығы, 12 – ЖШС, 2 – мемлекеттік мекеме) немесе  2 037 адам жұмыс  істейді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 15 848 млн. теңгені құрап, 2014 жылдан1 031,0 млн.теңгеге немесе 7 пайызға артты. Табиғи көлем индексі 101,9 пайызды құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы өнімі 5 пайызға артып, 11 993 млн.теңгені құрады(немесе 76 пайыз), өсімдік шаруашылығы өнімі 3 855 млн.теңгені құрап, 14 пайызға ұлғайды(немесе 24 пайыз).Ет өндірісі 15 813 тоннаны құрап, 1 096 тоннаға артты (7,5 пайыз), сүт өндірісі - 52 371 тоннаны немесе 100 пайызды құрады, 3 619 мың дана жұмыртқа  алынып, 5,1 пайызға артты.
Ірі қара мал басының саны 79 765 басты (3,5 пайызға артты),қой мен ешкі 203 980 басты (6,4 пайызға кеміді), жылқы 21 869 басты (6 пайызға артты) құрады.
Салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылып, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын-Асық» бағдарламалары шеңберінде жалпы 715 асыл тұқымды ірі қара, қой, жылқы малдары, шаруашылықтардың мал бастарын асылдандыру мақсатында - 201 бас асыл  тұқымды бұқалары  және 92 бас асыл  тұқымды  құнажындары сатып алынды. Мал шарушалығының дамуына жалпы 254,7 млн.теңгені құрайтын субсидия төленді.
Қалбатау ауылдық округіне қарасты «Айдын» шаруа қожалығы 50 басқа арналған сүт тауарлы фермасында қайта жарақтау жұмыстарын жүргізді.
Бірлік ауылында халықтан сүт жинау жұмыстары ұйымдастырылып, сүт қабылдау пунктінің жұмысы басталды.
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығы саласында егістік алқаптарын игеру нәтижесінде: дәнді дақылдар 12 821 гектарға егіліп, 2014 жылғы деңгейден 129 га ұлғайған.Дегенмен, орташа түсімділіктің кемуіне байланысты (7,3 цн/га - 2015 жыл, 10 цн/га – 2014 жыл)жалпы жиналған өнім 8 754 тоннаны құрап, 3 937 тоннаға немесе 31 пайызға азайды.
Күнбағыс 3 901 гектарға егіліп, өткен жылғы деңгейден 3 697 га немесе 49 пайызға кеміген. Орташа түсімділік 5,1 центнерді құрап, 1 734 тонна өнім алынды.  Картоп алқабы 189 га немесе 33 пайызға кеміп, 367 гектарға отырғызылды. 4 048 тонна өнім жиналып, өткен жылдан 4 776 тоннаға немесе 54 пайызға азайды.
Өсімдік шаруашылығына элиталық тұқым, гербицидтер сатып алуға, өнім сапасы мен түсімділігін арттыруға жиыны 51,8 млн. теңге бөлінді.
Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту бағытында 65 шаруашылықта жалпы 264 млн.тенгені құрайтын 116 бірлік ауыл шаруашылық  техникасы   лизинг  арқылы сатып алынды.

 

2014

2013
Парақтар өзгертілді: 06-04-2017