|
Жаңалықтар
Кіші биотлон жарысы өтті
Ауданымыздың аумағында орналасқан «Мейірім» спорттық – сауықтыру лагерінде ақпан айының аяғында аудандық кіші биатлон жарысы өтті. Жарысқа мемлекеттік мекемелер мен мектеп ұжымдарының командалары қатысты.
Барлығы 12 мекеменің сайыскерлері мылтық ату және шаңғымен жүгіру спорт түрлерінен сынға түсті. Нәтижесінде, I - орынды Маяковский орта мектебі өз қоржынына салса, II - орынды Абай мектеп- гимназиясы, ал III - орынды Георгивка орта мектебі иеленді. Сонымен қатар, «Үздік шаңғышы» және «Жеңіске деген құштарлық үшін» атты номинациялар иелері белгіленіп, сыйлықтар таратылды.
|