Сайт бойынша іздеу
Жаналықтарға жазылу
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Жаңалықтар

Жауапкершілік танытып келеді

Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік қаржы дағдарысын еңсеру жолындағы маңызды да тарихи құжат ретінде қабылданып, өз сатысымен жүзеге асу үстінде. Бұның бүгінгі тың серпілістері аудан деңгейінде де әлеуметтік тұрғыдан көрініп, осы негізде жергілікті жерлерде «Жол картасы» жобасы аясында жұмыссыздықты азайту, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері мейлінше шешілуде.

Халық қалаулылары өздеріне қарасты сайлау округтерінде жобаға енген нысан жұмыстарының басы-қасынан табылып, халық игілігіне бағытталған бағдарламаның толық орындалуын жіті қадағалады. Осындай игілікті істе өз жауапкершілігімен танылған №14 сайлау округінен сайланған Берікхан Әмірханұлы Төлеутаевты атап өтуге болады. Ол бойындағы білімі мен біліктілігін сайлаушыларының үмітін ақтау үшін толық жұмсайтын белді азаматтарымыздың бірі. Депутат еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатында бастап, уақыт өте келе Шар өңірінде әр салада жұмыс атқарып, Киров атындағы кеңшарды басқарды. Жауапты жұмысты атқара жүріп, бірнеше рет аудандық партия комитеті мүшесі, ауылдық кеңес депутаты болып сайланады. 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жоғары білімді зооинжинер «Руслан» шаруа қожалығын басқарып, жұмысын дөңгелетіп келеді.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы. Депутаттың міндеттері мен сайлаушылары алдындағы бағдарламасының орындалуына аса ынтамен қарайтын ол, өз сайлау округінен «Жол картасы» бағдарламасына кірген мемлекеттік тас жолдан Терістаңбалы ауылы, Қоңырбиік- Асқарлы және Суықбұлақ – Жайма бағытындағы тасжолдарының жөндеу жұмыстарына баса көңіл бөлді. Ендігі кезекте депутат жергілікті атқарушы билік өкілдері алдында мемлекеттік тас жол мен Қоңырбиік ауылы бағытындағы тас жолы мәселесін алға қойып отыр. Аталған бағыттағы жол сын көтермес жағдайда екендігін ескере отырып, 2010 жылдың бағдарламасына енгізу мәселесін көтеріп отыр. Сондай – ақ, Суықбұлақ ауылынан станцияға дейінгі жолдың бүгінгі жағдайын көтерген депутат, бұл ретте ауыл мектебіне қатынайтын оқушылар ауыртпалығын көріп отырғандығын негізге қойып жөндеу жұмыстары қажеттігіне алға қоюда. Сайлаушыларды алдында алға қойған міндеттерін іске асыру жауапкершілігін сезінген депутаттың алға алар асулары ауқымды екені сөзсіз.

 

Copyright © 2007-2010
070600, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Жарма ауданы Қалбатау ауылы,
Достық көшесі, 105 Жарма ауданы әкімінің аппараты
Сайт әкімшілігінің телефоны: (72347) 65-279
e-mail: zharma-info@mail.ru