Сайт бойынша іздеу
Жаналықтарға жазылу
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Жаңалықтар

Ұлттық валюта күні аталып өтті

Елімізде қараша айының 15 жұлдызы Ұлттық валюта немесе қаржыгерлер күні ретінде аталып келеді. Аталған мереке елімізбен қоса ауданымызда да жыл сайын аталуда.

Биылғы жылы да қараша айының 13 күні аудан әкімінің мәжіліс залында аудан округтары мен ірі мекемелерінің есепшілеріне арналған салтанатты жиын өткізіліп,  құрмет көрсетілді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Н.Шалтабанов жүргізіп, барлық жиналған қаржыгерлерге сәттілік тіледі. Сонымен қоса, әр қаржыгерге мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері Жарма аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Жанаеваның атынан алғыс хат ұсынылып, сыйлықтар таратылды. Округ әкімдері де өздерінің ізгі тілектерін жолдады.

 

Copyright © 2007-2010
070600, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Жарма ауданы Қалбатау ауылы,
Достық көшесі, 105 Жарма ауданы әкімінің аппараты
Сайт әкімшілігінің телефоны: (72347) 65-279
e-mail: zharma-info@mail.ru