2009 жылдың 5 қарашасы күні аудандық мәдениет үйінде аудандық «Шабыт» жас таланттар байқауының қорытынды бөлімі өтті. Байқауға ауданға қарасты әкімшілік-аумақтық округтардан келген өнерпаздар вокал және хореография жанры бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен Бірлікшіл ауылдық округінің намысын қорғай келген жас өнерпаз бильханова Рыскүл вокал жанры бойынша I орынға ие болып, бағалы сыйлықпен және дипломмен марапатталды. II орынды екі өнерпаз: Аршалы ауылынан Нұрсағиұлы Мамбетхан және Шар қаласынан Шалқарұлы Қуандық иеленді. III орынды Үшбиік ауылынан келген Елемесов Бейсенгелді мен Шар қаласынан келген Көшербаев Қанат бөлісті. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықпен және дипломмен марапатталды.
070600, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Жарма ауданы
Қалбатау ауылы,
Достық көшесі, 105
Жарма ауданы әкімінің аппараты
Сайт әкімшілігінің телефоны: (72347) 65-279
e-mail: zharma-info@mail.ru