Ағымдағы жылдың 20 қазаны күні сағат 11.00 – де Астана қаласында «Қазақ елі» архитектуралық-мүсіндік кешенінің ашылу салтанаты болды. «Қазақ елі» монументінің биіктігі – 91 метр, ал кешеннің жалпы көлемі – 5,2 гектар жерді алып жатыр. Кешендегі композициялық бейнелерден ұлттық идеяның төрт негізгі бағытын байқауға болады.
Орталық барельефте бейнеленген Қазақстанның Тұңғыш Президенті арқылы Тәуелсіздік ұғымын
«Қаһармандық» барельефінен сақ дәуірінен басталып хронологиялық желімен өрбитін Қазақстан жауынгерлерінің айбынды бейнелері арқылы Отан қорғау әр адамның борышы екендігін
«Жасампаздық» барельефі арқылы ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, сол арқылы жетістіктерге жету
«Болашақ» барельефі арқылы болашақ ұғымы ұлтты дамытудың басты идеясы екенін көрсетеді.
070600, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Жарма ауданы
Қалбатау ауылы,
Достық көшесі, 105
Жарма ауданы әкімінің аппараты
Сайт әкімшілігінің телефоны: (72347) 65-279
e-mail: zharma-info@mail.ru