|
Аудан әкімі
Құрметті достар!
Жарма ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер.
Бүкіл республикамен қатар Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы да шұғыл дамып келеді. Экономика біртіндеп дамуда, мәдени және спорт өмірінде айтарлықтай табыстар байқалып, кіші және шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын жармалықтар саны өсуде. Қазақстан Республикасының Президенті жоспарлаған «Қазақстан 2030» стартегиясының ажырамас бөлігі болып табылатын әлеуметтік бағдарламалар табысты жүзеге асуда.
Жарма жері пайдалы қазбаларға бай, олардың ары қарай игерілуі үшін индустриалдық-инновациялық «шұғыл алға жылжу» жобаларын іске асыру басталды.
«Электрондық әкімшілік» идеясын жүзеге асырудағы алғашқы қадам – қазіргі сайт болып табылады, мұнда әрбір пайдаланушы, аудан тұрғыны, кәсіпкер мен инвестор барынша мөлшерде ақпарат алып, қойылған сұраққа жауап ала алады.
Біздің сайт ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ жергілікті атқару органдары қызметіне жағдай жасайтынына сенемін.
Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!
Жарма ауданының әкімі Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов |
Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов
1957 жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жарсу селосында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.
1981 жылы Томск инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-экономист-менеджер біліктілігін алып бітірген.
Еңбек жолын 1974 жылы “Қарабұлақ” кеңшарында жұмысшы болып бастады.
1981 жылы облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында инженер, одан кейін осындай қалалық құрылымда бас инженер болып істеді.
1986 жылдан қалалық коммуналдық шаруашылығы бірлескен кәсіподағы төрағасы лауазымында қоғамдық жұмыста.
1989 жылдан ШҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өндірістік бірлестігінің жетекші инженері болды. Одан кейінгі жеті жылда Өскемен қаласы Октябрь аудандық әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды.
1996 жылдан бастап ШҚО құрылыс және сәулет басқармасында сектор меңгерушісі, бөлім бастығынан басқарма бастығының орынбасары қызметтік сатысынан өтті.
2007 жылы наурыз айынан облыстық құрылыс басқармасының бастығы.
2008 жылдың тамызынан облыс орталығының әкімі.
2009 жылдың 11 сәуірінде Жарма ауданының әкімі болып тағайындалды.
Міндеттерді бөлу:
Аудан бойынша жалпы бақылау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік қүқықтық актілерді, облыс әкімінің шешімдерімен өкімдерді орындау жөнінде стратегиялық және ағымды міндеттерді, ауданның экономикалық және әлеуметтік даму міндеттерді шешу, басқару құрылымын оңтайландыру. Кадрлық саясатты жүргізеді.
Бюджетті қалыптастыру жұмысын басқарады, жергілікті бюджетке кірістерді уақытында түсетіндігіне бақылау жасайды және бекітілген бюджеттік бағдарламаларына сәйкес бюджет құралдарын пайдалануын қамсыздандырады.
Тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы жоғары органдарға ұсыныс енгізеді.
Аумақтық бірліктер әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді.
Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі қүрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді.
Прокуратура, сот, ішкі істер бөлімі, үлттық қауіпсіздік комитетінің органдары, қаржы полициясы аралығында ұйымдастыру байланысын жүзеге асырады.
Қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің жүмысын бақылайды.
Қабылдау күндері: Дүйсенбі сағ 14-00ден 18-00-ге дейін
Телефон: 872347-65-222. |