|
|
 |
 |
|
Құрметті достар!
Жарма ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер. Бүкіл республикамен қатар Шығыс Қазақстан об-
лысы, Жарма ауданы да шұғыл дамып келеді. Экономика біртіндеп дамуда, мәдени және спорт...
|
|
|
Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік қаржы дағдарысын еңсеру жолындағы маңызды да тарихи құжат ретінде қабылданып, өз сатысымен жүзеге асу үстінде. |
| |
|
|
Елімізде қараша айының 15 жұлдызы Ұлттық валюта немесе қаржыгерлер күні ретінде аталып келеді. Аталған мереке елімізбен қоса ауданымызда да жыл сайын аталуда.  |
| |
|
|
Құрметті ағайын! Жарма ауданының және Шар қаласының 80жылдық мерейтойларынан кейінгі есте қалатын елеулі оқиғалардың бірі ретінде Жарма ауданынан шыққан тұлға Төлеуғазы Молдағалиұлы Бүркітовтың тұғанына 70 жыл болуына байланысты Шар қаласының бір көшесіне марқұмның аты беріліп, ескерткіш тақта орнатылып, ашылу салтанаты болмақ.  |
| |
|
|
2009 жылғы 12 қараша күні Қалбатау ауылының тұрғындары тағы бір ауданның елеулі оқиғасының куәсі болды. Ауылдағы үлкен көшелердің бірі болып саналатын Ханым көшесіне ауыл шаруашылығы саласына еңбек сіңірген қызметкер Жұмағазы Келденов есімі берілді. |
| |
|
|
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылғы 4-11 қараша аралығында Ұлттық бірлік доктринасын және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында... |
| |
|
|
2009 жылдың 5 қарашасы күні аудандық мәдениет үйінде аудандық «Шабыт» жас таланттар байқауының қорытынды бөлімі өтті. Байқауға ауданға қарасты әкімшілік-аумақтық округтардан келген өнерпаздар вокал және хореография жанры бойынша сайысқа түсті. |
| |
|
|
«Теньши» ЖШС- гінің әктас өндіру жөніндегі инновациялық жобасы өңіріміздің ғана емес, еліміздің түрлі-түсті металлургиясы үшін де қажеттігі бар жоба болып табылады. Бүгінгі таңда кәсіпорында 18 тонна әктас өндіріліп, бұрғылау жұмыстары жоғарғы қарқынмен орындалуда. Биылғы жазда зауытта толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмысшыларға жақсы жағдай жасалынды. |
| |
|
|
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылғы 4-11 қараша аралығында Ұлттық бірлік доктринасын және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында қойған міндеттерін түсіндіру үшін облыстық ведомствоаралық ақпараттық – насихат топтарының қалалар мен аудандарға сапарлары жоспарланып отыр. |
| |
|
|
2009 жылдың 30 қазаны күні Қалбатау ауылының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратында «Әлеуметтік қызметкер - 2009» атты конкурс өтті. Конкурсқа әр округтердің әлеуметтік қызметкерлері қатысып, белгіленген шарттарға сәйкес сайысқа түсті. |
| |
|
|
Ағымдағы жылдың 20 қазаны күні сағат 11.00 – де Астана қаласында «Қазақ елі» архитектуралық-мүсіндік кешенінің ашылу салтанаты болды.  |
| |
|
|
Өткен аптада Шар қаласында тағы бір көше өзінің бұрынғы атын өзгертті. Енді қаладағы Чапаев көшесі жерлесіміз Жағыпар Орынбайұлының атымен аталып жүр. Бұл жағдайды жерлесіміздің туыстары ғана емес, бірге жұмыс атқарғандардың барлығы да асыға күткен еді.  |
| |
|
|
Былтырғы жылғы орақ орудың көшбасшысы атанған «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС басшысы Саят Қамбаров үстіміздегі жылы да өз нәтижесін төмендетпек емес.  |
| |
|
|
| |
Тұтынатын тауарлардың баға өсімі байқалама? |
|
| |
|
 |
Нәтиже |
 |
|
|
|